Ббсж ааж деректер қоры мәліметтерінің толықтығы мен



Дата23.02.2016
өлшемі34.79 Kb.
#9573


ББСЖ ААЖ деректер қоры мәліметтерінің толықтығы мен

дұрыстығына, соның ішінде мемлекеттік органдардың 2011 жылғы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімін сақтауы бөлігінде жүргізілген мониторинг нәтижелерінің қорытындысы

Комитеттің 3-басқармасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу жөніндегі бөлімі ББСЖ ААЖ деректер қоры мәліметтерінің толықтығы мен дұрыстығына, соның ішінде мемлекеттік органдардың 2011 жылғы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімін сақтауы бөлігінде жүргізілген мониторинг нәтижелерін қорытындылады.

Қорытындылау барысында Комитеттің аумақтық органдарының 2011 жылғы 12 айдағы қорытындысы бойынша ұсынылған ақпараттары зерделенді.

Мониторинг көрсеткендей, 2011 жылдың 12 айындағы ББСЖ ААЖ жалпы қоры жеке және заңды тұлғалардың 18 миллионнан артық өтінішін құрады, олардың ішінде 6 778 өтініш мерзімі бұзылып қаралды (1-диаграмма), 60 620 өтініш бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері дұрыс емес есепке алу мәліметтерін ұсынған (2-диаграмма).


Диаграмма 1


Бұзушылыққа жол берген субъектілерге қатысты жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша 347 ұсыныс енгізіліп, 234 ақпараттық хат жолданды. Оларды қарау нәтижесі бойынша 951 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың 19-ы тәртіптік сыбайлас жемқорлық (7 – Ақтөбе облысы, 5 – Қостанай облысы, 5 – СҚО, 2 – ШҚО) және 55 - әкімшілік жауаптылыққа (24 – СҚО, 23 – БҚО, 5 – Ақтөбе облысы, біреуден – Қызылорда, Маңғыстау және Қостанай облыстары) тартылды.

Одан басқа, мониторинг қорытындыларына қадағалаушы прокурорларға прокурорлық ықпал ету шараларын қабылдауы үшін 89 ақпарат жолданды.

Прокуратура органдарымен өзара әрекеттесуде Комитеттің БҚО (прокурорға 24 ақпарат жолданды), ШҚО (прокурорға 18 ақпарат) және СҚО (прокурорға 16 ақпарат) бойынша басқармалары жоғарғы белсенділік танытты.

Тәжірибе көрсеткендей, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңымен (бұдан әрі – ҚР Заңы) белгіленген мерзімдерді бұзудың негізгі себептері, сондай-ақ дұрыс емес деректерді ұсыну мемлекеттік орган қызметкерлерінің осы саладағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білмеуі, сонымен қоса мемлекеттік органдар басшылығы тарапынан ведомстволық бақылаудың әлсіздігі болып табылады.

Мерзімі бұзылып қаралған өтініштердің ең көбі Комитеттің Қарағанды (1866), Қостанай (1350), Алматы(775) және Атырау (752) облыстары бойынша басқармаларында анықталды.

Мысалы, Атырау облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу басқармасына «АТЫРАУ СУ АРНАСЫ» КМК-дан 19.04.2011 жылы Мақату бойынша сумен қамтамасыз ету тарифтерін бекіту туралы өтініш келіп түсті, жауап заңды тұлғаға 59 күн өткеннен кейін 17.06.2011 жылы жолданған.

Одан әрі, «Көкшетау қаласының Білім беру бөліміне» 10.03.2011 жылы келіп түскен Букрееваның өтініші ведомстволық бағыныстылығы бойынша тек 04.05.2011 жылы, яғни 55 күн өткеннен кейін жолданған, ал ҚР Заңымен қайта жолдауға 3 күндік мерзім белгіленген болатын.

Сондай-ақ, мониторингпен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарамаудан көрінетін көптеген заң бұзушылықтар анықталды.

Сонымен, мониторинг нәтижелері бойынша қараусыз қалдырылған 1 633 өтініш анықталды, олардың ішінде 999 немесе 61%-ын Комитеттің Қостанай, 464 – Ақтөбе облыстары, 97 – БҚО, 55 – СҚО бойынша басқармалары анықтады.

Осылайша, Қостанай облысының Сәулет және қала құрылысы басқармасында ҚР Заңының 15 бабын бұзудың 54 дерегі – өтініш берушілерге жазбаша жауап жолдамау анықталды.

ББСЖ ААЖ деректер қорының толықтығы мен дұрыстығы өтініштердің қаралу мерзіміне сапалы мониторинг жүргізудің негізгі құрамдасы болып табылатынын атап өту керек.

Сонымен қатар, мониторинг нәтижелері көрсеткендей, субъектілер әлі күнге дейін жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпаратты дұрыс және толық енгізбеу деректеріне жол беруде, бұл есепке алу мәліметтерінің бұрмалануына алып келеді.




2-диаграмма


2011 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мәліметтерді қате енгізудің 60 мыңнан астам дерегі анықталды.

Мұндай бұзушылықтардың ең көп саны Қарағанды – 35 202 немесе 58%, Ақмола – 3 990, Жамбыл облыстарына – 6 980 және Алматы қаласына – 2 690 келеді.

Сонымен, Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданы бойынша ХҚКО филиалы ХҚКО-на 2011 жылдың 2-тоқсанында келіп түскен 21 603 өтініш бойынша «Тіркеу деңгейі» деректемесін дұрыс толтырмаған.

Мысалы, 20 999 карточкада көрсетілген деректеме «Республикалық» деп толтырылған, ал облыстардағы тіркеу деңгейі негізінен облыстық, аудандық/қалалық болып табылады.

Анықталған бұзушылық нәтижелері бойынша жоғарыда көрсетілген ХҚКО-ға ақпараттық хат жолданды, АЕҚ-ға тиісті түзетулер енгізіліп, ББСЖ ААЖ-ға деректерді қайта жүктеу жүргізілді.

Осындай бұзушылықтың жаппай сипат алуын ескере отырып, сонымен қатар тіркеу деңгейі бойынша мәліметтердің қажет болмауына байланысты, жаңадан әзірленген адамдардың өтініштерін есепке алу карточкасында бұл деректеме алынып тасталды.



Осылайша, көрсетілген шара осындай бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.

ҚР Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі комитетті




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет