Семинар пән: «Информатика» Тақырыбы: «Ақпаратты өңдеудің әдістері: ақпаратты танып білу, сақтау ақпаратты беру. Ақпаратты кодтау»



бет1/2
Дата11.09.2023
өлшемі133.5 Kb.
#477147
түріСеминар
  1   2
«Ақпаратты өңдеудің әдістері ақпаратты танып білу, сақтау ақпаратты беру. Ақпаратты кодтау» тақырыбында семинар-сабақ


«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК

СЕМИНАР

Пән: «Информатика»
Тақырыбы: «Ақпаратты өңдеудің әдістері: ақпаратты танып білу, сақтау ақпаратты беру. Ақпаратты кодтау»

Семей қ.
Пән: Информатика


ІІ бөлім. Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы
Курс тақырыбы 2.1. Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты өңдеудің әдістері: ақпаратты танып білу, сақтау ақпаратты беру. Ақпаратты кодтау
Семинар сұрақтары:

  1. Ақпаратты танып білу, сақтау ақпаратты беру

Қоғамның қазіргі кездегі дамуының ең басты - белгісі бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекеттерінің барлық салаларында ақпарат жинаудың артуы болып табылады. Адамның бар өмірі - қалай да болсын - ақпарат алу, жинау және өңдеумен байланысты.


Біз өмір сүріп отырған ғасырға автомобиль, электр, авиация, атом энергиясы, космонавтика, электрондық техника ғылымының жылдам даму, кітап басып шығару мен радиоқабылдағыштың арасы 440 жуық жыл болса, радио мен теледидар арасында 30, ал алғашқы транзистор мен интегралдық схеманың арасы 5 жыл болған.
Ақпарат - адамның өзіне қарағанда әлдеқайда көне құбылыс. (Жартастағы суреттер, "Жазбалар ғибадатханасы", Майя өркениетінің иероглифті тақталары да, ежелгі египеттіктердің папирустары, гректердің абак тастары).
Ақпарат деген не?
Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "іпforтаtіо" сөзінен шыққан. Бұған қарамастан ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі. Ақпараттың анықтамасының көп болуына байланыстыүш теориялық жолы бар.
Бірінші теория (К.Шенон) сандық ақпараттық тұрғыдан қарастырып, оқиғаның анықталмағандығының (энтропия) өлшемі ретінде, оның көлемі оны алу ықтималдығына тәуелді. Бұл теория ақпаратты кодтауға, өлшеуге негіз болады.
Екінші теория ақпаратты метерияның қасиеті ретінде яғни кибернетиканың пайда болуы кез-келген хабарлама ақпарат болады деп пайымдайды. В.М. Глушков "Ақпаратты тек әріптермен шимайланған кітап беттері, адам тілі ғана емес табиғат құбылыстары да жеткізеді" деген яғни ол материядан тыс болған емес болуы мүмкін емес. Оны сақтауға өндеуге және жинауға болады.
Үшінші теория ақпарат - бұл білімнің әрекеттегі, пайдалы, "жұмыс істеуші" бөлігі. Бұл теориялар бір-бірін толықтырады.
Сонымен ақпарат, бұл - айналадағы дүние туралы анықталмағанды (белгісізді) анықтайтын мәліметтер. Олар сақтау, түрлендіру, беру және пайдалану объектісі болып табылады.
Кибернетиканың "атасы" Ноберт Винердің "Ақпарат- сыртқы дүниеден біздің оған бейімділуіміздің және біздің сезімдеріміздің бейімделуінің процесінде алынған мазмұнды көрсету" деген. Ақпарат көздері символдық, мәтіндік, графикалық тәсілдермен берілуін тудырады. (құжаттар, аудио жазбалар, түрлі құжаттар, фотосурет, схема).
Ақпарат қасиеттерін үш аспектіде қарастыруға болады:
- техникалық тұрғыдан – дәлдік, сенімділік сигнал беру жылдамдығы;
- семантикалық – мәтіннің мағынасын кодтар көмегімен беру;
- прагматикалық – объектінің мінез-құлқына қаншалықты тиімді әсер етуі.
Ақпаратты беру сақтау және өңдеу процестері ақпараттық процестер деп аталды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет