Бейорганикалық химия практикумы



бет1/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)


БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ
ПРАКТИКУМЫ

Оқу құралы


Алматы 2005

ӘЛЬ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ
ПРАКТИКУМЫ

Оқу құралы


Профессор М.М.Бүркітбаев пен
химия ғылымдарының кандидаты
Р.Г.Рысқалиеваның
редакциялауымен

Алматы
"Қазақ университеті"


2005

УДК 541.0


ББК 24 1я 7
П81


Басып шығаруға химия факультетінің ғылыми кеңесі мен әл-Фараби атындағы РБК ұсынған


Авторлар тобы:


М.М.Бүркітбаев, Н.Н.Нұрахметов, Х.К.Токсеитов, М.Р.Танашева, Г.С.Куанышева, Г.В.Абрамова, С.М.Романова, Ж.Е.Жакупова, Б.Д.Балғышева, Р.Г.Рысқалиева, А.И.Ниязбаева


Рецензенттер:

х.ғ.д., профессор Р.Ш.Еркасов (Л.Н.Гумилев атындағы


Евразия ұлттық университеті)
профессор Ж.О.Бегалиева (М.Тынышбаев атындағы Қазақ
Транспорт және Көлік Академиясы)
х.ғ.д., профессор М.К.Алдабергенов (әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық универстиеті)
П 81 Бейорганикалық химия практикумы: Оқу құралы /Профессор М.М.Бүркітбаев пен химия ғылымдарының кандидаты Р.Г.Рысқалиеваның редакциялауымен. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. - 277 бет.

Оқу құралы жоғары оқу орындарының химия мамандықтары үшін бейорганикалық химия курсының бағдарламасына сәйкес келеді, сонымен қатар жалпы және бейорганикалық химия курсының барлық маңызды бөлімдерін қамтиды. Жалпы химиядан лабораториялық сабақтарға берілген тақырып бойынша лабораториялық жұмысты жасауға керекті қысқаша теориялық кіріспе жасалған.


Оқу құралы жоғары оқу орындарының химия мамандығы бойынша оқитын студенттері мен аспиранттарына арналған.

ІSBN 9965-12-180-X




Кіріспе

Жоғарғы оқу орындарында химия курсының негізгі бір бөлігі лабораториялық жұмыстар болып табылады. Ал, лабораториялық жұмыстарсыз студенттерді химия негіздерімен таныстыру мүлдем қиын. Бұл оқу құралы әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде жалпы және бейорганикалық химияны оқытудағы көп жылдық тәжірибиенің қорытындысы болып табылады. Практикумды құрастырғанда Кеңес одағының және шетел авторларының лабораториялық жұмыстарға байланысты еңбектері, журналдарда жарық көрген материалдар, өте жақсы жұмыстар және кафедра қызметкерлерінің еңбектері қолданылған.


Бейорганикалық химия практикумы алғаш рет 1976 жылы Б.А.Бірімжанов пен Л.А.Кадушкинаның редакциялауымен шығарылған болатын.
Оқу құралының бұрынғы басылымдардан айырмашылығы кафедра оқытушылары дайындаған барлық тәжірибелер жартылай микроәдіске жауап беретін реактивтердің аз мөлшерімен жүргізіледі.
Реактивтердің аз мөлшерімен жұмыс істеу өте тиімді және тәжірибе көрсеткендей біраз айырмашылықтары бар:
1.Тәжірибелердің толық қауіпсіздігін және лаборатория ауасының тазалығын қамтамасыз етеді.
2.Реактивтер мен энергия көзін үнемдеуге септігін тигізеді.
3.Уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, себебі реактивтердің аз мөлшерімен жасалатын тәжірибелерді тез жүргізуге болады.

  1. 4.Ұқыптылықты тәрбиелеуге әсерін тигізеді.

5.Студенттер реактивтердің аз мөлшерін қолдана отырып, тәжірибелерді жеке орындауларына болады да, бұл олардың өз бетімен жұмыс істеп үйренуіне мүмкіндік береді.
Оқу құралында практикалық сабаққа бөлінген уақыт ішінде орындауға болатыннан да көп тәжірибе берілген, бұл оқытушыға бір тәжірибені екінші тәжірибемен ауыстыруға, сонымен бірге олардың санын лабораториялық жұмысқа бөлінген уақытпен сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Жалпы химия курсының мақсаты бакалавр дайындауға оқу жоспарымен қарастырылған басқа химия пәндерін оқуға теориялық негіз салу болып табылады.
Практикум Қазақстан Республикаларының университеттерінің химия факультеттері үшін жалпы және бейорганикалық химия бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
Оқу құралының бірінші бөлімінде бейорганикалық химиядан лабораториялық жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері, қарапайым аспаптар мен қондырғыларды жинаудың негізгі қағидалары көрсетілген және керекті зертханалық құрал-жабдықтар мен химиялық ыдыстарға қысқаша сипаттамалар берілген. Практикумның бұл бөлімінің мақсаты-студенттерді заттарды тазалау мен идентификациялаудың негізгі әдістерімен таныстыру, лабораториялық журналды қалай безендіру керектігін көрсету.
Екінші бөлім жалпы химияның типтік жұмыстарына арналған. Оларға бөлім бойынша жасалатын жұмыстың мәнін түсіну үшін керекті қысқаша теориялық кіріспе берілген.
Үшінші бөлім бейметалдар химиясына, ал төртінші бөлім-металдар химиясына арналған. Ыңғайлы болу үшін лабораториялық жұмыстың алдында студенттерге керекті құрал-жабдықтар мен реактивтер келтіріледі. Көптеген ерітінділер үшін олардың концентрациялары көрсетілген. Әрбір бөлімнің соңында бейорганикалық қосылыстардың қосымша синтездерінің сипаттамасы берілген. Оларды семестр бойы үлгірімі өте жақсы студенттерге немесе курстық жұмыс ретінде семестр соңында кез-келген қосымша жұмыс жасағысы келетін студентке беруге болады.
Оқу құралына қосымша ретінде бейорганикалық химиядан курстық жұмысты орындауға байланысты кейбір нұсқаулар, лабораториялық жұмыстар үшін реактивтер дайындау, ІUPAC бойынша бейорганикалық қосылыстардың номенклатурасының ережесі, керекті анықтамалық материалдар мен жалпы және бейорганикалық химия бойынша әдебиеттер тізімі берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет