Ббк 65. 053: 30ц с 23 Халықаралық аудит және сапаны бақылау стандарттарының жинағы, 2009 жылғы басылым/ағыл аударма/Алматы қаласы – 804 бет


Басқа заңды мен реттеуші талаптар бойынша есеп беру



бет57/65
Дата29.02.2016
өлшемі4.51 Mb.
#31520
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   65

Басқа заңды мен реттеуші талаптар бойынша есеп беру

[Аудиторлық есептік бөлімінің нысаны мен мазмұны аудитордың басқа есеп жауапкершіліктеріне қатысты.]

[Аудитор қол қоюы]

[Аудиторлық есептің датасы]

[Аудитор мекен жайы]

3 сүреттеме – сәйкес көрсеткіштер (Сілт: пар. A7)

13 параграфта баяндалған жағдайларды сипаттайтын есеп, мысалы:

Өткен кезеңнің қаржылық есептілігі аудитін алдыңғы аудитор орындайды.

Аудитор заңнама немесе нормативтік актілерге сәйкес корреспонденцияланатын көрсеткіштер бойынша аудиторлық есепке сүйене алып, сүйенуге шешім қабылдауы мүмкін.

ТӘУЕЛСІЗ АУДИТОР ЕСЕБІ

[Тиісті адресат]

Қаржылық есептілік бойынша есеп557

Біз ABC компаниясының көмекші қаржылық есептілігі аудитін орындағанбыз. Бұл 20X1 ж. 31 желтоқсанындағы баланс пен табыстар бойынша есептен, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептіліктен және аяқталған жыл бойынша ақшалай қозғалыс туралы есеп пен шын мәніндегі бухгалтерлік саясат тұжырымдамасы мен басқа түсіндірмелі ақпараттан тұрады.



Қаржылық есептілік бойынша субъект басшылығы558 жауапкершілігі

Субъект басшылығы Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандарттарына559 сәйкес бұл қаржылық есептілікті дайындау мен әділ түрде көрсетуге, сонымен қоса субъект басшылығының алаяқтық немесе қателерден туындаған елеулі бұрмаланбаған қаржылық есептілікті дайындаудың керектігіне шешімі бойынша қажетті болатын ішкі бақылауға жауапты болады.



Аудитор жауапкершілігі

Біз аудитімізге негізделген бұл қаржылық есептілік туралы пікір айтуға жауаптымыз. Біз Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сәйкес аудитті орындап жатқанбыз. Бұл стандарттарға сай біз әдептану талаптарына сәйкес келіп, шоғырландырылған қаржылық есептіліктің елеулі бұрмалануы туралы ақылға қонымды сенімділік беру үшін аудитті жоспарлай орындауымыз тиіс. Аудитке қаржылық есептілік сомалары мен ашулары бойынша аудиторлық дәлел алу үшін шаралардың орындалуы жатады. Таңдалған шаралар аудиторлық пікірге, сонымен қоса алаяқтық немесе қателерден туындаған шоғырландырылған қаржылық есептілік елеулі бұрмалануының тәуекелін бағалауға тәуелді болады.

Тәуекелді бағалауда, аудитор пікірінше ішкі бақылау жағдайларға тән болатын шараларды орындау мақсатымен, бірақ субъект ішкі бақылауының нәтижелілігі туралы пікір айту мақсатынсыз субъект қаржылық есептілікті дайындауы мен әділ көрсетуіне560 байланысты.561 Аудит сондай-ақ қолданылған есеп саясатының сәйкестігін, субъект басшылығының бухгалтерлік бағалаудың тиістілігін бағалаудан, сондай-ақ шоғырландырылған қаржылық есептіліктің жалпы сипаттағы көрсетілуін бағалаудан тұрады.

Пікірімізше алған аудиторлық дәлел аудиторлық пікір негізін салуға жеткілікті мен тиісті болады.



Пікір

Пікірімізше, қаржылық есептілік Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандартына сәйкес барлық елеулі қатынастарда 20X1 жылдың 31 желтоқсанына таман АВС компанияның қаржылық ұстанымын, қаржылық шаруашылығын, содан кейін жабылған жыл бойынша өз ақшалай қозғалысын әділ мен дұрыс көрсетеді.



Басқа Мәселе

АВС компаниясының 20X1 жылдың 31 желтоқсанында жабылған жылдың соңына қатысты қаржылық есептілігі аудитін басқа аудитор орындаған; 20Х1 жылдың 31 наурызына қатысты есептіліктер бойынша модификацияланбаған пікір білдірді.



Басқа заңды мен реттеуші талаптар бойынша есеп беру

[Аудиторлық есептік бөлімінің нысаны мен мазмұны аудитордың басқа есеп жауапкершіліктеріне қатысты.]

[Аудитор қол қоюы]

[Аудиторлық есептің датасы]

[Аудитор мекен жайы]

4 сүреттеме – сәйкес көрсеткіштер (Сілт: пар. A9)

15 параграфта баяндалған жағдайларды сипаттайтын есеп, мысалы:

Аудитор ағымдағы кезеңнің аудитімен байланысты ағымдағы кезеңнің қаржылық есептілігі мен алдыңғы кезеңнің қаржылық есептілігі туралы есеп беруі тиіс.

Бұрында шығарылған, өткен кезең бойынша аудиторлық есеп кәсіптік пікірді қамтиды.

Модификациялау керектігін тудыратын мәселе шешілмеген.

Ағымдағы кезеңнің көрсеткішіне мәселенің ықпалдары немесе ықтимал ықпалдары өткен кезеңнің қаржылық есептілігі мен өткен кезеңнің қаржылық есептілігіне елеулі болып, аудиторлық пікірді модификациялауы қажет.

ТӘУЕЛСІЗ АУДИТОР ЕСЕБІ

[Тиісті адресат]

Қаржылық есептілік бойынша есеп562

Біз ABC компаниясының көмекші қаржылық есептілігі аудитін орындағанбыз. Бұл 20X1 ж. 31 желтоқсанындағы баланс пен табыстар бойынша есептен, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептіліктен және аяқталған жыл бойынша ақшалай қозғалыс туралы есеп пен шын мәніндегі бухгалтерлік саясат тұжырымдамасы мен басқа түсіндірмелі ақпараттан тұрады.



Қаржылық есептілік бойынша субъект басшылығы563 жауапкершілігі

Субъект басшылығы Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандарттарына564 сәйкес бұл қаржылық есептілікті дайындау мен әділ түрде көрсетуге, сонымен қоса субъект басшылығының алаяқтық немесе қателерден туындаған елеулі бұрмаланбаған қаржылық есептілікті дайындаудың керектігіне шешімі бойынша қажетті болатын ішкі бақылауға жауапты болады.



Аудитор жауапкершілігі

Біз аудитімізге негізделген бұл қаржылық есептілік туралы пікір айтуға жауаптымыз. Біз Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сәйкес аудитті орындап жатқанбыз.

Бұл стандарттарға сай біз әдептану талаптарына сәйкес келіп, шоғырландырылған қаржылық есептіліктің елеулі бұрмалануы туралы ақылға қонымды сенімділік беру үшін аудитті жоспарлай орындауымыз тиіс.

Аудитке қаржылық есептілік сомалары мен ашулары бойынша аудиторлық дәлел алу үшін шаралардың орындалуы жатады. Таңдалған шаралар аудиторлық пікірге, сонымен қоса алаяқтық немесе қателерден туындаған шоғырландырылған қаржылық есептілік елеулі бұрмалануының тәуекелін бағалауға тәуелді болады. Тәуекелді бағалауда, аудитор пікірінше ішкі бақылау жағдайларға тән болатын шараларды орындау мақсатымен, бірақ субъект ішкі бақылауының нәтижелілігі туралы пікір айту мақсатынсыз субъект қаржылық есептілікті дайындауы мен әділ көрсетуіне565 байланысты.566 Аудит сондай-ақ қолданылған есеп саясатының сәйкестігін, субъект басшылығының бухгалтерлік бағалаудың тиістілігін бағалаудан, сондай-ақ шоғырландырылған қаржылық есептіліктің жалпы сипаттағы көрсетілуін бағалаудан тұрады.

Пікірімізше алған аудиторлық дәлел аудиторлық пікір негізін салуға жеткілікті мен тиісті болады.

Кәсіптік Пікір Негізі

Қаржылық есептіліктегі X жазулары бойынша, еш қорлар өтелімі Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандартынан ауытқуларды құрастыратын қаржылық есептілікте берілмеген. Субъект басшылығы алдыңғы қаржылық жылдың басында мынаған шешім қабылдай отырып, біз бұл жылға қатысты қаржылық есептілік бойынша біздің аудиторлық пікіріміз айтуға мәжбүрміз. Қорлар тозуын біркелкі түрде есептеу әдісі мен ғимарат үшін 5% жылдық ставка мен жабдықтау үшін 20% ставка негізінде, жылдың шығыны 20X1 жылда xxx есе көбейтіліп, 20X0 жылда ххх көбейтілуі тиіс; 20X1, 20X0 жылдағы ххх-нің шоғырландырылған тозуы арқылы төмендетіле отырып, шоғырландырылған шығындар 20X1 және 20X0 жылдарда ххх есе көбейтіледі.



Кәсіптік Пікір

Пікірімізше, Кәсіптік Пікір Негізінде баяндалған мәселелердің ықпалдарына қарамай, қаржылық есептілік Халықаралық Қаржы Есептілігінің Стандарттарына сәйкес барлық елеулі қатынастарда ABC компаниясының 20X1 ж. 31 желтоқсанындағы қаржылық ұстанымды, қаржылық шаруашылығын, жабылған жыл бойынша ақшалай қозғалыстарын әділ мен дұрыс көрсетеді.



Басқа заңды мен реттеуші талаптар бойынша есеп беру

[Аудиторлық есептік бөлімінің нысаны мен мазмұны аудитордың басқа есеп жауапкершіліктеріне қатысты.]

[Аудитор қол қоюы]

[Аудиторлық есептің датасы]

[Аудитор мекен жайы]

720 АУДИТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ

Аудит Қаржы Есебі қамтылған Құжаттардағы басқа да ақпараттарға қатысты Аудитордың Міндеттері

(Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанынан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді)



Кіріспе'>МАЗМҰНЫ
Параграф

Кіріспе

Бұл АХС ауқымы……………………………….......................................................1-2

Күшіне ену Күні ...........................................................................................................3

Мақсаты ......................................................................................................................4

Анықтамалары ..........................................................................................................5

Талаптары

Басқа Ақпаратты Қарастыру ...................................................................................6-7

Маңызды Жалғассыздық .......................................................................................8-13

Маңызды Факті Бұрмалаушылық .......................................................................14-16



Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал

Бұл АХС ауқымы ................................................................................................A1-A2

Басқа Ақпараттың Мағынасы ............................................................................A3-A4

Басқа Ақпаратты Қарастыру ..................................................................................A5

Маңызды Жалғассыздық ...................................................................................A6-A9

Маңызды Факті Бұрмалаушылық ...............................................................A10-A11





«Аудит Қаржы Есебі қамтылған Құжаттардағы басқа да ақпараттарға қатысты Аудитордың Міндеттері» 720 АХС Аудиттің халықаралық стандарты «Тəуелсіз Аудитордың Жалпы міндеті жəне Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сай аудитті жүргізу» 200 АХС стандартымен бірге оқылуы тиіс.




Кіріспе

Бұл АХС ауқымы

1. Бұл Аудиттің Халықаралық Стандарты (АХС) аудиттелген қаржылық есептілік құжаттарындағы басқа ақпаратқа қатысты аудитор жауапкершілігін, соған байланысты аудиторлық есепті қарастырады. Келісімнің белгілі бір жағдайларындағы кез келген жекелеген талаптың болмаған жағдайда, аудиторлық пікір басқа ақпараттан тұрмайды, және аудитордың басқа ақпарат тиісті анықталғандығына қарастыруға еш ерекше сипаттағы жауапкершілігі болмайды. Алайда, аудитор басқа ақпаратты қарастырады, себебі аудиттелген қаржылық есептіліктердің сенімділігі аудиттелген қаржылық есептілік пен басқа ақпарат арасындағы маңызды жалғассыздықтармен қиратыла алады. (Сілт: пар. A1)

2. Бұл АХС бойынша «аудителген қаржылық есептілік құжаттары» аудиттелген қаржылық есептілігі мен аудиторлық есепті қамтитын, иеленушілер (немесе ұқсас акционерлер) үшін шығарылған жылдық есептерге (немесе ұқсас құжаттарға) қатысты. Сонымен қоса бұл АХС бағалы қағаздар ұсыныстарына қолданылатындар секілді аудиттелген қаржылық есептілік құжаттарына қолданылып, жағдайларға қажетті болатындар ретінде бейімделген.567 (Сілт: пар. A2)
Күшіне ену күні

3. 2009 жылдың 15 желтоқсаннан басталатын немесе одан кейінгі кезеңдердегі қаржылық есептілікке қатысты күшіне енеді.



Мақсаты

4. Аудиттелген қаржылық есептіліктер құжаттары мен аудиторлық есептер қаржылық есептіліктердің сенімділігін қиратыла алатын басқа ақпаратты қарастырған жағдайда, аудитордың мақсаты тиісті түрде жауаптар қайтару.



Анықтамалары

5. Бұл АХС үшін келесі терминдер қолданылады:

(a) Басқа ақпарат – Заңнама, реттеуші актілерге сай аудиттелген қаржылық есептілік құжаттары мен аудиторлық есепке енгізілген қаржылық пен қаржылық емес ақпарат (қаржылық есептілік пен аудиторлық есеп ақпаратынан). (Сілт: пар. A3-A4)

(b) Жалғассыздық – Аудиттелген қаржылық ақпараттағы ақпаратқа қайшы келетін басқа ақпарат. Маңызды жалғассыздық бұрын



алынған аудиторлық дәлелден алынған аудиторлық қорытындыға мен, ықтимал, қаржылық есептілік бойынша аудиторлық пікір негізіне күмән келтіреді.

(c) Маңызды факті бұрмалаушылық – Дұрыс емес ашып көрсетілген аудиттелген қаржылық есептілікте пайда болатын мәселелерге қатысты болмайтын басқа ақпарат. Маңызды факті бұрмалаушылық аудиттелген қаржылық есептіліктердің сенімділігін қиратыла алады.



Талаптары

Басқа Ақпаратты Қарастыру

6. Аудитор, қажет болса, аудиттелген маңызды факті бұрмалаушылықтарды анықтау үшін, басқа ақпаратты қарастыруы тиіс.

7. Аудиторлық есепті шығару күніне дейін басқа ақпарат алу үшін аудитор субъект басшылығымен немесе өкілетті тұлғалармен кездесуі тиіс. Егер аудиторлық есепті шығару күніне дейін аудиторлық есеп туралы басқа ақпарат алына алмаса, онда аудитор сондай ақпаратты қарастырады. (Сілт: пар. A5)

Маңызды Жалғассыздық

8. Егер басқа ақпаратты қарастырып, аудитор маңызды бұрмалаушылықты анықтаса, онда ол аудиттелген қаржылық есептілік немесе басқа ақпаратты қайта қарастыру қажетін белгілеуі қажет.



Аудиторлық есепті шығару күніне дейін алынған басқа ақпараттағы маңызды бұрмалаущылықтар

9. Егер аудиттелген қаржылық есептілік қайта қарастырылуы қажет болса, және субъект басшылығы қайта қарастырудан бас тартса, аудитор 705 АХС568 сәйкес аудиторлық есепте аудиторлық пікірді модификациялайды.

10. Егер аудиттелген қаржылық есептілік қайта қарастырылуы қажет болса, және субъект басшылығы қайта қарастырудан бас тартса, аудитор бұл мәселе туралы өкілетті тұлғаларды хабардар етеді, барлық өкілетті тұлғалар субъектіні басқаруға қатысқанша:569 және

(a) Аудиторлық есепте 706 АХС570 сәйкес маңызды жалғассыздықты сипаттайтын Басқа Түсіндірмелі Параграфты енгізеді; немесе

(b) Аудиторлық есептен бас тартады; немесе

(c) Келісімді орындаудан бас тарту қолданыстағы заңнама немесе нормативтік актілерге сәйкес мүмкін болса, келісімді орындаудан бас тартады. (Сілт: пар. A6-A7)



Аудиторлық есепті шығару күнінен кейін алынған басқа ақпараттағы маңызды бұрмалаущылықтар

11. Егер аудиттелген қаржылық есептілік қайта қарастырылуы қажет болса, аудитор 560 АХС571 талаптарына сәйкес келеді.

12. Егер аудиттелген қаржылық есептілік қайта қарастырылуы қажет болса, және субъект басшылығы қайта қарастыруға келісімді білдірсе, аудитор жағдайлар бойынша қажетті болып саналатын шараларды орындайды. (Сілт: пар. A8)

13. Егер аудиттелген қаржылық есептілік қайта қарастырылуы қажет болса, және субъект басшылығы қайта қарастырудан бас тартса, аудитор басқа ақпаратқа қатысты аудиторлық қорқуы туралы өкілетті тұлғаларды хабардар етеді және бұдан әрі тиісті шараны орындайды, барлық өкілетті тұлғалар субъектіні басқаруға қатысқанша. (Сілт: пар. A9)


Маңызды Факті Бұрмалаушылық

14. Егер маңызды бұрмалаушылықты анықтау мақсатымен басқа ақпаратты қарастырып, аудитор анық маңызды бұрмалаушылықты анықтаса, онда ол мәселені субъект басшылығымен талқылайды. (Сілт: пар. A10)

15. Егер осындай талқыларға сәйкес келіп, аудитор аудитор анық маңызды бұрмалаушылық әлі орын алады деп санаса, онда ол субъект басшылығына кәсіптік үшінші жақпен, мысалы субъекттің заңды кеңес берушісімен, талқылауды өтініп, алынған кеңесті қарастырады.

16. Егер аудитордың қорытындысы бойынша субъект басшылығы түзетуден бас тартқан басқа ақпараттағы елеулі бұрмалаушылық орын алса, аудитор басқа ақпаратқа қатысты аудиторлық қорқуы туралы өкілетті тұлғаларды хабардар етеді және бұдан әрі тиісті шараны орындайды, барлық өкілетті тұлғалар субъектіні басқаруға қатысқанша. (Сілт: пар. A11)


***
Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал

Бұл АХС ауқымы

Заңды немесе басқа реттеуші талаптарға сәйкес басқа ақпаратқа қатысты қосымша жауапкершіліктер (Сілт: пар. 1)

A1. Аудитордың заңды немесе басқа реттеуші талаптарға сәйкес бұл АХС тыс басқа ақпаратқа қатысты қосымша жауапкершіліктер. Мысалы, кей заңды құзырлы жағдайларда аудитор талап етілген қосымша ақпарат секілді

белгілі бір басқа ақпаратқа ерекше сипаттағы шараларды орындай отырып, басқа ақпаратта көрсетілген шарушылық көрсеткіштері бойынша пікір айтуы тиіс. Осындай міндеттер орын алса, аудитордың қосымша жауапкершіліктері келісім сипаты арқылы заңнама, нормативтік актілер мен кәсіптік стандарттарға сәйкес анықталады. Егер мұндай ақпарат ескерілмесе немесе оның кемшіліктері бар болса, аудитордың заңнама немесе нормативтік актілерге сәйкес аудиторлық есепте мәселене қатысы бар болуы тиіс.

Аудиттелген қаржылық есептілік құжаттары (Сілт: пар. 2)

Кішігірім субъекттерді қарастыру

A2. Заңнамаға сәйкес, кішігірім субъекттердің аудителген қаржылық есептілік құжаттарын шығаруға анағұрлым кіші жауапкершілігі бар. Алайда, мұндай құжаттың мысалы кездеседі, өкілетті тұлғалардың есебі бойынша заңды талап орын алғанда. Кішігірім субъекттердің аудителген қаржылық есептілік құжаттарына енгізілген басқа ақпаратқа мысалдар жіті табыс туралы есепті, субъект басшылығының есебін қарастырады.

Басқа ақпараттың мағынасы (Сілт: пар. 5(a))

A3. Басқа ақпаратқа мысалдар:

• Субъект басшылығы немесе өкілетті тұлғалардың есеп беруі.

• Қаржылық тұжырымдама мен көрсеткіштер.

• Жұмысқа қабылдау бойынша мәліметтер.

• Жоспарланған капитал шығындары.

• Қаржылық коэффициенттер.

• Директорлар мен қызметкерлердің аты-жөндері.

• Таңдалған тоқсандық ақпарат.

A4. Бұл АХС үшін, басқа ақпарат төмендегілерді қарастырмайды:

• Прес-релиз пен тапсырыс ету меморандумы, мысалы аудиттелген қаржылық есептілік пен аудиторлық есеппен бірге берілетін ілеспе хат.

• Талдамалы нұсқаудағы ақпарат.

• Субъекттің веб-сайтындағы ақпарат.

Басқа ақпаратты қарастыру (Сілт: пар. 7)

A5. Аудиторлық есепті шығару күніне дейін басқа ақпаратты алу аудиторға ықтимал маңыздық сәйкессіздіктерді мен анық маңызды бұрмалаушылықтарды субъект басшылығымен дер кезінде болдырмауға мүмкіншілік береді. Басқа ақпарат қашан көз жетерлік болатыны бойынша Субъект басшылығымен келісім пайдалы болып келеді.



Маңызды жалғассыздық

Аудиторлық есепті шығару күнінен кейін алынған басқа ақпараттағы маңызды жалғассыздықтар (Сілт: пар. 10)

A6. Субъект басшылығы басқа ақпаратты қайта қарастырудан бас тартса, аудитор қандай бұдан әрі шара бойынша аудитор заңды кеңес берушісінің кеңесін алу қажетін қарастырады.

Мемлекеттік сектор кәсіпорындарын қарастыру

A7. Мемлекеттік секторда, келісімді орындаудан бас тарту немесе аудиторлық есепті ұсынуды тоқтату болып саналмайды. Сондай жағдайларда, аудитор тиісті заңды орын алдында жалғассыздықтың бөлшектерін қамтитын есеп береді.



Аудиторлық есепті шығару күнінен кейін алынған басқа ақпараттағы маңызды жалғассыздықтар (Сілт: пар. 12-13)

A8. Егер субъект басшылығы басқа ақпаратты қайта қарыстыруға келісімін білдірсе, аудиторлық шаралар бұрын шығарылған қаржылық есептілікті, аудиторлық есепбі мен басқа ақпаратты алған тұлғалар қайта қарастыру туралы ақпарат алуын қамсыздандыру үшін субъект басшылығының іс-әрекеттеріне шолу жүргізе алады.

A9. Егер субъект басшылығы аудитордың пікірінше қажетті болып табылатын сол сияқты ақпаратты қайта қарастырғысы келмесе, аудитордың тиісті бұдан әрі әрекеттері аудитордың заңды кеңес берушісін қамти алады.

Маңызды Факті Бұрмалаушылық (Сілт: пар. 14-16)

A10. Субъект басшылығымен анық маңызды бұрмалаушылықты талқылау кезінде аудитор басқа ақапараттағы кей ашып көрсетулердің ақиқаттығын, аудитордың сұрауына субъект басшылығының жауаптарын бағалай алмай, пікір немесе қорытындының ақиқат айырмашылықтарының орын алуын анықтай алуы мүмкін.

A11. Егер аудитордың қорытындысы бойынша субъект басшылығы түзетуден бас тартатын маңызды факті бұрмалаушылықтың орын алса, аудитордың сәйкесті бұдан әрі шаралары аудитордың заңды кеңес берушісінің кеңесін алуды қарастыра алады.

800 АУДИТТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ

Ерекше Пікір – Арнайы Мүдделі Құрылымға Сәйкес Тағайындалған Қаржылық Есептердің Аудиті

(Қаржылық есептілік аудиттеріне қатысты 2009 жылдың 15 желтоқсанынан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерде күшіне енеді)



МАЗМҰНЫ
Параграф

Кіріспе

Осы АХС мазмұны ...................................................................................................1-3

Жарамды Мезгілі..........................................................................................................4

Мақсаты ......................................................................................................................5

Анықтамалары........................................................................................................6-7

Талаптары

Келісімді Қабылдау Кезіндегі Түсініктер..................................................................8

Аудитті Жоспарлау және Орындау Кезіндегі Түсініктер ..................................9-10

Пікір Қалыптастыру және Есептерді Қарастыру .............................................11-14



Қолданбалы және Басқа Түсіндірме Материал

Арнайы Мүдделі Құрылымның Анықтамасы ..................................................A1-A4

Келісімді Қабылдау Кезіндегі Түсініктер ........................................................A5-A8

Аудитті Жоспарлау және Орындау Кезіндегі Түсініктер .............................A9-A12

Пікір Қалыптастыру және Есептерді Қарастыру .......................................A13-A15

Қосымша: Аудиторлардың арнайы мүдделі қаржылық есептеулері бойынша есептерінің үлгілері





«Ерекше түсініктер – арнайы мүдделі құрылымға сәйкес тағайындалған қаржылық есептердің аудиті» 800 Аудит Халықаралық Стандарты (АХС), «Тəуелсіз Аудитордың Жалпы міндеті жəне Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сай Аудитті Жүргізу» АХС 200 бірге оқылуы тиіс.




Кіріспе

Осы АХС-тың мазмұны

1. Аудит бойынша халықаралық стандарттар (АХС) 100-700 басылымдары қаржылық есептердің аудитіне қолданылады. Бұл АХС алдыңғы АХС-тің қолданылуындағы арнайы мүдделі құрылымдарға сәйкес тағайындалған қаржылық есептердің аудитіне негізделеді.

2. Бұл АХС арнайы мүдделі құрылымдарға сәйкес тағайындалған қаржылық есептеулердің толық жинағының контекстінде жазылған. АХС 805572 жеке қаржылық есептеудің немесе нақты элементтің аудитіне қатысты арнайы түсініктерді, қаржылық есептеудің есебі немесе мәселесін қарастырады.

3. Бұл АХС басқа АХС-тердің талаптарының орнын баспайды; келісімдердің жағдайында қатысты болатын арнайы түсініктерді қарастырады дегенді де білдірмейді.



Жарамды Мезгілі

4. Бұл АХС қаржылық есептердің аудиттері үшін 2009 жылдың 15-ші желтоқсанында басталатын немесе одан кейінгі уақыт аралығында жарамды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет