Баянауыл ауданының әкімі Е.Әйткеновтың 2012 жылдың І жартыжылдығы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есептік баяндамасы



Дата23.02.2016
өлшемі136.15 Kb.
#7182
Баянауыл ауданының әкімі Е.Әйткеновтың 2012 жылдың І жартыжылдығы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есептік баяндамасы
Құрметті депутаттар! Құрметті сессияға қатысушылар!
Аудандағы демографиялық көрсеткіш бойынша бүгінгі күні аудан халқының саны 2012 жылдың 1 шілдесіне 27 мың 727 адамды құрап, жыл басынан бері ауданда 254 бала дүниеге келген, ал 2011 жылдың сәйкес кезеңінде – 227 бала дүниеге келген. Халықтың табиғи өсімі 164 адам болды.

Қарастырылып отырған уақыт ішінде тіркелген өлім саны – 90 адам, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіш – 94 адамды құраған болатын.

Өнеркәсіп өндірісі көлемі 2012 жылдың қаңтар-мамыр айларында қолданыстағы бағамен 6 млн. 721 мың теңгені құрады. Өндірілген өнімнің нақты көлемінің индексі 134,4 пайызды құрады.

Бюджет 2012 жылға нақтыланып, түзетілетін аудан бюджеті 4 млрд. 420 млн. 274 мың теңгенің көлемінде жоспарланды. Қарастырылып отырылған кезеңде аудан бюджетінің кіріс жағы 2 млрд. 54 млн. 440 мың теңгеге орындалып, 101,7% құрады. Аудан бюджетінің 2012 жылғы 1 шілдеге шаққандағы шығысы 98,5 пайызға орындалып, жоспарланған 2 млрд. 88 млн. 800 мың теңгенің орнына 2 млрд 58 млн. 100 теңгеге орындалды.

Ауыл шаруашылығы. Бүгінгі күні ауданда 6097 гектар жерге, оның шінде бидай - 2500 га., арпа - 1000 га., жарғақ тұқым – 300 га., аралас астық - 200 га., көпжылдық шөп – 700 га., біржылдық шөп - 1287 га., картоп – 210 га. және 40 га. жерге көкөністер егілді.

Үйірлі және үйірсіз шегірткелерге қарсы 3475 га. жерге, карантиндік арамшөптерге қарсы қызғылты укеркеге (горчак розовый) қарсы – 1247 га. жерге және арамсояуға (повилика) қарсы – 10 га. жерге өңдеу жасалды.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне ауданда 74609 бас ірі қара мал бар. Оның ішінде сиыр – 23075 бас. Қой мен ешкі саны – 177496 бас, жылқы - 18330 бас, шошқа – 363 бас және 27156 бас құс бар. Жалпы аудан бойынша өндірілген өнім көлемі: ет тірі салмақта – 35 мың 721 центнер., сүт – 179 мың 384 центнер, жұмыртқа – 985 мың 700 дана

Ауданда ауыл шаруашылық саласымен айналысушы 458 шаруа қожалығы, 4 ЖШС-гі және 1 өндірістік кооператив бар. 2012 жылы Ауылшаруашылғын Қаржылай Қолдау Қоры арқылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында 8 шаруақожалығы 34 млн.500 мың теңге, «Шағын несиелендіру» бағдарламасы аясында 16 адам – 12 млн. 300 мың теңге, «Баянауыл» несиелік серіктестігі арқылы 6 шаруақожалығы 12 млн 500 мың теңге көлемінде мал шаруашылығын дамытуға қаржы алды. Осы есептік кезеңде мал шаруашылығын дамытуға жалпы алынған несиенің көлемі 59 млн. 300 мың теңгені құрады.

Қазір ауданда асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырын өсірумен айналысатын 3 шаруашылық бар («МТС Жайма» ЖШС, «Оразбек» ш/қ, «Қайырбек» ш/қ). Асыл тұқымды мал санын өткен жылы 1334 бас болса, биылғы жылы 2628 басқа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 1294 басқа өсті. Бүгінгі күнде 505 бас аналық мал қолдан ұрықталынды. «МТС Жайма» ЖШС «Инфрақұрлымы дамыған жалпы саны 7000 бас асыл тұқымды қазақтың ірі қара малын, оның ішінде 2500 бас аналықты бір кезекте ұстауға арналаған мал шаруашылығы кешенін құру» атты инвестициялық жобасын жүзеге асыру жұмыстары жасалуда. Жоба бір кезекте 1000 басқа арналған бордақылау алаңын құру және кесек еттерді европалық стандарттарға сәйкес вакуумдық орамамен сату арқылы екі сатылы кезеңде жүзеге асырылады. Былтырғы жылы «МТС Жайма» ЖШС АҚШ-нан 699 бас «Абердин Ангус» ет бағытындағы асыл тұқымды ірі қара мал әкелу мақсатында «ҚазАгроҚаржы» Акционерлік Қоғамынан лизинг негізінде 4 пайыздық үстемемен 827 млн 677 мың теңге несие алып, аталмыш ірі қара малды сатып әкелді. 2012 жылдың наурыз айында өз қаржысына Ресей Федерациясынан 170 бас герефорд тұқымдас ірі қара малының жас төлдерін әкелді. Ағымдағы жылдың аяғына дейін қосымша 150 бас аталмыш тұқымның жас төлін әкелу жоспарлануда.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі №516 және 16 мамырдағы №625 қаулысына сәйкес сиыр, қой, жылқы еттерін және сүт, қымыз, шұбат өндіруге пайдаланылған құрама мен концентраттық жемнің құнын 45 пайызға дейін, тауар өндірушілердің сатып алған асыл тұқымды жас малдардың құнын 50 пайызға дейін арзандату, етті бағыттағы аналық ірі қара мал басының сапасын жақсартумен айналысатын тауар өндірушілерге селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізгені үшін кеткен шығындарының құнын 50 пайызға дейін арзандату және ірі қара малының аналық мал басын сақтап қалу мақсатында шырынды (сочная корма) және ірі жемазық (шөп) дайындағаны үшін бюджеттік бағдарламалардан демеу қаржы төлеуге 231 млн. 216 мың теңге көлемінде 1 ЖШС және 42 шаруақожалығынан өтінімдер қабылданып, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырылды.

Мал басын эпозитиялық аурулардан сақтандыру үшін ауданның мал шаруашылығында эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру мақсатына Республикалық бюджеттен бөлінген трансферт 38 млн 351 мың теңгенің 2012 жылғы 6 айға 18 млн. 73 мың теңгесі игерілді. Эпизоотиялық ауруға қарсы жоспар бойынша 2012 жылғы 6 айға 34795 бас ірі қара малдан бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен 697 бастың 623 басы шұжық цехына тапсырылды. 57981 бас қойдан, 300 бас жылқыдан қан алынып, жоспар 100 % орындалды. Туберкулезге 53000 бас ірі қара мал, 2400 бас жылқы маңқасына аллергиялық тексеру өткізілді. Эпизоотияға қарсы жоспар бойынша Сібір жарасына қарсы 41800 бас ірі қара мал, 74300 бас ұсақ малдар, 5897 бас жылқы, шошқа -200 бас, 40000 бас құстар кұс тұмауына қарсы егілді. Құтырма ауруына қарсы 1500 бас ірі қара мал, 2400 бас ұсақ мал, 850 бас жылқы, 150 бас иттер, 130 бас мысықтар, пастереллезге қарсы 1500 бас ірі қара малдар, 13500 бас ұсақ малдар, 400 бас жылқы, қарасан ауруына қарсы 40000 бас ірі қара мал, листериозға қарсы 4500 бас ірі қара мал, 8000 бас ұсақ малдар егіліп 6 айлық жоспар 100 % орындалды.

Аудан бойынша 1500 бас иесіз қалған бұралқы иттерді аулауға 3 млн 210 мың теңге қарастырылған, 6 айдағы жопар бойынша 746 бас иесіз қалған бұралқы иттер ауланып, 1 млн 596 мың 440 теңге қаражат игерілді.

Кәсіпкерлердің бөлшек саудадағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тағамдарына және жанар май құю бекеттерінің бағаларына күнделікті мониторинг жүргізіліп, құзырлы орындарға мәлімет жолдануда. Сонымен қатар ауылдық округтердің 17 түрлі азық-түлік тағамының орташа бағасы әр апта сайын «Баянтау» газетінде жарияланып отырады.

Облыс әкімінің орынбасары Д.Тұрғановтың қатысумен «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы 4 бағытындағы «Бизнес кеңесші» тақырыбында 2012 жылдың 4-5 маусым күндері семинар өткізілді. Сонымен қатар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Акционерлік Қоғамы өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерліктің 2 күндік жедел оқу курсы өтті. Осы оқуға ауылдық округтен адамдар қатысып, нәтижесінде 40 адам оқытылып, сертификат алды.

Құрметті депутаттар, сессияға қатысушылар! Бүгінгі күні ауданның әлеуметтік қорғау саласының негізгі мақсаты аз қамтамасыз етілген отбастары мен жұмыссыздар санын азайту үшін әлеуметтік төлемдерді ұсыну және жұмыссыздарды жұмыспен қамту болып саналады.

Есепті кезеңде аудан бойынша жұмыссыздар қатарында тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны 93 адамды құрады. Биылғы жылдың 6 айында кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға 20 адам жіберілді. 2012 жылы жаңа 600 жұмыс орнын құру жоспарланған. Оның ішінде 200 жаңа тұрақты, 400 уақытша жұмыс орындары. Жыл басынан бері бірінші жарты жылдықта 44 жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылды. Қоғамдық жұмысқа 138 адам тартылып, ал әлеуметтік жұмысқа орналасқандар 50 адамды құрады.

Сонымен қатар ауданда «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 1 бағыты бойынша яғни «Аз қамтамасыз етілген, жұмыссыз, өз кәсібімен айналысушы халықты оқыту және жұмыспен қамтылуына ықпал жасау» бағдарламасы бойынша 28 адам кәсіби оқуға жіберілді. Оның ішінде кәсіби қайта даярлауға – 18 адам, біліктілігін арттыруға – 10 адам жіберілді. Тағы да 14 адам ағымдағы жылдың қыркүйек айында кәсіби даярлыққа жіберіледі. Кәсіби даярлықтан 2 адам ұста, 3 адам тас қалаушы (каменщик), 4 адам аспаз-кондитер және 9 адам ЭВМ операторы мамандықтары бойынша бітіріп, жұмыспен қамтылды. Ал біліктілігін арттыру бойынша 10 адам «В», «С» санаты бойынша көлік жүргізушілер оқуын тамамдап, жұмысқа қамту жұмыстары жүргізілуде.

Жастар тәжірибесі бойынша ауданда жұмыспен қамту орталығы арқылы 2 маман жұмысқа жіберілді. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру бойынша ағымдағы жылға – 9 млн. теңге қарастырылған. Бүгінгі күнде 58 адам әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылып, 5 млн. 124 мың теңгесі игерілді.

2 бағыт бойынша яғни «Ауылда кәсіпкерліктің дамуына ықпал жасау» бағдарламасы бойынша қатысушыларының саны- 49 адам болып, 57 адам кәсіпкерлік курсын өтті.

4 бағыт «Ауылдық елді мекендерді дамыту» бағдарламасы аясында 3 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілуде (№27 кәсіптік лицей, Жуантөбе ауылдық клубы, Майқайың кентінің емханасы).

Жыл басынан күнкөріс жағдайы кедейшілік деңгейінен төмен 54 отбасына 193 адамға 3061,2 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған 721 балаға 5563,8 мың теңге мемлекеттік балалар жәрдем ақысы төленді.

Коммуналдық тұрғын үйлерде тұратын 35 аз қамтамасыз етілген отбасына 445,0 мың теңге тұрғын үй көмегі берілді. 2689,0 мың теңге мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша гигиеналық құралдарды қажет ететін мүгедектерге, қимыл қозғалысы шектеулі мүгедектермен жеке көмекшілердің және ымдау тілі маманының қызмет көрсетуі үшін жұмсалды. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жыл басынан бері 27 адам гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіліп келеді, жеке көмекшілер 16 мүгедекке, ымдау тілі маманы 17 мүгедекке қызмет көрсетеді. 2 мүгедек протездеу қызметі көрсетіліп, ортопедиялық құралдармен жабдықталды. 7 адам кресло арба, 3 адам сурдотехникалық, 6 адам тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етілді. Санаторлы-курорттық емделуге мұқтаж 58 адамға жолдама берілді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен аудан көлемінде тұратын мұқтаж адамдарға қаралған қаражат көлемінде жыл басынан бері 815 адамға 22340,0 мың теңге әр- түрлі әлеуметтік көмектер жасалды.

Сонымен қатар кедейшілік деңгейін төмендету мақсатында қосалқы шаруашылығын дамыту үшін аз қамтамасыз етілген, атаулы әлеуметтік көмек алатындар санында есепте тұрған 18 отбасына мал сатып алып, 2912,4 мың теңге бір реттік қаржылай әлеуметтік көмек беріліп, Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 88 адамға қысқарды.



Білім беру. Ағымдағы оқу жылында аудан мектептерінде – 4500 бала тәрбиеленіп, мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес білім алса, 5 бала бақша, 16 шағын орталық мектепке дейінгі тәрбие ісімен айналысуда. Мектепке дейін тәрбие ісімен айналысатын 16 шағын орталықта – 583 бала, 5 бала бақшада – 360-тан аса бала тәрбиеленуде. Мектепке дейін тәрбиелеумен қамту 2012 жылдың І тоқсан нәтижесі бойынша – 91% болып отыр.

Осы оқу жылында жалпы біліммен қамту қорынан оқушыларды ыстық тамақпен қамту мақсатында 41 млн. 622 мың теңге қаржы қарастырлып, аудан бойынша 414 аз қамтамасыз етілген отбасы балалары, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары, туб виражды балалар толық ыстық тамақпен қамтамыз етілді. Тегін ыстық тамақпен 1811 бала, жалпы ыстық тамақпен 3724 бала қамтамасыз етілді.

Тұрмысы төмен отбасы балаларына материалдық көмек ертінде киім-кешек алып беру мақсатында аудандық бюджеттен 2 млн 995 мың қаржы қарастырылып, 158 балаға толықтай көмек көрсетілді.

Жалпы биылғы жылы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру -99,6% құрап отыр. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға аудандық бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі жылдан жылға өсуде. 2011 жылы осы мақсатта - 4 млн 348 мың 200 теңге қаржы қарастырылған болса, ағымдағы жылға бюджеттен – 5 млн. 362 мың 200 теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға сәйкес ауданның 24 мектебінде мектеп жанындағы алаңдарда 14 күндік мерзіммен 2 кезең өз жұмыстарын атқаруда. Және онда аз қамтамасыз етілген отбасылар құрамынан - 420 бала, жетім - 7 бала, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған – 8 бала, көп балалы отбасынан – 605 бала, толық емес отбасынан – 58 бала, әлеуметтік қорғалмаған ортадан 73 бала және 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.

Қосымша біліммен қамтылған балалар үлесі жоспар бойынша – 6,0%, орындалғаны – 6,4%. Майқайың өнер мектебінде – 116 бала, Жаяу-Мұса атындағы өнер мектебінде – 170 бала қосымша білім алады. Спорт секцияларымен қамтылған балалардың үлесі жоспар бойынша 85,0 % болатын (3822 бала), орындалған – 86,7% (3900 бала). Жалпы секциялар саны – 210.

Кең жолақты ғаламтор жүйесіне қосу жоспар бойынша – 27,0%, орындалғаны – 39,4%. 13 мектеп кең жолақты ғаламторда жұмыс істейді.

Өткен оқу жылында аудан мектептеріндегі компьютерлер саны 532 болса, ағымдағы оқу жылында 593 компьютерге жетті. Бір компьютерге келетін бала саны жоспар бойынша 8 болуы керек, бүгінгі күні бір компьютерде 8 бала отыр.

Биылғы жылы З.Ақышев атындағы мектебінің әжетханасын жөндеуге – 7 млн теңге қарастырылған. Марғұлан мектебінің 2 қазандығын ауыстыруға – 4 млн 966 мың қарастырылып, 200 мың теңгесі игерілді. Сәтпаев атындағы мектеп-бала бақша кешенінің 2 қазандығын ауыстыруға – 2 млн 65 мың теңге қаратырылып, 175 мың теңгесі игерілді.



Денсаулық сақтау. Ауданда 54 орынды аудандық аурухана, 35 орынды туберкулезге қарсы емдеу ауруханасы, 16 орынды Майқайың кентінің учаскелік ауруханасы, 2 ФАП, 7 ауылдық округте дәрігерлік амбулаториялар, аудан орталығында 1 емхана, 22 елді мекенде медициналық пункттер жұмыс істесе, оның 7 елді мекенінде медицина қызметкерлері ғимаратсыз жұмыс атқарады.

Ауданымызға екі жақты келісім бойынша шарт жасалудың арқасында биыл бір жас маман (дәрігер-статист) келеді. 2011 жылы келген 2 акушер-гинеколог, 1 терапевт, 1 хирург жас маман жұмыс істеуде. 3 жыл бұрын келген мамандар келісім шарт уақытының бітуіне сәйкес 1 дәрігер-анестезиолог, 1 хирург-травматолог қызмет орнын ауыстырды. Сол себептен ауданымыздағы дәрігер мамандарының жетіспеушілік мәселесі күн тәртібіндегі өткір мәселелердің бірі болып қалуда.

Мемлекетіміздің соңғы жылдары медицина саласына аса көңіл бөлінуде: жылдан-жылға осы салаға бөлінетін қаржы көлемі көбеюде, қазіргі заман талабына сай медициналық аппаратура, құралдармен жабдықталуды. Соның бірі, ауданымыздағы телемедицина құралы, жедел жәрдем автокөліктері берілуде, әлеуметтік қорғауды қажет ететін санаттағы азаматтарға көптеген жеңілдіктер қарастырылған, ана мен бала денсаулығы ерекше назарда тұр, жүкті аналарды ынталандыру, алдын-ала диагностикадан өткізу, аналарды маммографиялық және скрининг жүйесі бойынша тексерілуден өткізу сияқты мәселелер шешімін тапқан. Атап айтсақ, аудан бойынша амбулаториялық көлемде 8 млн 386 мың теңге қарастырылған, оның ішінде 1-5 жас аралығындағы балаларға 2 млн 436 мың теңге, жүкті әйелдерге 604 мың теңге қарастырылған. Атқарылған істердің оң нәтижесін төмендегі көрсеткіштерден көруге болады. Мысалға жылдан-жылға өлім көрсеткіші азайған. Нақты тоқталсақ, өлім көрсеткіші 2012 жылы 6 айда 1000 адамға шаққанда 2,1 болды. 2011 жылы 6 айда балалар өлімі 27,7 құраса, 2012 жылы (12,6 ) 15,6 пайызға төмендеген. Сол сияқты туберкулез ауруынан өлгендер көрсеткіші облыспен салыстырғанда 1,3 төмен, ишемиялық жүрек ауруымен ауыратындар саны 28 пайызға, туберкулез ауруымен ауыратындан саны 11,7 пайызға төмендеген, қатерлі ісік ауруынан өлгендер көрсеткіші 8,4 пайызға , есірткі және улы заттар, алкоголдік ішімдік салдарынан ауыратандар саны біршама төмендеді.

Ағымдағы жылдың 6 ай ішінде туберкулезбен алғаш ауырғандар саны – 12 адам, бұл көрсеткіш бойынша 2011 жылы – 11 адам құраған. 21 адам ем қабылдауын аяқтап, Д тіркелімнің белсенсіз тобына ауыстырылды. Және 25 адам тіркелімнен алынып, жалпы емдеу желісінің қарауына ауыстырылды. Сол сияқты туберкулез ауруынан қайтыс болғандар жоқ.

Құрметті әріптестер!

2012 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында Баянауыл ауданы бойынша Майқайың кентіндегі 14 көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жоспарлануда. Бұл бағдарламаға жалпы соммасы 55 млн. теңге республикалық бюджеттен бөлінді.

2012 жылы аудандық бюджеттен ауылішілік және ауданішілік жолаушылар тасымалына- 3 млн 25 мың теңге бөлінді, оның 910 мың теңгесі игерілді. Екі ауданішілік «Ұзынбұлақ-Баянауыл» және «Жаңажол-Баянауыл» бағыттарындағы жолаушылар тасымалына конкурс жарияланды. Қазіргі уақытта бір ауылішілік жолаушылар тасымалы халыққа қызмет көрсетуде.

2012 жылы аудан бюджетінен жеке санаттағы тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге - 6 млн 470 мың теңге бөлінді. Аудан бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың саны тізім бойынша- 102 азаматты құрайды. Майқайың кенті мен Лекер ауылдарынан коммуналдық меншікке тұрғын үй алу үшін 1 млн. 500 мың теңгеге конкурс жарияланды.

Аудан бойынша аудандық маңызы бар 13 бағыттағы автомобиль жолдарын қысқы және жазғы мерзімдерде ұстау сонымен қатар ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен- 30129,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 7 млн 429 мың теңге автожолдарды ұстау үшін, ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін- 10 млн теңге және «Жасыбай көліне кіреберіс» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасына- 700 мың теңге бөлінген. Қазіргі уақытта 14169,0 мың игерілді.

Сонымен қатар Баянауыл ауылының 8,8 шақырым ішкі автожолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 72 млн теңге және жергілікті бюджеттен 16 млн теңге бөлініп, «АлтынЖол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күнде 2,9 шақырым автожолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 47 млн 400 мың теңгесі игерілді.

Аудан бойынша елді мекендерде санитарлық тазалау, абаттандыру және көркейту үшін сәуір және қазан айлары аралығында тазалық күндері жарияланды. Іс-шараға аудан бойынша 7905 адам қатысып оның 42 адамы ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылған. Жыл басынан аудан бойынша Майқайың кенті мен ауылдық округтерде 700 түп ағаштар отырғызылды. Жалпы аумағы- 18000 м2 құрайтын ауылішілік автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аумағы 3000 м2 құрайтын территорияларға гүл екпелері егілді.

Аудан бойынша халықты ауыз сумен қамтамасыз ету объектілерінің үздіксіз қызмет етулері үшін аудан бюджетінен 14124,0 мың теңге қаражаты бөлінді. Қазіргі уақытта 6900,0 мың теңге игерілді. Аталған жұмыстар «Серпіліс» МКК-мен орындалып отыр.

Ағымдағы жылы Баянауыл ауданының Ақсан ауылдық округіне қарасты Қаражар ауылында спортзал құрылысы және Ұзынбұлақ ауылдық округіне қарасты Ақши ауылында ауылдық мәдениет үйіне құрылысы, З.Ақышев атындағы орта мектебінің қазандығының құрлысы жоспарланған. Бүгінгі күнде жалпы соммасы 32,0 млн теңгені құрайтын З.Ақышев атындағы орта мектебі қазандығының құрылыс жобасы бойынша жағымды сараптама алынды. Ал қалған екі жоба бойынша Жобалы Сметалық Құжаттама (ПСД) «Павлодармемсараптама» мекемесінде сараптамадан өтуге берілді.

Екібастұз-Майқайың сутартқысын қайта құру бойынша республикалық бюджеттен 906 млн теңге бөлінді, ал жергілікті бюджеттен 161 млн. теңге қаржы қарастырылған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Және де Майқайың кентінің су құбырын қайта құру жұмыстарына 225 млн теңге қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Баянауыл ауылында 110 орынға арналған балалар бақшасының құрылысына 216 млн.теңге бөлініп, бүгінгі күнде аталмыш жобаға облыстық құрылыс басқармасы тарапынан ашық конкурс жарияланды.



Мәдениет. Құрметті депутаттар, ауданның әлеуметтік саласының бірі клуб мекемелерінің қызметтерді сапалы көрсету үшін мәдениет ошақтарының матриалды-техникалық базасын нығайтуға 2609,0 мың теңге қаралып есептік кезең бойынша 1683,0 мың теңгесі игеріліп (64,5%), кітаптар, бейнепроектор, Жаңатілек ауылында ауылдық кітапхана үшін ғимарат сатып алынды.

Жалпы мәдениет мекемелері мен ұжымдары өткен кезеңде 661 мәдени көпшілік шара өткізді. Әрбір мереке қарсаңында мерекелер концерттер, фестивальдар, сайыстар, шығармашылық кештер өткізіледі. Атап айтсақ.

«Туған өлкем - Баянауыл» атты ауылдық округтер арасындағы фестивальдар өткізілуде.

5-і наурызда 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар асыл жандар» атты мерекелік концерттік бағдарлама ауданда және ауылдық мәдениет үйлерінде өткізілді.

Наурыздың 22-і Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Наурыз келсе, құт келгені, халайық!» атты концерттік бағдарлама өтті.

Мамырдың 1-і жұлдызында Қазақстан халқының бірлігі күні «Біздің күшіміз бірлікте» атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді.

9-мамыр Ұлы Жеңістің 67 жылдығына орай «Мәңгілік алау» алаңында мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Жастар аудан көлемінде өткізілетін барлық қоғамдық, мәдени – спорттық шараларға белсене араласады. Ауданымызда жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында төмендегідей мақсатты іс-шаралар ұйымдастырылды.

02 сәуір С.Торайғыров ат. мәдени-сауық орталығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің 20 жылдығы қарсаңында, қазақша КВН ойындарын дамыту және мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында «Нұр-Отан» ХДП-ның ауыспалы кубогына ауданның мектеп оқушылары мен жастары арасында 1 сәуір “Күлкі күні” мерекесіне арналған “Кел, әзілдесіп ойнайық...” атты қазақша КВН ойындары өтті. Шараға 400 адам көрермен қамтылды.

Аудан бойынша 14 пен 29 жастағы жастар саны – 8090 мың адамды құрайды. Жас отбасылар саны – 366 отбасы бар. Жас отбасыларды қолдау мақсатында 14 мамырда аудандық С.Торайығыров атындағы мәдени-сауық орталығында халықаралық отбасы күні қарсаңында «Өнерлі жанұя» атты аудандық отбасылық сайысы ұйымдастырылды.

Жастар бойында отансүйгіштік сезімін ояту, және қазақтың төл өнеріндегі ақындық талабы бар оқушылардың айтыскерлік өнерін ұштау мақсатында 21 мамырында аудандық С.Торайғыров атындағы мәдени-сауық орталығында «Ғалымдар ел есінде» атты облыстық оқушылар айтысы өтті. Аталған шараға Павлодар, Екібастұз қалаларынан және ауданнан барлығы 11 оқушы қатысты. 250 көрермен қамтылды.

Құрметті депутаттар, құқық қорғау және тәртіп сақтау саласы ауданда өз деңгейінде жұмыс жүргізгеніне қарамастан қылмыс саны өсуде. Оған дәлел былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қылмыс саны 96 болып 50 %-ға өсті. Қылмыстың аса ауыр түрі– 300 %-ға өсіп, 3 қылмысты (2011ж - 0), қылмыстың ауыр түрі – 9,1 %-ға азайып, 10 қылмысты (2011ж - 11), қылмыстың орташа түрі – 73,3 %-ға өсіп, 78 қылмысты (2011 ж - 45) құрады. Қылмыстың кейбір түрлері, оның ішінде жалпы қылмыстық қылмыс 58,6 %-ға өсіп, 92 қылмысты құрады. Және де кісі өлтіру қылмысы 200%-ға өсіп (2011ж - 0), 2 қылмысты, зорлау қылмысы 300 %-ға өсіп, 3 қылмысты (2011ж- 0) құрады. Мал ұрлығы қылмысы – 23 қылмысты құрады (2011 ж - 12).



Құрметті депутаттар, сессияға қатысушылар! Ағымдағы жылдың есептік кезеңінде ауданның атқарушы органдары аудан халқының әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесін үнемі бақылауда ұстап, біраз игі істер атқарды. Жоғарыда аталғандай аудан экономикасының дамуы байқалып, білім мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау, құрылыс, жолдарды жөндеу, елді мекендерді аббатандыру мен көркейту жұмыстары оң шешімін тапты.

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет