Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен бекітілген



Дата05.07.2016
өлшемі243.41 Kb.
#179002
1

Жоба
 Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

шешімімен бекітілген
Орал қаласы аумағында жануарларды

күтіп-ұстау, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю Қағидасы

1 тарау. Жалпы ережелер

1. Орал қаласы аумағында жануарларды күтіп - ұстау, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю туралы осы Қағида (әрі карай- Қағида) негізінде Орал қаласы аумағында жануарларды күтіп-ұстауын, ауыл шаруашылығы жануарларын жаюын белгілейді.

2. Қағида меншіктік нысанына қарамастан, жануарларды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты.

3. Қағида Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 240, 287, 310, 323, 439, 473, 488 баптарына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 276 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10, 22, 25, 30, 32 баптарына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңына сәйкес дайындалып, жасалды.

4. Осы Қағидада төмендегі түсініктер қолданылды:

1) аймақ - жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотия жағдайымен сипатталатын, әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарамастан шартты түрде шектелген аумақ;

2) ауыл шаруашылығы жануарлары - адамдар өсіретін ауыл шаруашылығы жануарларының және құстардың ауыл шаруашылығы өнімдеріне тікелей қатысы бар барлық түрлері (ірі қаралар, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар, маралдар мен бұғылар, тауықтар, үйректер, қаздар, күркетауықтар, бал аралар, мамық жүнді аңдар мен қояндар);

3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру - деректер базасына ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді енгізе отырып және жануарларға арналған ветеринариялық паспортты бере отырып бірдейлендіру құралдарын (заттарын) қолдану, таңбалау жолымен жануарға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі;

4) ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан

үзінді көшірме-уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда мал иелерінің талап етуі бойынша тиісті аумақтық – әкімшілік бірлікте

2

ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті



атқарушы орган бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері ауыл шаруашылығы

бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан алатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер;

5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасы - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін ветеринариялық есептің бөлігі;

6) вакцинациялау – кейбір ауруларға жасанды иммунитет жасау. Ол үшін антигендер белок молекулалары қолданылады, олар микроорганиздердің бөлігі, ауру шақырушылар;

7) ветеринар (мал дәрігер, фельдшер) – жоғары немесе арнаулы орта білімі бар, жануарларды емдеумен айналысатын және өз міндеттеріне орындаушылар болып табылады;

8) ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiнiң Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми бiлiмдер мен практикалық қызмет саласы;

9) ветеринариялық сертификат – республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының ішінде және республиканың шегінен тыс (экспортқа) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге беретін, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін растайтын құжат;

10) ветеринариялық анықтама – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган бөлімшесі) ветеринариялық дәрігері, сондай - ақ жануарлардың, жануардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық

нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау

3

бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері тиісті жануарларға,



жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа беретін, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы құжат;

11)  ветеринариялық паспорт - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысандағы құжат, онда: малды есепке алу мақсатында малдың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;

12)  ветеринариялық - санитариялық қауіпсіздік - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерінің олар пайдаланылатын дағдылы белгіленген жағдайларда жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндірмейтін күйі;

13) ветеринариялық-санитариялық сараптама – жануарлардан алынатын өнiмдері мен шикiзатының, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы айқындау;

14) ветеринариялық іс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға, жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бірдейлендіру рәсімін қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;

15) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган(бұдан әрі уәкілетті орган) - ветеринария саласында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

16) гигиеналық норматив - тiршiлiк ету ортасының белгiлi бiр факторын адам үшiн қауiпсiздiгi және (немесе) зиянсыздығы тұрғысынан сипаттайтын көрсеткiштiң зерттеулер арқылы белгiленген шектi мөлшердегi ең көп немесе ең аз сандық және (немесе) сапалық мәнi;

17) дезинсекция – сыртқы ортадағы зиянды жәндіктерді жою;

18) дезинфекция-сыртқы ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырушы-лары – зардапты микробтарды жою шараларын айтады;

19) дератизация – зиянкес кемірушілерге қарсы бығытталған шаралар кешені (егеуқұйрық, тышқандар, сұртышқандар және басқада кемірушілер);

20) диагностика – диагнозды қою процессі, яғни ауруға соңғы қортынды қою және пациенттік жағдайын анықтау;

4
21) ет өңдейтін кәсіпорын - жануарларды сою және сойылған

өнімдерді өңдеу жүзеге асырылатын, мал базасы, өндірістік цех

өндірістік ветеринариялық-санитариялық бақылау бөлімі және ветеринариялық - санитариялық нормалар мен талаптарға сай келетін басқа да қосалқы объектілері бар өндірістік кешен;

22) жабайы жануарлар - құрылықтағы, судағы, атмосферадағы және топырақтағы табиғи еркіндік жағдайында тіршілік ететін сүтқоректілер, құстар, бауырмен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, моллюскалар, жәндіктер және басқалар;

23) жануар иесі - жеке және басқадай меншігінде жануары бар жеке және заңды тұлға;

24) жануарлар - ауылшаруашылығы, үй, жабайы, жыртқыш және улы: сүтқоректілер, құстар, бал аралар, балықтар, қосмекенділер, жәндіктер  және тағы басқа да жануарлар әлемінің өкілдері;

25) жануарлардың аса қауiптi аурулары - уәкiлеттi орган айқындайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына немесе өлуiне, үлкен әлеуметтiк-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар аурулары;

26) жануарларды ұстау - жануар иелерінің жануарлардың өмірін, оның жеке саулығын сақтау үшін, ветеринарлық-санитарлық қолайлы жағдайларды ұстана отырып толыққанды тұқым алу, сондай-ақ адамдардың және жануарлар әлемінің қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі іс әрекеттері;

27) иммунизация – жасаңды иммунитет жасау – белсенді (активный) вакцина мен анатоксин жіберу арқылы, не болмаса енжар (пассивный) – сыворотка және гамма-глобулин жіберу арқылы;

28) иммунитет - организімнің ішкі ортасының түрақтылығын бөгде заттардан, оның ішінде зардапты микробтардан қорғау қабілеті;

29) инсектицидті препараттар - зиянды жәндіктермен күресудің химиялық құралдары;

30) қоғамдық орындар - адамдардың көп жиналатын немесе адамдардың жиналуы мүмкін орындар, оның ішінде көшелер, скверлер, саябақтар және азаматтардың демалатын өзге орындары, шомылатын жерлер, стадиондар, сауық шаралары жүргізілетін орындар;

31) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрi - санитарлық ережелер) - сақталмауы адам өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн, сондай-ақ аурулардың пайда болу және таралу қаупiн туғызатын, санитарлық - эпидемиологиялық талаптарды (соның iшiнде тiршiлiк ету

ортасы факторларының адам үшiн қауіпсiздiк және (немесе) зиянсыздық белгiлерiн) белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер;

32) сою алаңы (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңы) – ет

өңдейтін кәсіпорын немесе сою пункттері жоқ кезеңде, ветеринариялық-санитариялық ережелер сақталып және жануар мен оның сойылған

5

өнімдеріне ветеринариялық тексеру жүргізе отырып, мал сою үшін



белгіленетін бейімделген үй-жай (орын);

33) сою пункті - ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізіле отырып, жануарларды соятын және жануарлардың сойылған өнімдерін бастапқы өңдейтін жабдықтармен жарақтандырылған, ветеринариялық-санитариялық нормалар мен талаптарға сай келетін мамандандырылған үй-жай;

34) үй жануарлары - ауыл шаруашылық мақсаттағы жануарлардан басқа, адамның толық немесе жартылай ұстайтын тамақ өнімдері мен өнеркәсіп шикізатын алу үшін пайдаланбайтын зоологиялық түрлері.

5. Осы Қағидада белгіленген талаптарды орындауға мемлекеттік бақылауды «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Батыс қазақстан облысы бойынша департаментінің Орал қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Орал қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігінің Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесі, белгіленген тәртіпте өкілеттігі берілген және құзыреттеріне сәйкес басқа да уәкілетті органдар жүзеге асырады.

6. Осы Қағиданың талаптары меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жеке және басқада меншігінде жануары бар жеке және заңды тұлғаларға, барлық жануар иелеріне таралады.

2. Ауылшаруашылық және экзотикалық жануарларын, құстар мен   бал араларды күтіп-ұстау талаптары

7. Жануарлар иелері айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап, санитариялық-эпидемиологиялық ережелер және нормаларды, гигиеналық нормативтерді, сонымен қатар ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер және ветеринариялық нормативтерді сақтаулары керек.

8. Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес анықталатын санитарлық аймақтың шекарасында ауыл шаруашылығы жануарларын, құстарды, бал араларды ұстауға, көбейтуге, жаюға, айдауға болмайды.

9. Ауыл шаруашылығы жануарларын, құстар мен бал араларды қолданыстағы ветеринариалық-санитариалық, санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық ережелерінің талаптарына, сондай-ақ гигиеналық нормативтерге сәйкес тұрғын үйлерден, пәтерлерден, мектептерден, емдеу және балалар мекемелерінен, бақтардан, хайуанаттар бағынан, стадиондардан, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарынан, сауда,

6
тамақ өнеркәсібі, жалпы демалатын орындардан, балаларды сауықтыру

орындарынан, демалыс үйлерінен, шипажайлардан, жасанды су

қоймаларынан, артезиан құдықтарынан және өзен жағалауы мен оның сағасынан қашықтықта орналасқан арнаулы бөлінген (мал жаюға), жабдықталған орындарда күтіп-ұстауы керек.

10. Жеке тұрғын үй иелеріне оларда бір жанұя тұрған жағдайда, ветеринариалық-санитариалық, санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық ережелерінің талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді сақтаған жағдайда арнайы жабдықталған тұрақжайда ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарды ұстауға болады. Жеке тұрғын үй бөлігінің иелері үйінде тұрған жағдайда ветеринариалық-санитариялық, санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық ережелерінің талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді сақтаған сақтаған жағдайда тек өзінің аумағында арнайы жабдықталған тұрақжайда ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарды сол үйде тұратын барлық көршілерінің жазбаша келісімімен ұстауға болады.

11. Ауыл шаруашылығы жануарлары иелері ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерінен, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру құралдарын (заттарын) қолдану арқылы, сырғалау, таңбалау, чиптау жолымен жануарға жеке нөмір алып, деректер базасына ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді енгіздіре отырып жануарларға арналған ветеринариялық паспортты алуы керек.

12. Жануарлар иелері мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауы керек.

13. Жануарлар иелері ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының ішінде және республика-ның шегінен тыс (экспортқа) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторынан, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін растайтын ветеринариялық сертификат және Қазақстан Республикасының ішінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге қаланың, кенттің, селолық округтің ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігерінен, сондай-ақ жануарлардың, жануардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігерінен тиісті жануарларға, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа, тиісті әкімшілік-аумақтық

бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы ветеринариялық анықтама

7
алуы керек.

14. Жануарлар иелерімен орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) үшiн пайдаланылатын және пайдаланылған көлiк құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының  талаптарына сәйкес дезинфекциялануы керек.

15. Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын сою Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелермен нормаларға сай қайта өңдеу кәсіпорындарында, мал сою пукттерінде немесе мал сою алаңдарында жүзеге асырылуы керек.

15-1. Жануар иесі сою пункттері немесе қайта өңдеу кәсіпорындары жоқ кезеңде ауыл шаруашылығы жануарларын союды және жануар мен оның сою өнімін ветеринариялық тексеріп қарау ветеринариялық және ветеринариялық- санитариялық талаптарға сәйкес келетін сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою) жүзеге асыруы керек.

15-2. Ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңында сою нәтижесінде алынған ұшалары мен ағзалары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтпесе, өткізуге болмайды.

      16. Жануарлар иелері жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ветеринариялық ( ветеринариялық – санитариялық ) ережелердi сақтай отырып, ветеринариялық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шараларды жүзеге асыруға жануарларын уақытында ұсынып, міндентті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз етуі керек.

17. Жануарлар иелері ауа кеңістігінен жабайы құстар ұшып өтетін мезгідерде, жұқпалы ауыруларды таратушы болуы мүмкін ұшып өтетін құстармен қатынасты болдырмау мақсатында, суда жүзетін құстарды ашық су қоймалары мен тоғандарға жібермей, үй құстарының иелері барлық құстарды жабық орындарда күтіп-ұстауы керек.

18. Экзотикалық жануарларды күтіп-ұстау мен көбейту ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатымен жүзеге асырылады.

19. Жануарларды күтіп-ұстайтын орынжайлар апта сайын механикалы түрде тазалануы және дезинфекциялануы керек, нәжістер, саңғырықтар, азықтарының қалдықтары және қоқыстар өз уақытында  арнаулы белгіленген орындарға шығарылуы керек.

20. Жануарларды күтіп - ұстайтын орынжайлар, жылдың жылы мезгіл-дерінде (наурыздан қараша айына дейін) жәндіктерге, сондай - ақ кеміргіштерге (тышқандар, егеуқұйрықтар) қарсы күрес мақсатында

жануарлар мен құстар тұратын орындарды ай сайын инсектицидтер мен дератизаторлық препараттармен зарарсыздандыру керек.

21. Жабайы және үй жануарларын мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде, оқушылар сарайында, және басқа ұйымдар мен

мекемелердегі зоологиялық бұрыштарда күтіп – ұстау ветеринариялық,

8
санитариалық - эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті

санитариалық - эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті

мемлекеттік органдардың келісімімен рұқсат беріледі.

22. Балараларын күтіп-ұстайтын жеке және заңды тұлғалар омарталары адамдарға қауіп төндірмейтін орындарға орналастыруы керек. Омартаны қауіпсіз орындарға орналастыру ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімімен анықталады.

23. Омартаны есепке алу және емдеу - сауықтыру іс-шараларын жүзеге асыру үшін әрбір омартаға ветеринарлық төлқұжат беріледі. Төлқұжаттың түп нұсқасы мен берілу тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган анықтайды.

24. Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімінсіз жануарлардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес арнайы күтіп-ұстайтын орыны жоқ жағдайда, осы салада арнаулы білімі, осы жануарларды күтіп-ұстауға машықтанбаған және тәжірибесі жоқ болса жабайы, жыртқыш және улы жануарларды күтіп-ұстауға болмайды.

25. Қаланың тұрғын үй қорының пәтерлерінде ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарды ( ірі қаралар, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар, маралдар мен бұғылар, тауықтар, үйректер, қаздар, күркетауықтар, бал аралар, мамық  жүнді аңдар) күтіп - ұстауға болмайды.

26. Жануарлар иесі бiрнеше жануар кенеттен өлген, бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайларда ветеринариялық мамандарға хабарлап және ветеринариялық мамандар келгенге дейiн ауру деп күдiк келтiрiлген жануарларды оқшаулап ұстауы керек.

27. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн

жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, олардың қауiптілік дәрежесiне қарай, уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен тәртiппен мiндеттi түрде алып қойылады және жойылады не алып қойылмай, мiндеттi түрде залалсыздандырылуы (зарарсыздандырылуы) және өңделуі керек.

28. Жеке және заңды тұлғаларға, жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және жағдайларда өтеттіруге құқылы.

29. Жануарлар иелері, диагностикалық зерттеу және ветеринариялық өңдеу жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған жануарларды күнтізбелік отыз күн бойы оқшаулап ұстауы керек.

30. Жануарлардың қатысуымен өткізілетін көрмелер, асыл тұқымды мал жәрмеңкесі, жарыстар, аттракциондар мен тағы басқа да шаралар

жергілікті атқарушы органдармен, ветеринариялық, жануарлар аурулары инфекцияларға зертханалық тексерулер саласындағы уәкілетті мемлекеттік

9
органдардың келісімі болған жағдайда өтеді. Осы аталған іс шараларға

сәйкестендіру микрочипі, cырғасы, бірдейлендіру таңбасы, ветеринарлық

төлқұжаты бар жануарлар, соңғы ветеринарлық егуден және дегельминтизациядан өткен уақыты туралы белгі соғылған жағдайда ғана қатыстырылады.

31. Жануарларға қатысты қатыгездікке жол беретін шараларды ұйымдастыруға және өткізуге болмайды.

3. Жануарларды күтіп-ұстау тәртібі

32. Жануарлар иелерінің міндеттері:

1) жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелердi сақтай отырып, ветеринариялық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шараларды жүзеге асыруға жануарларын ұсынуы керек;

2) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлау керек;

3) ауыл шаруашылық жануарларын бiрдейлендiрудi және оларға  ветеринариялық паспорттарды ресiмдеудi қамтамасыз етуі керек;

4) ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларына уақтылы вакцина егуді және олардың диагностикасын қамтамасыз етуі керек;

5) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге

арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауы, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуі керек;

6) зоопарктердегi, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық (ветеринариялық-

санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсiрiлуiн және пайдаланылуын жүзеге асыруы керек;

7) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру)

кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық)

талаптарды сақтауы керек;

8) бiрнеше жануар кенеттен өлген, бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринариялық

мамандарға хабарлауы және ветеринариялық мамандар келгенге дейiн ауру

10

деп күдiк келтiрiлген жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шараларды



қолдануы керек;

9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеру үшiн кедергiсiз беруі керек;

10) мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторлардың жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн орны

ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді залалсыздандыру

(зарарсыздандыру), өңдеу жөнiндегi талаптарын орындауы керек;

11) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткiзу үшiн союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеуі керек;

    11-1) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтін кәсіпорындарда, сою пункттерінде немесе ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында союды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асыруы керек;

     12) ветеринариялық мамандарға өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына жәрдем көрсетуі керек;

13) диагностикалық зерттеу және ветеринариялық өңдеу жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған жануарларды күнтізбелік отыз күн бойы оқшаулап ұстауы керек.

    4. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю

33. Ауыл шаруашылығы жануарлары иелері, Қазақстан Республикасының заңнамаларына  сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жергілікті атқарушы органдар айқындап берген мал жаю орындарында малдарын жаюы керек.

34. Ауыл шаруашылығы жануарларын айдағанда, жайғанда, тұрғындардың қауіпсіздігіне жануар иелері жауап береді, көшелерде, алаңдарында, гүлзарларында, басқа қоғамдық көпшілік пайдаланатын орындарында, қала бойынша ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында, сонымен қатар, келісіп алмай автомобиль жолдарына бөлiнген белдеу шегiнде белгiленгеннен тыс жерде, темір жолдарға арнап оқшауланған жерлерде және орман қоры жерлерiнде мал жаюға болмайды.

35. Ауыл шаруашылығы жануарлары иелері жолдың бойымен мал айдағанда, жолдың бойымен жүк тартатын, мiнiс малдарын немесе табынды айдағанда, сонымен қатар темiр жол арқылы күш көлiгiмен өтуде, мал айдап өтуде автомобиль жолдары мен темiр жол көлігі қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелерінің талаптарын сақтауы керек.
11
5. Қорытынды жағдайлар
36. Осы Қағиданы бұзғаны үшін жануарлар иелеріне Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 240, 287, 310, 323, 439, 473, 488 баптарына сәйкес жауапкершілік жүктеледі.

Жоба


Орал қаласы № « »__________2013 жыл

Орал қаласы аумағында жануарларды

күтіп-ұстау, ауыл шаруашылығы

жануарларын жаю қағидасы туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегі Қылмыстық Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Орал қаласы аумағында жануарларды күтіп-ұстау, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю Қағидасы бекітілсін.

2. Шешімнің орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ауылды дамыту, аграрлық саясат және жер қатынастары бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.



3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.

Сессия төрағасы

Облыстық маслихат хатшысы

Батыс Қазақстан облысытық маслихатының

«Орал қаласы аумағында жануарларды күтіп-ұстау, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю туралы» шешіміне

ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБАХАТ




Жобаны қабылдауды негіздеуде көрсетілуге тиісті мәліметтер тізбесі


Әзірлеуші – атқарушы органның ақпараты

1

Облыстық маслихат шешімі жобасының атауы

«Орал қаласы аумағында жануарларды күтіп-ұстау, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю туралы

2

Қалалық орган, қалалық әкім аппаратының құрылымдық бөлімшесі - әзірлеуші атауы

«Орал қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі


3

Жобаны қабылдау қажеттілігін негіздеу


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 240,287.310,323,439,473.488 баптары, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 276 бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Републикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының  6- бабы, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 заңының 10,22,25, 30,32-баптары және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңы


4

Жобаны қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе/ құқықтық салдар

Жануар иелерінің жануарлардың өмірін, оның жеке саулығын сақтау үшін, ветеринарлық-санитарлық қолайлы жағдайларды ұстана отырып толыққанды тұқым алу, сондай-ақ адамдардың және жануарлар әлемінің қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.


5

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар


көзделмейді

6

Жоба қабылданған жағдайда күтілетін нәтижелердің нақты мақсаты мен мерзімі, енгізілген ұсыныстардың тиімділігі


мерзімі жоқ

7

Жобада көрсетілген мәселелерді келісу құзыретіне кіретін мемлекеттік орган басшысы бұрыштамасының болмау себебі


Барлық қажетті бұрыштамалар бар

8

Осы мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің және облыс әкімінің қандай актілері бұрын қабылданды және әзірлеуші оларды қалай орындаған


мәлімет жоқ

9


Басқа мәліметтер

мәлімет жоқ

  

Бөлім басшысы Р.Лукпанов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет