Бүгінгі күні Қазақстандағы білім беру жүйесінде оң өзгерістер байқалуда.Жаңа оқыту бағдарына бет бұру- күн тәртібіндегі басты мәселе.Жас ұрпақ жан-жақты жетілген,ақыл-парасатты, ой-өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу-қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр ұстаздың шығармашылық ізденіспен жаңаша жұмыс істеуін қажет етеді. Менің алға қойған мақсатым-оқушыға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру, балалардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту.Яғни бұл-бүгінгі күннің талабында.
Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдіс -тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Мен өзімнің іс тәжірибемде «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолданамын. Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу. Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.
Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау» барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды білу қажет:1.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
2.Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4.Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс – әрекетін қолдану.
5. Кейбір оқушылардан жауабының, сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
6.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Сын тұрғысынан ойлау технологияларын пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының:
- Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;
- Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;
- Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;
- Тіл байлығын дамыту үшін қалай да жауабын соңына дейін тыңдау;
- Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз, қинап сұрамау;
- Жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Менің өз іс тәжірибемде тарих сабағынан өткізген «Сақтардың тарихи-географиялық орны»деген тақырыптағы сабағыма тоқталып өтейін.
Мен бұл сабақта мынандай әдіс-тәсілдерді қолдандым.