ІV тарау. Мәселе есептер. §4.1. АДАМ ЖАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСЕПТЕР 1. Әкесінің жасы баласының жасынан 4 есе үлкен, ал 20 жылдан кейін баласының жасынан 2 есе үлкен болады. Қазір әкесі қанша жаста?
A)60
B)48
C)36
D)40
E)52
2. Әкесі 32 жаста. Баласы 5-те. Қанша жыл бұрын әкесі баласынан 10 есе үлкен болды?
A)4
B)3
C)2
D)1
E)5
3. Асан 11 жаста, ал Үсен 1 жаста. Қанша жылдан кейін Асан Үсеннен
3 есе үлкен болады?
A)6
B)4
C)5
D)7
E)9
4. Ағасы 12 жаста және ол қарындасынан 3 есе үлкен. Қанша жылдан кейін ағасы қарындасынан 2 есе үлкен болады?
A)9
B)8
C)5
D)7
E)4
5. Қазір әкесі 38 жаста. Баласы 15-те, қызы 5-те. Қанша жылдан кейін баласы мен қызының жастарының қосындысы әкесінің жасына тең болады?
A)18
B)21
C)19
D)20
E)23
6. Әкесі баласынан 28 жас үлкен. 9 жылдан кейін әкесі баласынан 3 есе үлкен болады. Баласы қанша жаста?
A)6
B)4
C)7
D)5
E)8
7. Анасы қызынан 8 есе үлкен, ал 4 жылдан кейін ол қызынан 4 есе үлкен болады. Қазір қызы нешеде?
A)5
B)3
C)6
D)4
E)7
8. Анасы баласынан 3 есе үлкен, ал әкесі анасынан 4 жасқа үлкен.
Барлығының жастарының қосындысы 81-ге тең. Әкесі неше жаста?
A)34
B)48
C)36
D)40
E)37.
9. Бес адамның жастарының қосындысы 43-ке тең. 5 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы нешеге тең болады?
A)48
B)38
C)58
D)68
E)78
10. Анасының жасы қызынан 2,5 есе үлкен, ал баласынан 2 есе үлкен. Барлығының жастарының қосындысы 76-ға тең болса, баласының жасын табыңыз.
A)20
B)40
C)30
D)50
E)60
11. Ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы 27-ге тең. 9 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы нешеге тең болады?
A)36
B)18
C)45
D)55
E)46
12. Немересі атасынан: “Ата, сіз неше жастасыз?” деп сұрады.
Атасы: “Егер менің жасыма жасымның жартысын, төрттен бірін және 3-ті қоссаң, онда 136 шығады” деп жауап берді. Атасының жасын табыңыз.
A)72
B)78
C)76
D)74
E)68
13. Ұлы 7 жаста, әкесі 31 жаста. Неше жылдан соң әкесінің жасы ұлының жасынан үш есе артық болатынын анықтаңыз.
A)7
B)4
C)5
D)6
E)3
14. Үлкен отбасыда он адам бар және олардың жастарының қосындысы 187-ге тең. Бір жылдан кейін олардың жастарының қосындысы нешеге тең болатынын табыңыз.
A)188
B)197
C)198
D)223
E)177
15. Атасы 58 жаста, оның баласы 32 жаста, немерелері 11 жаста, 7 жаста. Неше жылдан кейін атасының жасы баласы мен немерелерінің жастарының қосындысына тең болады?
A)6 жыл
B)4 жыл
C)3 жыл
D)8 жыл
E)5 жыл
16. Егер 2 жыл бұрын ағасы қарындасынан 2 есе, ал 8 жыл бұрын 5 есе үлкен болса, қазір ағасы неше жаста?
A)16
B)21
C)13
D)28
E)18
17. Отбасында төрт бала бар. Олар 3 жаста, 5 жаста, 9 жаста және 15 жаста. Меруерттің жасы Еңліктің жасына еселік сан. Арай мен Еңліктің жастарының ең кіші ортақ еселігі Сағидың жасына тең. Кім неше жаста?
A) Меруерт – 9 жаста, Еңлік – 5 жаста, Арай – 3 жаста, Сағи – 15 жаста
B) Меруерт – 15 жаста, Еңлік – 5 жаста, Арай – 3 жаста, Сағи – 9 жаста
C) Меруерт – 3 жаста, Еңлік – 9 жаста, Арай – 5 жаста, Сағи – 15 жаста
D) Меруерт – 9 жаста, Еңлік – 3 жаста, Арай – 5 жаста, Сағи – 15 жаста
E) Меруерт – 9 жаста, Еңлік – 3 жаста, Арай – 15 жаста, Сағи – 5 жаста
18. Әкесіне 50 жас, ал ұлына 20 жас. Бұдан неше жыл бұрын әкесі ұлынан 3 есе үлкен болып еді?
A)3
B)4
C)5
D)6
E)7
19. Екі адамның 8 жыл бұрынғы жастарының қосындысы 47-ге тең. Олардың 4 жылдан кейінгі жастарының қосындысы нешеге тең болады?
A)68
B)72
C)67
D)74
E)71
20. Бес адамның жастарының қосындысы 124. 6 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы нешеге тең болатындығын табыңыз.
A)148
B)168
C)134
D)130
E)154
21. Марат пен әкесінің туған күні бір күнге түседі. Қазір Марат әкесінен 7 есе кіші. Ал 5 жылдан кейін әкесі Мараттан 4 есе үлкен болады. Марат қазір неше жаста?
A)8
B)4
C)5
D)6
E)7
22. Әкесі мен баласының 5 жыл бұрынғы жастарының қосындысы 50-ге тең. Олардың 5 жылдан кейінгі жастарының қосындысы қаншаға тең болады?
A)50
B)70
C)65
D)80
E)90
23. 13 жылдан кейін 4 баланың жасының қосындысы 97 болады. 7 жылдан кейін балалардың жасының қосындысы неше болады?
A)77
B)89
C)97
D)73
E)90
24. 5 жыл бұрын әкесі мен баласының жастарының қосындысы 70-ке тең болды. Олардың алты жыл бұрынғы жастарының қосындысы қанша болғанын табыңыз.
A)68
B)69
C)65
D)63
E)67
25. Анасы 42 жасқа келгенде үлкен қызы 19, ортаншысы 11, кенжесі 2 жасқа толды. Қанша уақыттан кейін шешесінің жасы үш қызының жасының қосындысына тең болады?
A)8 жылдан кейін
B)5 жылдан кейін
C)7 жылдан кейін
D)6 жылдан кейін
E)9 жылдан кейін
26. Нұрсұлтан Нұрболдан 8 жас кіші. 5 жылдан кейін Нұрбол Нұрсұлтаннан екі есе үлкен болады. Олардың қазіргі жастарын табыңыз.
A)4 және 12
B)5 және 13
C)7 және 15
D)2 және 10
E)3 және 11
27. Айдархан Әлиханнан 7 жасқа үлкен және Нұрболдан 3 жасқа кіші. 4 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы 68 болса, Айдархан мен Нұрболдың қазіргі жастарының қосындысын табыңыз.
A)42
B)56
C)52
D)43
E)58
28. Қызы анасынан төрт есе кіші. Әкесі анасынан 6 жасқа үлкен. 5 жылдан кейін үшеуінің жастарының қосындысы 75-ке тең болса, әкесі мен анасының қазіргі жастарының қосындысын табыңыз.
A)53
B)55
C)52
D)54
E)57
29. Отбасында үш адам бар: әкесі, анасы және баласы. Баласының жасы анасының жасынан үш есе кіші. Ал анасы әкесінен 6 жасқа кіші. 8 жылдан кейін олардың барлықтарының жастарының қосындысы 93-ке тең болады. Әкесі мен баласының қазіргі жастарының қосындысы неге тең?
A)43
B)45
C)42
D)44
E)47
30. Асқардың жасы Нұрболдың жасынан 2 есе үлкен. Ал Олжас Асқардан
7 жасқа үлкен. 11 жылдан кейін үшеуінің жастарының қосындысы 60-қа тең болса, Олжас пен Асқардың қазіргі жастарының қосындысын табыңыз.
A)23
B)25
C)22
D)24
E)27