Сабақтың тақырыбы: Қысқаша бейнелеу өнерінің даму тарихы. Бейнелеу өнерінің құралдары.
Бейнелеу өнерінің түрлері:
Кескіндеме өнері (живопись). Живопись- қағаз, тақтай, картон, кенеп бетіне әр түрлі бояумен орындалатын шығарма.
Живопись бейнелеу өнерінің кең дамыған түрі болып саналады. Живопись орындалу тәсіліне, бояу түрлеріне байланысты бірнеше топқа бөлінеді.
Станокты живопись – белгілі қағазда, картонда, кенепте, тұғыр (станок) үстінде орындалатын живопись.
Монументальды живопись – белгілі сарай, ғимараттардың іші- сыртын безендіру үшін қолданылатын живопись. Роспись, мозаика, фреска, т.б.
Миниатюралық живопись – кітап мазмұнына байланысты шағын көлемді материалда орындалатын сурет. Негізінен кітап көркемдеуде басты орын алады.
Графика. Графика сөзі гректің "графо" – жазамын, сызамын, сурет саламын деген сөзінен шыққан. Ал жалпы графика дегеніміз – ақ және қара түстердің негізінде, қатаң сызықтармен салынған сурет.
Графика орындалу тәсіліне, өзіндік ерекшелігіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді.
Гравюра - тақта, ағаш, линолеум бетіне арнаулы аспаптармен ойып істелетін сурет салу өнері.
Ксилография – ағаш бетінде орындалған сурет.
Литография – тегіс орындалатын гравюра.
Иллюстрация – кітап мазмұнына, ертегілерге арналып салынған сурет.
Мүсін өнері. Мүсін, яғни «скульптура» латынша /sculptura/ сөзі алғашқыда қатты материалдардан фигураларды қашап жасауды, шекуді мүсін жасауды білдірген. Мүсіннің басқа бейнелеу өнері түрлерінен айырмашылығы – көлемділігі, аумақтық формасы. Мүсін жұмыр / оны барлық жағынан қарауға болады/ және бедерлі болып келеді. Рельеф- тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазық беттегі мүсіндік бейне.
Сәулет өнері. Сәулет негізі үш түрге бөлінеді. Бірінші-көлемді құрылыстар сәулеті. Бұған тұрғызылған үйлер, қоғамдық орындар жатады.
Екінші түрі- ландшафты сәулет. Ол негізінен демалыс орындарының құрылыстарымен байланысты. Бұған скверлер, сонымен қатар сәнді орындықтар, фонтандары бар саябақтар жатады.
Сәулеттің үшінші түрі –қала құрылысы. Бұларға жаңадан қалалар мен ауылдар салу немесе қала аудандарын өзгерту жұмыстары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |