Баяндама Худайназарова


Риторика ( ағылш. Rhetoric; Шешенсөз



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата17.01.2024
өлшемі142.44 Kb.
#489261
1   2
Баяндама Худайназарова

Риторика (
ағылш.
RhetoricШешенсөз, немесе Шешендік өнер) - 
ежелгі 
Грекия
мен 
Рим
заманынан бері көптеген халықтардың мəдени, рухани, 
өмір тіршілігіндегі сөйлеу өнерінің жалпы атауы. Грек шешендiк өнерiнiң 
игi əсерi арқасында көне Римде де бұл өнер дами бастады. Бiздiң 
дəуiрiмiзге дейiнгi III ғасыр Рим мен Грек елдерiнде эллиндiк дəуiр деп 
аталып, əдеби-мəдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл 
сипат шешендiк өнерге де тiкелей қатысты. Байырғы салалары: бейнелі 
сөз, шешендік сын, шешендік өсиет, шешендік нақыл, шешендік дау, 


шешендік толғау. Əр қайсының əсерлі өңі, сұлулығы, татымдығы, 
дуалылығы, зерделігі адам ой жүйесіне, жан-дүниесіне, сезіміне мықты 
қозғау салады, жүрек тебірентеді. Тыңдаушының еркі мен сезімін билейді, 
толғандырады. 
Шешенсөздер ағып тұрған 
поэзия
, тұнып тұрған 
философия
. Ақ өлеңмен 
өрілген сөз тұнығы: сырлы теңеу, астарлы сын, жинақы ой, жұмбақты 
меңзеу, қисынды толғам, тылсымды талай. Бəрі тіл құдіретінің, пікір 
түйінділігінің, таңғажайып ой толғағының əмбебап туындысы. 
Өмір құбылыстарына байламды шешендік сөздер орны-орнына қойылса 
шебер шендестіріледі. Сырланып, əрленіп, татымы нəрленсе ойды 
шалқытып, сезімді тербеп адам көңілін ұйытады. 
Сұлу, өрнекті əр шешендік сөздің өзіне тəн терең мағыналы жəне астарлы 
жүктемесі бар. Жүйелі, байыпты айтылса досқа пір, дұшпанға зіл, шат 
көңілге шабыт, қам көңілге демеу, батырға айбынды ұран болар əрі тəтті, 
əрі қатты, əрі майда, əрі өткір алмас тіл. 
сақталған. Шешендік - ұшқыр ойдың қас қағымда 
тілге
оралымдылығы, 
байламы; дер кезінде дəл мағынасын дөп басар бейнелілігі; мəнді, ойлы 
сөздердің мəйекті мақал мен мəтелге айналуы; дау-дамайда қазылық, 
мəмілегерлік; ара қатыста елшілік, жаугершілікте бітімгерлік; ұрпаққа, 
қалың қауымға өсиет. “Алажағым кетсе де, айтажағым кетпесін” дейтін 
қазақтың сөзге қонақ беруі. 
Шешен (жезтаңдай, ділмар, айыркөмей, орақ ауыз, от тілді, сөзуар, 
тапқыр) - тілге жүйрік,сөз қисынын тауып айтатын халық қалаған сөз 
шебері. Ел-жұртты елеген, халқы қалаған азаматтарды ардақтаудың ана 
тілімізде атаулары мен дəріптеу, бейнелеу сөздерін айтып тауысу қиын. 
Оны қазақ теңеп те, бейнелеп те, асқақтатып та айта білген. Ел намысын 
қорғаған ерлерді "нар", "арыстан", "арыстан", "ерім", "азаматым" деген 
сияқты теңеулермен мадақтап, ардақтаумен бірге əділді "қара қылды қақ 
жарған"; шешенді "ердің құнын екі ауыз сөбен шешкен"; шеберді 
"темірден түйін түйген"; жомартты "атын түсіп беретін мырза"; адалды 
"сүттен ақ, судан таза"; сұлуды "ай мен күндей"; əдептіні "қыз мінезді 
жігіт"; бəйбішені "бес биенің сабасындай"; баланы "тойған қозыдай"; 
бойжеткенді "оймақ ауыз, күлім көз", деп дəріптеген.Жақсы адамдарды 
көріп, білмесе де сырттай сүйініп, ұрпағына үлгі еткен. Олар ауылына 
келгенде баласының аузына түкіріп, отырған жеріне аунатып алған.Ел 
сыйлаған адамдар есімі халық жадында мəңгі 
Шешендік сөз мынадай талаптарға жауап беруі керек. 


• Белгілі бір əлеуметтік мəні бар тақырыпты қозғайтын жəне шаршы 
топ алдында ауызша айтылған сөз болу. 
• Əңгіме өзегінің дəлелі (аргумент) болуға тиіс, соның арқасында 
тыңдаушыларға бір нəрсені əуелі түсіндіріп, содан соң ойлантып, 
ақырында белгілі бір харекетке ұмтылдыруды көздеуі қажет. 
• Тыңдаушыларға жақсы əсер етіп, құлақ құрышын қандыратын, 
сүйсіндіретін эстетикалық қасиеті болуы игі. Шешендік сөз 
дəстүрінің қажеттігі ауызша сөйлеудің аясы, кеңіген сайын арта 
түсуде. Жиналыс, мəжіліс, құрылтайларда, пікірсайыс жиындарда, 
семинар, симпозиумдарда шешендік өнер өте қажет. 
Қазіргі замандағы шешендік сөздердің түрлері бұл сөздердің 
жанрына
 
(мазмұнына) қарай негізінен былайша ажыратылады. 
• Əлеуметтік-саяси тақырыптағы шешендік сөздер, бұларға осы 
тақырыптарға жасалған баяндамалар, сөйленетін сөздер, 
митинг

конференцияда
айтылатын сөздер, хабарламалар, 
баяндамалар

радио
, теледидардан ауызша жүргізілетін саяси-əлеуметтік шолулар 
жатады. 
• Академиялық шешендік, бұл топты жоғары оқу орындарында 
оқылатын дəрістер, ғылыми баяндама, хабарлама, 
шолулар
 құрайды. 
• Сот ісінде қолданылатын шешендікке прокурордың айыптау сөзі, 
айыпкердің қорғану сөзі кіреді. 
• Əлеуметтік тұрмыста жұмсалатын шешендікті мерейтойларда, 
салтанатты дастарқан басында айтылатын сөздердің "шешендік сөз" 
деген мəртебеге ие болу үшін оған қойылатын талаптардың бірі - 
оның ішінде көркем, əсерлі болуы. Ал көркемдік жалпы тілде, оның 
ішінде көркем əдебиетте, поэзияда жұмсалатын көріктеу құралдары 
мен тəсілдері арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, билер 
аузынан шыққан шешендік үлгілерде дəл өлеңдегідей өлшемді, 
жүйелі болғанымен, 
ұйқас
ырғақ сияқты поэтикалық элементтер 
қатысады. Бұрынғы шешендік сөздерге тілге демеу, ойға дəлел 
ретінде мақал-мəтелдерді келтіру көріктеу амалдардың бірі болса, 
бүгінгі шешендердің аузынан шыққан сөздерде 
мақал-мəтелдерді
 
келтіру көріктеу амалдардың бірі болса, мақал-мəтелдермен қатар, 
өзгелерден келтірілген сілтемелер орын алады. Сондай-ақ шешендік 
сұраулар да, ықшамдау тəсілімен келген сөйлемде де шешендік 
сөздерге эмоциялық реңк беріп, оның экспрессиясын күшейтеді. 


Шешендiк өнер көне Римде үлкен күшке ие болды. Цицеронның 
мəлiмдеуiнше, республикалық Римде сөз құдiретiне ие болған адамға 
тəңiрiндей табынған. Олар ”адамды даңққа бөлейтiн екi қасиеттi өнер бар: 
бiрi - қолбасылық, екiншiсi - шешендiк” деп бiлген /6:3/. Республикалық 
Рим мемлекеттiк iстердi халық жиындарында, сенатта, сотта ерiктi əрбiр 
азаматтың сөйлеу мүмкiндiгiне ие болатындай жағдайда қараған. 
Сондықтан Рим республикасының əрбiр азаматына шешен сөйлеудiң қыр-
сырына қанығып өсу мeмлeкeт iстeрiнe араласy талабынан тyындаған. 
Рeспyбликалық Рим үшiн қоғамдық қарқынды өмiр, сөз бостандығы 
шeшендiк өнeрдiң кeңiнeн өрiстeyiнe жол ашты. Басқаша айтқанда ”
дeмократия -шeшендiк өнeрдiң анасы” /7:189/. Бiрақ Римдe рeспyбликалық 
өкiмeттiң құлаyы Римдiк классикалық өнeрдiң дамyына тeжey салды. Көнe 
Рим шeшeндiк өнeрiнiң ұшар шыңы дeп Цицeронды танимыз. Марк Тyлий 
Цицeрон -шeшeндiк өнeрдiң көнe римдiк тeорeтигi. Ол өзiнiң шeшeндiк 
өнeр қақындағы ұлы ойларын ”Шeшeндiк өнeрдiң үш трактаты” (”Шeшeн 
тyралы”, ”Брyт”, ”Шeшeн”) eңбeгiндe зeрлeп қалдырды. 
Қазақ ауыз əдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың 
даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан 
ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Шешендік өнеріне ерте 
замандардан-ақ, үлкен мəн берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік 
өнерді "риторика" деген атпен жеке пəн ретінде оқыған. Дүние жүзіне 
əйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан 
сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған 
ойшылдары болған. "Риторика" ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше 
бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан 
"Шешендікке қысқаша басшылық" атты еңбегі бұл өнердің Ресейде 
дамып, қалыптасуына түрткі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет