Бейорганикалық химия практикумы



бет104/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

2. Моноклинді күкірт.
Кәрлен отбақырашқа күкірт толтырып, оны жаймен балқытыңдар. (Балқыма отбақыраштың жартысына дейін болуы керек). Кристалдық қабықша пайда болғанша отбақырашты суытыңдар. Кристалдар ортасына жиналғанда, қатып үлгермеген күкіртті суы бар стақанға тез құйыңдар да, ұлғайтқышпен кристалдарды қарап, суретін салып алыңдар. Кристалдарды сағат шынысында күкірткөміртекте ерітіңдер. Күкірткөміртек ұшып кеткен соң, қайтадан түзілген кристалдардың пішінін көріңдер. Полиморфизм дегеніміз не?
3. Пластикалық күкірт.
Құрғақ сынауықтың үштен бір бөлігіне күкірт түйірлерін салып, сынауықты ағаш ұстағышпен ұстап, жанарғы жалынында жаймен қыздырыңдар. Балқыған күкірттің түсі мен қозғалысына көңіл аударыңдар. Қыздыруды жалғастыра отырып, күкірттің түрінің өзгеруі мен тұтқырлығының өсуін бақылаңдар. Қайнау температурасы аймағында күкірт қарайып, қайтадан қозғалғыш күйге түседі. Осы сәтте күкіртті суық суы бар кристаллизаторға сыздықтатып құйыңдар. Алынған массаны судан шығарып алып, екі сүзгі қағазының ортасына салып кептіріңдер. Күкірттің созылғыштығы мен күкірткөміртекте ерігіштігін анықтаңдар. Алынған массаның бір бөлігін келесі сабаққа дейін қалдырып қойып, тағы да оның физикалық қасиетін зерттеңдер. Күкіртте болған өзгерістерді түсіндіріңдер.


ғ 53 жұмыс. Күкіртсутек. Сульфидтер



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: электр плитасы, газ шығатын түтігі бар тығынмен жабдықталған сынауықтар, шырпы, технохимиялық таразы, темір сульфиді (FeS), 20% тұз қышқылы, лакмус қағазы, шыны пластина, кәрлен отбақыраштың қақпағы, “қорғасын қағазы” (қорғасын ацетаты ерітіндісі сіңірілген сүзгі қағазы), күкірт және алюминий ұнтақтары, кәрлен отбақыраш, магний жолағы, темір (ІІ), мырыш, кадмий, қорғасын (ІІ), сүрме (ІІІ), мыс (ІІ), аммоний сульфидінің ерітіндісі, 10% H2SO4, хлор суы, бром суы, калий перманганаты және дихроматы ерітінділері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет