«Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері – патриотизмге тәрбиелеудің құралы» тақырыбындағы ғылыми жобаның жалпы сипаттамасы. ХХІ ғасырда әр жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық жалынның ұшқынын дарыту үшін халқымыздың Бауыржандай перзентінің мірдің оғындай қанатты сөздері ауадай қажет. Ол, әсіресе, ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. «Өзінің ұлтын сыйламаған – ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол – сөз жоқ, арамза, тексіз әрі қаңғыбас» деуі жайдан - жай емес. Оның адами қасиеттер қатарына жатқызатын – ақыл, ар, ерік - жігер, намыс, сезім, парыз, ұлттық рух, ұлттық мінез - құлық, ұлттық патриотизм, ұлттық мақтаныш, т. б. туралы ойлары арнайы зерттеуді қажет етеді. Бұл ойлардың әрісі Абайдың «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», берісі Мұстафа Шоқайдың «ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігінің болуы мүмкін емес» деген қағидаларымен сабақтасып жатыр. Осы мақсатта еліміздегі өршіп тұрған тіл мен дін мәселесін шешу үшін ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу қажет. Жат діннің жетегінде кеткенше, ұрпағымыз ел үшін қызмет атқару қажет. Отан алдындағы борыш, азаматтық парызды орындау үшін қаһарман батыр шығармаларындағы нақыл сөздердің тәрбиелік мәні зор. Осы жұмысты жазу барысында алдыма мынадай зерттеу кезеңдерін жоспарладым. Бірінші, Б. Момышұлы шығармаларынан нақыл сөздерін жинақтау. Екінші, Б. Момышұлының өз жанынан шыққан мақалдар мен қанатты сөздерін топтарға бөлу. Үшінші, нақыл сөздеріне арналған кітапша дайындау.
Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері: Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы нақыл сөздердің ерекшеліктерін әр қырынан тексеріп‚ оның шығармашылығының көркемдік көріністерін‚ тәрбиелік мәні мен эстетикалық мән-мағынасын‚ Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы тарихи таным мен заман сабақтастығын‚ сонымен қатар Б.Момышұлының даралығын және т.б. қасиеттерін саралау‚ оны ғылыми жүйеде зерттеу.
Мақал-мəтелдерді жастайынан жаттап, халық педагогикасын жадына сақтап өскен Бауыржан Момышұлы ұлттық тəрбиеге де көп көңіл аударған. Бауыржан Момышұлы бата-тілекке де ерекше көңіл бөлген. Ол «Москва үшін шайқас» романының «Ақ бата – ізгі тілек» деген тарауында жау қоршауынан құтқарылған Мəскеу түбіндегі бір селода қалың елдің алдында қарт ана Вика апайдың жауынгерлер мен оның командирі Бауыржанға: «Қош бол, балам! Жаратқан жар болсын! деген батасы жеңіске дем беруші болды. «Баталы құл арымас!» «Жаным – арымның садағасы» деген ата дəстүрін ұстап, өлім қаупіне бас байлап, соғысқа еніп кеттік. Ар кіндігі Мəскеу артымызда «Жол болсын» деп қол бұлғап тұрғандай болды, - деу арқылы ел тілегі ерді өлімнен сақтайды, «Көп тілеуі – көл». Сондай-ақ «Бата» атты əңгімесінде, туған аулына келіп, ынтымағы кеткен елді, қадірі жоқ кемпір-шалды, берекесіз, бейбастақ келін мен қызды, дөрекі, масаң бозбаланы көріп ызаланған Баукең дастарханаға ас қайырып, үй иесіне бата бергенде де, бұрынғы халықтық бата-тілекті қайта жаңғыртып, «Я, құдай, дозақтың отынан сақта, қаңғыған оқтан сақта, парақор соттан сақта, кірлі сумен жуыстан сақта, ынтымақсыз туыстан сақта, қапажүрек батылдан сақта, көкдолы қатыннан сақта, колхозды жеген бастықтан сақта, намды басқан кесірден сақта, кеудесін керген келіннен сақта, мезгілсіз келген өлімнен сақта, татымсыз тұзыңнан сақта, ұятсыз қызыңнан сақта, жастарында əдеп жоқ, өлгенінде бəтуа жоқ құр айғай, шат-шəлекей даңнан сақта!» [Бауыржан батыр 1991:308] депті. Бата беруі тұнып тұрған тəлім, өзіндік үлгі-өнеге, өлмес, ескірмес өсиет. «Баукең шығыс, батыс елдерінің көне заманнан осы жаңа заманға дейінгі ойшыл философтарының біршама еңбектерін оқып, бойына сіңіре білген, өзінің де өмірге деген философиялық ой-пікірі бар, тұжырымы терең психолог, философ кісі» [Ж. Егембердева 1990:319] дейді жазушы Ж.Егембердиева. Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері құнарлы ойдың құнды қазынасы екендігі даусыз. Елдің ерлігі, ердің ерлігі сыналған сұрапыл жылдардан жеткен сол нақыл сөздерде қазір де халыққа керек, келешекке қажет дүниелер молынан кездеседі. Өйткені аталарымыз бен əкелеріміз біздің ашық аспан аясында бейбіт тіршілік етуіміз үшін от кешіп Отанды қорғады. Өмірді сүйіп, өліммен белдесті, жеңісті жақындатып өздері құрбан болды. Ендеше сол күндерден жеткен Бауыржан Момышұлынан қалған ұлағатты сөзді ұмытпау əрқайсымыздың борышымыз.
Бауыржан Момышұлының бүгінгі таңда ел арасына тарап кеткен нақыл сөздерінің тəрбиелік мəні орасан зор. Əсіресе: «Тексізден тезек артық. Тəрбие – таза ниет атасы. Тəрбиелі тəртіптің құлы. Тəртіпті – елдің ұлы. Бақаның бағынан сұңқардың соры артық. Ежелден ел тілегі – ер тілегі, Адал ұл ер боп шықса – ел тірегі т.б. [Бауыржан батыр 1991:182].
Жауынгер жазушының нақыл сөздері – келешек ұрпаққа үлгі мұра.
Адамзаттың адамгершілік қасиетін жоғары бағалап, не істесе де ақылмен билік етіп, əділдіктің құлы бол дейді.
...Əділдікке құл болып, кең толғанып, көп ойлап,
Ақылыңмен билік ет, түсініп, сезіп тармағын...
Б. Момышұлы өлеңдерінің құндылығы сол бүгінгі егеменді еліміздің азаматтарына еліңе, халқыңа, мемлекетіңе адал қызмет ет деп үндейді.
Менікі емес деп түсінбе
Өкіметтің дүниесін.
Ол сенікі, апаңдікі, ағаңдікі,
Бекерге ол күймесін, - немесе Ел еңбегін қадірлемеген – ер емес, - дейді. Ақын елін, халқын, Отанын шын сүйген азаматтардың болашағынан көп үміт күтеді.
. Б. Момышұлының бұл ұлағатты ісі – ұрпаққа сарқылмас мұра, ұлы қазына жастардың қолға ұстайтын шамшырағы. Ақын:
Ақыл айтар мезгілде,
Мың жасаған шалдай бол.
Қатал болар мезгілде,
Шатырлаған жайдай бол, -
- десе, енді бірде:
Мейірім түсер мезгілде,
Ағарып атқан таңдай бол.
Жауды бөгер кезеңде,
Көлденең жатқан ордай бол, – дейді.
Ақылды, парасатты, мейірімді болу əрбір жастың (адамның) міндеті мен парызы. «Ақыл айтар мезгілде», «мың жасаған шалдай бол», «жауды бөгер кезеңде», «көлденең жатқан ордай бол», адамдық пен батырлықты ақын қатар қояды. Қазақтың халықтық мақал-мəтелдері – дидактикалық əдебиеттің көркемдік негізі. Халқымыздың ертеден дамып келе жатқан көркем əдебиетімен сусындаған Бауыржан Момышұлы мақал-мəтелдерді көркем əдеби туындыларында кеңінен пайдаланды. Ақын – Ұлы Отан соғысы жылдарында өмір тəжірибесінен жинақтаған ойларын адамзатқа ортақ тағылым атаулыны ғибратшыл ой өрімдерімен өрнектейтін парасат иесі. Жан дүниесіндегі ізгіліктен қуат алған, жамандықтан жабыққан көңіл-күйін ғибратшыл ойлы талпынысқа айналдырады.
Бауыржан Момышұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен
біздің ата- бабаларымызды алға ұмтылдырумен қатар , оларды өзінің сан алуан қанатты сөздері арқылы жігерлендіріп отырды.
Ол : « Отан үшін отқа түс күймейсің », « Ел үмітін ер ақтар – Ер намысын ел сақтар » деген сөздер арқылы жаужүрек сарбаздарымызды ерлікке бастады.
Ол « Жарымның опсыздығына сенбеймін » деп айтады да « Ее могут сломать, но не гнуть» , – «Иілмейді адалым , сынса сынар » деп өзінің жан- жүрегінен шыққан сөзі арқылы жауынгерлерді батырлыққа ер жүректілікке, тылда қалған жауынгерлердің жарларын адалдыққа, төзімділікке,шыдамдылыққа үндейді, жеңіске жігерлендіреді.
Өзінің өлең жолдары мен қанатты сөздері арқылы өз Отандастарын ел бірлігін сақтауға, кең байтақ туған жерді сыртқы жаудан ада етуге шақырды .
Бауыржан өз қанатының астындағы сабаздарын өзінің адуынды қанатты сөздерімен, туған елге – жерге деген адал, патриоттық сезімімен осы соғыста жеңуге жетелей отырып, шабуылдарда « Жаным – арымның садағасы »,
«Ерлік – батырлықтан туады » деп ұрандатып ,алдыңғы сапта жүрді . Мұндай рухты, қанатты сөздер мен әрекеттер жауынгерлерді тек қана алға ұмтылдыр ды. Осындай сөздермен қанаттанған олар өздерінің суықта тоңғандары мен бораған оқ астында жүргендерін ұмыта отырып ,жеңіс күнін жақындата түсті. Біз үшін олардың ерлік істері мәңгілік , ұмытылмас мұра .Келешек ұрпаққа өнеге, үлгі боларлық іс.
Қазіргі күні тек қана, компьютерленген, технологияланған заманда адамға адамның игі сезімі, Отанға адамның игі сезімі өте тапшы. Сондықтан, жастар арасында, жас өспірімдер арасында Отанға , туған жерге , туған елге ,
жан-жағындағы ортаға деген сүйіспеншілік кемде – кем .
Міне, осыларға деген сүйіспеншілікті арттыруда біздің атақты адамдарымыз – жазушыларымыз бен ақындардың,қоғам қайраткерлерінің , ардагер батырлардың қанатты рухты сөздері үлгі болмақ .
Мұндай сөздердің бірі және бірегейі – Бауыржан батырдың сөздері .Бұл сөз- дер ұрпақтан –ұрпаққа тарап, ғасырлар бойы өз құндылығын жоймақ емес.
Батыр сөзін ұрпақтары жаттап өсіп ,оның қанатты сөздері мен ерлік істері туралы ашық сабақтар, түрлі шығармашылық кештер, ғылыми конфе ренциялар өткізіп жатса , батырларымыздың ұрпақтары – патриоттық сезімі мен туған жерге деген сүйіспеншілігін ешқашан жоғалтпақ емес .
Бауыржан Момышұлының адам баласының ой-өрісін, ерік – жігерін рухтандыратын, қанатты ұран сөздері бүгінгі ұрпаққа үлгі, келешекке даңғыл жол болып мәңгілік жасай бермек .
Ерлік – табиғат сыйы емес, саналы әскери тәрбиенің жемісі, Отан алдындағы қасиетті парызыңды орындау үшін адамзаттың ең асыл сезімімен жігерленіп, өзіңді саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі.
Ана үшін аянба – ант ұрады, бала үшін аянба – бетің күйеді.
Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.
Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, әдісіңе ақылыңды жолдас ет.
Достарыңызбен бөлісу: |