Баяндама Худайназарова



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата17.01.2024
өлшемі142.44 Kb.
#489261
  1   2
Баяндама Худайназарова



Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Шымкент қаласының білім басқармасы
«Отырар» колледжі
Баяндама 
Тақырыбы: Шешендік сөздердің қызметі мен қоғамдық мəні
Орындаған: Худайназарова Фотима 
Қабылдаған: Суймбаева Шамшия 
Тобы: Қт-219 
Шымкент 2023 


Шешендік сөздерқоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты 
терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық 
сөздер мен 
Тұжырымдар
; қазақ ауыз əдебиетіндегі шағын көлемдегі 
дидактикалық жанр. Жанр мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік 
толғау, шешендік дау болып үш салаға бөлінеді. Даудың əрқайсысы 
бірнешеге (жер, жесір, құн, мал, ар даулары) жіктеледі. Шешендік арнау 
бата
, тілек, əзіл-сын, көңіл айту
естірту
, т.б. нұсқалардан тұрады. 
Шешендік толғауға қоғам, заманға байланысты тағылым-тəрбиелік мəні 
бар тақпақ, термелер жатады. Ал шешендік дауларда сол қоғамға тəн 
қылмыстық, азаматтық істерді шешуге қатысты шешендік, тапқырлық 
сөздер, ұйғарымдар бейнеленеді. Шешендік сөздер мазмұны мен 
құрылысы жағынан мақал-мəтелге, 
аңыз-əңгімелерге
, толғауларға, 
айтыстарға
жақын. Композициялық құрылысына қарай пернелі сөз, 
термелі сөз болып екі топқа бөлінеді. 
Қара сөзбен
 айтылғандары – пернелі 
сөз, толғау, тақпақ түріндегілері термелі сөз деп аталады. Шешендік сөздер 
сонымен қатар түсінік пен түйінді сөздерден құралады. Түйінді сөз 
тұрақты, түсінік сөз ауыспалы мағынада келеді. Шешендік сөздер жазба 
əдебиетке жақын жанр. 
Оқиғаларының
реалистігі, тілінің əдебилігі жəне 
белгілі халық ойшылдарының (
Майқы би

Аяз би

Жиренше шешен
), 
шешен

билердің
(
Төле би

Қазыбек би

Əйтеке би
) аттарымен 
айтылатындығы бұл пікірді растай түседі. Шешендік сөздердің көпшілігі 
əуелгі қалпында сақталмаған. Жаттап алып таратушылардың, əр буынның 
өңдеп өзгертуімен, уақыттың сынынан өтіп, ұзын-ырғасы, тобықтай 
түйіндері, түйіп айтқан тұжырымдары қалған. Ішінара айтушылардың 
есімдері де сақталған. Негізінде қоғамдағы қиянаттарға, əділетсіздіктерге 
қарсы қарапайым халық өкілдері білдірген наразылық ретінде туындаған 
Шешендік сөздердің нұсқалары өзін тудырған қоғаммен, себептермен 
бірге жойылып, біздің заманымыздағы қызметі көркем əдебиетке ауысты. 
Шешендік сөздер – тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз 
үлгісі ғана емес, халықтың көне тарихымен бірге жасап келе жатқан 
тəрбиелік мəні зор халық даналығы. Ол 
түркітектес
халықтардың 
көпшілігінде кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет