Бастомар селолық округі



Дата27.02.2016
өлшемі38.95 Kb.
#28727
Бастомар селолық округі
Бастомар селолық округінде 2 елді мекен бар:

Бастомар және Екатериновка, онда 609 адам өмір сүреді. Оның ішінде 77 адам- зейнеткерлер, 15 жасқа дейінгі балалардың саны 112 адам.

Қазақтар – 23%, орыстар 55%, украйндар11%, басқа ұлттар 11%. Селолық округте А.Я. Кенихтың басқаруымен «Отандостар» мәдени орталықтың ашылғанына екі жыл өтті.

Бастомар селолық округінде 2-жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 26- шаруа қожалығы бар. ауыл шаруашылығында пайдаланатын жер көлемі 23676 гектар, оның ішінде егістік жер 19040 га. 2010 жылы ауылшаруашылығы жерінде ауа-райына қарамстан жақсы өнім алынды, орташа егін шығымдылығы 15,4 центнерден айналды.

2010 жылдың 1 каңтарына округте 181 аула есепте бар, онын ішінде 17-де қосалқы шаруашылығы жоқ, олардың көбі қарт адамдар. Жеке шаруашылықта қара малдың саны 346 бас, оның ішінде 171 бас сиыр , 100 бас жылқы, 373 бас қой, шошқа 515 бас, құстың саны 3,1 мың дана.

Өзінің малы бар тұрғындар өздерін азық-түліқпен қамтамасыз етеді. Азық- түліктің артығын сатады. Сол үшін ШҚ «Садуов М.А.» сүт сатып алуды ұйымдастырған, және де етті, теріні, жұмыртқаны жеке кәсіпкер И.А. Фиксель сатып алады. Азық-түлік үшін олар халықпен уақытында есеп айырысып отырады. Халық облыс орталығындағы жәрмеңкеге қатысып өз өнімдерін сатуға мүмкіндіктері бар.

2010 жылдың жазы өте құрғақ болды. Алайда шаруашылық басшылары әр үйге шөп, сабанды толығынан жеткізіп берді. Жекеменшік үйлер азықпен толығымен қамтамасыз етілді. Жер үлесіне ұн үкітіретін бидай және жем берілді. Мемлекеттің саясаты әр адамның өмір деңгейін көтеру болып табылады.

Селолық округі бойынша барлық салық түрлерін толықтыру үшін жұмыс жүргізілді: жер салығы 66 мың тенге көлемінде жиналды, мүлік салығы – 23 мың тенге, автокөлік салығы – 323 мың тенге бір реттік талон салығы – 39,9 мың тенге, яғни селолық округ аудан бюджетінің кіріс бөлігін орындауда өзінің үлесін қосады.

ШҚ бастықтарымен тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша аудандық бағдарлама орындалуда. Округтің есебі бойынша 412 адам экономикалық белсенді тұрғындар. Жыл басынан – 36 адам жұмысқа орналасты. Биыл Жол Картасы бойынша уақытша жұмысқа 8 адам орналасты.

167- адам округте жұмыс істейді, ауыл шаруашылығында олардан -106 адам, жеке тұлғалардан – 6, 55 адам – мектепте, әкімшілікте, поштада. Басқалары өздерінің жеке шаруашылықтарын ұстайды. 18 жасқа дейінгі балаларына ай сайын жәрдем ақы алатын күн көрісі төмен азаматтар анықталды. Ондай жанұя бізде 11 адам. Арнаулы атаулы көмекті биылғы жылы 1 жанұя алды.

1 қазан қарттар және мүгедектер күнін атап өту бізде жақсы дәстүрге айналды, оған барлық мекемелер, шаруа қожалықтар және жеке кәсіпкерлер қатысады. Қарт адамдар және мүгедектер айлығын өткізу кезінде 2010 жылғы 1 қазаннан 1 қарашаға дейін барлық кәсіпорындар және шаруашылықтар азық – түлік түрінде, ақшалай, және мал азықтарымен 123,5 мың тенге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетті..

Әлеуметтік сұрақтарды шешуде әкімшілік аппараты өз қызметінде шаруа қожалықтарына сүйенеді, олар тұрғындардың проблемаларын шешуге көмектеседі.

Нарықтық экономиканың қарқынды дамуының жағдайында селолық округта 4 жеке дүкен бар. Бұл біздің тұрғындардың жақсы өмірге деген ұмтылысының айғағы. Дүкендерде күнделікті сұраныс тауарлары, азық-түлік өнімдерді сатылады.

Округте білім ордасы Бастомар орта мектебі болып табылады. Ол телефондалған қомпютермен қамтамасыз етілген. 75 оқушы оқумен қамтылған. Мектепте ыстық тамақ ұйымдастырылған, бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады. Бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруды кәсіпкерлер мен шаруашылықтар өз міндеттеріне алды. Мұқтаж балаларға Мектеп қорынан көмек көрсетіледі. Мектеп оқушыларының қүшімен картоп, жеміс-жидек отырғызылып, жақсы өнім алынды, олардың барлығы мектепте ыстық тамақ ұйымдастыруға жұмсалады.

2010 жылы Жол Картасы бойынша мектептің төбесі жөнделді, өрт сөндіру сигнализациясы қойылды.Жергілікті бюджеттің есебінен үшінші қабат жөнделді, есіктер, әйнектер қойылды. ШҚ «Калиниченко» есебінен үшінші қабаттың жылыту жүйелері жөнделді.

Бастомар орта мектебінде жаңа технологияны енгізу, белсенді оқу тәсілі арқасында оқушылар жақсы жетістіктерге жетті. 2010 жылдың ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 90,16 болды. бесеуі мектепті аяқтаған 12 түлектің бесеуі СҚМУ-ға грантқа түсті.

Тұрғындардың денсаулығын сақтап және нығайтуға көп көніл бөлінеді. Бастомар селосында фельдшерлік пункт жөндеуден өткізілді. ФП орта медперсоналмен қамсыздандырылған, және де Возвышен селолық ауруханасымен және Булаев аудандық ауруханасымен тығыз байланыста. Ай сайын фельдшерлік пунктте Возвышен селолық ауруханасының дәрігерлер бригадасы жұмыс істейді.

Екі елді-мекеннің су кұбыры арқылы орталықтан су келеді. Суды қолданғаны үшін төлем төленеді. Құдықтарға және су жүйелеріне күтім мен жөндеу өткізіледі.

Бастомар селолық округінде абаттандыру тазалу жөнінде біраз жұмыстар істелінді. «Калиниченко А.А.» шаруашылығы Бастомар селолының жолдарын тегістеді. 20 үйдің шарбақтары жөнделді. Мектеп жұмысшыларының көмегімен обелиск түзетілді. Селолық округ мекемелерінің маңайына гүлдер отырғызылды.

Село мен мектептің спорттық өмірі туралы ерекше айтқым келеді. Бізде стадион, хоккей, футбол ойнайтын аулалар бар. Қысқы уақытта мұз айдыны жұмыс істейді. Спорттық киімдер бар. Селолық округтің командасы аудандық Ақ – Бидай 2010 ойындарында волейболдан және футболдан жеңімпаз. Спорттан біздің оқушыларда қалыспайды, олар аудандық жарыстарда бірінші орын алып жүр, және сондайақ облыстық жарыстарға қатысады.



Құрметті округ тұрғындары сіздерді 2010 жылғы есепті кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулердің орындалуы туралы хабардар етуге рұқсат етіңіздер.

Медициналық пункттегі дәріханада дәрі –дәрмектердің түрлері артты. «Жетісу-Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Екатериновка селосының үлескерлерімен пайларына бидай, ал Бастомар селосының үлескерлерімен ақшалай есеп айырысты. ШҚ «Шаймерденов Б.К.» үлескерлермен бірдей есеп айрылысты. Ұялы байланыстың жақсару мәселесі ашық қалып отыр. «Актив» ұялы байланысы жақсы істейді, «Билайн» ұялы байланысын жақсарту қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет