БАЯНДАМА
Тақырыбы:
«Ерік психологиясы»
Адамның қиындықтарды жеңуді талап ететін
мақсатты әрекеттер мен қылықтарды жүзеге асыру
қабілетінен көрінетін сананың реттегіштік жағы – ерік
болып табылады. Ерік адам психикасының
оқшауланған қасиеті емес. Сондықтан ол психиканың
басқа жақтарымен және ең алдымен таныммен
байланысты қарастырылады.
Еріктің мазмұны ойлау,
қиялдау үстінде пайдаланатын елестер мен ұғымдар.
Мінез-құлықтың еріктік реттелуі - мақсатқа жету
немесе белсенділіктен бас тарту үшін ақыл-ой және
дене күшін саналы түрде бағыттау. Адамның іс-
әрекет қылығын реттестіре алу қабілетінің негізінде
жүйке жүйсенің өзара ықпалды қозу мен тежелу
байланыстары жатыр. Осы принциптерге сай ерік
саналы өзіндік басқарумен бірге белсенділік арттыру,
немесе ынталанлыру және реттеу қызметтерін де
атқарады. Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі
болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі
- инстинкт әрекеті ырықсыз орындалады.
Психологияның табиғи - ғылыми негіздерін қалаған
И.М. Сеченев пен И.П. Павловтың ілімі ерікті
әрекеттердің негізі мұндағы материалдық процестер,
сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары,
шартты рефлекстер деп түсіндірген. Павлов ерікті
әрекеттердің механизмін жоғары жүйке қызметінің
барлық заңдарына бағынатын, шартты ассоциациялық
деп анықтаған. Материалистік тұрғыдан алып
қарасақ, адамның ерік бостандығы себепті
байланыстылыққа, детермннизм принципке
бағынатын бостандық. Қиыншылықтарды жеңіп
шығуы да - ерік бостандығының бір көрінісі.
Еріктік амал кезеңдері мен ерік сапаларын
қалыптастыру. Ерікті әрекеттермен амалдар мәнісі
мен құрылымы жағынан өте күрделі процесс. Немесе
ерікті амал - бұл мазмұны тұрғысынан өте курделі
психологиялық әрекет. Бұл әрекет бірнеше
кезеңдерден не сатылардан тұрады. Ерік қимылы
адамның даму процесінде біртіндеп жетіліп
,
қалыптасатын күрделі процесс Адамның еркі алдын
ала қойылған мақсатқа сай орындалатын
әрекет, қылықтардан көрініп отырады. Бірақ жүру,
көбейту кестесі келеміндегі ауызша есеп, жақын, туыс
адамдармен сөйлесу тағы сол сияқтылар ерікті қажет
ететін әрекеттерге жатпайды. Бұл әрекеттер мақсатты,
бірақ олардағы ерікті талап ететін сәттер елеусіз.
Еріктік әрекеттер мақсаттың және сол сияқты, оларды
орындау барысында кездесетін кедергілердің,
қиындықтардың болуымен, оларды орылдау кезінде
бастан кешетін толғаныстардың болуымен
сипатталады.
Ерік сапалары
Тоқтамға келгіштік
-
Тоқтамға келгіштік дегеніміз
адамның қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге
келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. Тез
тоқтамға келу үшін адам асығып-аптықпайды. Бұл
әрбір істі ой таразысына салуды қажет ететін қасиет.
Тек осындай жағдайда ғана адам алдындағы ісін дұрыс
бағалап,
жоспарлай
алады,
өзінің
барлық
мүмкіндіктерін сарқа пайдаланады.
Табандылық-
Мінез-құлықты ұзақ уақыт бойы
белгілі бір мақсатқа сай бағыттап, бақылап отыру
қабілетінен көрінетін жеке адамның еріктік қасиеті.
Табанды адам жағдайды дұрыс бағалайды, одан
мақсатқа жетуге көмектесетін нәрселерді таба біледі.
Ол қиындықтан тайсалмайды, тап болған күдікке,
тағылған кінәларға мойын ұсынып берілмейді
.
Ұстамдылық
-
Ұстамдылық дегеніміз адамның оқыс
қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, босқа күйіп-
пісуден бойын тежей алу қабілеті. Ұстамды адам әр
кез терең ойланып, ағат істерге бара бермейді.
✓ Тоқтамға келгіштік
✓ Табандылық
✓ Ұстамдылық
✓ Шыдамдылық
✓ Ерлік
✓ Тәртіптілік пен жинақылық
Мұндай адам өзінің бар күш-жігерін тек алдындағы
мақсатын орындауға ғана арнап отырады.
Ұстамдылық, өзін-өзі меңгере алу - адамның
төзімділік, шыдамдылық, батылдық сияқты ерік
сапаларымен тығыз байланысып жатады.
Тәртіптілік-
дегеніміз адамның өз қимыл-
қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның
ырқына бағындыра алу қабілеті. Жекешіл, ұжымнан
оқшауланып жүретін адамда тәртіптілік жағы аз
болады. Кісінің тәртіптілігі оның жинақылығымен, іс-
әрекетінің жоспарлығымен тығыз байланысты. Адам
әр уақытта бір іске кірісерде оны мұқият жоспарлап
алады. Адамның тәртіптілігі мен жинақылығы оның
қоғамдық әрекетімен қатар жеке өмірінде де ерекше
маңыз алады.
Шыдамдылық-
Адам өзінің мақсатына жету үшін
қиыншылықтардың көптігіне, не болмаса өзінің
әрекетінің, жұмысының сәтсіз болуына қарамастан
алға тұтқан мақсатын жүзеге асырам деген үмітін, ол
еш уақытта бас тартып қайтпай, осы жолда кездесетін
қиыншылықтардан қашпай шыдамдылық көрсетіп,
қайткен күнде де мақсатына жетпей тынбауын
айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |