«Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» рмм-сі мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың бос орнына осы мемлекеттік органның қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды. 090000, Орал қ., Ж



Дата08.07.2016
өлшемі40.64 Kb.
#184442




«Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ-сі мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың бос орнына осы мемлекеттік органның қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды. 090000, Орал қ., Ж.Досмухамбетов көшесі 16, Анықтама үшін телефон (факс) 8 (7112) 51-00-06, E-mail: i.kadry.zko@mid.gov.kz:



  1. Автомобиль көлігіндегі бақылау бөліміне бас маман («С-О-5» 1 бірлік).

Лауазымдық жалақысы қызмет өткен жылдарына сәйкес 83 282 (min) теңгеден 112 430 (max) теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Рұқсаттық жүйесі бойынша талаптарының орындалуын бақылауды, автокөлік құралдарының салмақ және көлем өлшемдерін бақылауды, тасымалдауын жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың қызметін, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауын жүзеге асыратын, қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың автокөлік құралдары мен есептік құжаттарын бақылауды, арнайы рұқсаттар беруді, жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау құқығына конкурс алдындағы және конкурстық комиссия құрамына қатысуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар тарапынан көлік заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау. Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзушылық» заңнамаларына сәйкес туралы іс жүргізуді жүзеге асырады және хаттама толтырады, сонымен қатар әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша өндірістік қамтамасыз ету шараларын жүзеге асырады.


Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Білімі бойынша: Жоғары «құқық» немесе «әлеуметтік ғылымдар және бизнес» немесе «техниқалық ғылымдар және технологиялар» немесе «қызмет көрсету» бойынша білім. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуі бойынша: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Мынадай құзыреттердің бар болуы қажет: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;


Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

    3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Конкурс ҚР мемлекеттік қызмет істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Бұйрығының негізінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:


  1. Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. Сәйкестендендірілген қызметтің (кадр қызметі) куәландырған қызметтік тізім.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күн ішінде ұсынылуы керек. Конкурс комиссиясының қарауына қабылдау мерзiмiнде қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (құжат тігілетін мұқабада орналастырылған) немесе i.kadry.zko@mid.gov.kz электронды почта, не электронды Үкімет порталы «E-gov» немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы жіберілген құжаттар қабылданады.

Азаматтар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей береді.

Осы құжаттардың түпнұсқалары берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толықтай ұсынылмауы оларды конкурстық комиссияның қараудан бас тартуына негіз болады.
Әңгімелесу жері мен уақыты:

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар одан кандидаттарды әңгімелесуге жіберу

туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған Батыс Қазақстан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы РММ-де өтеді.


Бақылаушылар және сарапшылыр бойынша мәлімет:

Конкурстық комиссия жұмысының әділ және ашықтығын қамтамасыз ету үшін оның отырысына бақылаушылар мен сарапшылар шақырылады.


Ішкі конкурстың нәтижесіне шағымдану:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның шешімінің нәтижесіне уәкілетті органға немесе аумақтық бөлімшесіне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет