ІҮ. «Балалар ауруы» пәнінің кәсіби стандарттары
4.1. Стандарт «Ерте жастағы балалардың дене салмағын анықтау»
Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау
Дайындаңыз: медициналық таразы немесе медициналық электронды таразы, таза жөргек (нәрестелерге - стерильді ), қолғап, дезинфекциялық ерітінді, өңдеу үшін ветошь, КБУ, баланың даму тарихы, қаламсап.
Іс-әрекет алгоротимі:
Медициналық таразыда баланың дене салмағын анықтау:
1.Анасына ем-шараны жүргізудің мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
2.Таразыға ештеңе тимейтіндей етіп тегіс, әрі қатты жерге орналастырыңыз.
3. Килограмдық және грамдық гірді «0»-ге түзеп қойыңыз.
4. Қолыңызды гигиеналық өңдеуден өткізіп, қолыңызға стерильді қолғап киіңіз.
5. Таразыны дезинфекциялық ерітіндіге малынған ветошьпен өңдеңіз.
6. Құлыпты ашып, рычагтарды теңестіріп, құлыпты жабыңыз.
7. Таразыға жөргекті қойып, грамдық гірді рычагтар теңескенше жылжыта отырып, жөргектің салмағын өлшеп алыңыз.
8. Құлыпты жауып, жөргекті таразыға қайта төсеңіз.
9. Баланың басын таразының кең жағына қаратып жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.
10. Таразының құлпын ашыңыз, килограмдық және грамдық гірлермен жұмыс істей отырып, рычагтарды теңестіріңіз.
11. Таразының құлпын жауып, баланы таразыдан алып, анасына беріңіз.
12. Гірдің сол жағынан нәресте денесі салмағының көрсеткіштерін анықтаңыз (жөргектің салмағын алып тастаңыз).
13. Баланың даму тарихына бала салмағының көрсеткішін жазып және анасына хабарлаңыз.
14. Жөргекті алыңыз.
15. Таразыны дезинфекциялық ерітіндіге малынған ветошьпен өңдеңіз.
16. Қолғапты шешіп, КБУ-ға тастаңыз.
17. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Электронды таразымен баланың салмағын анықтау:
1. Анасына ем-шараны жүргізудің мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
2. Таразыға ештеңе тимейтіндей етіп тегіс, әрі қатты жерге орналастырыңыз.
3. Қолыңызды гигиеналық өңдеуден өткізіп, қолыңызға стерильді қолғап киіңіз.
4. Таразыны дезинфекциялық ерітіндіге малынған ветошьпен өңдеңіз.
5. Арнайы басқыштарды баса отырып, таразының жұмысқа дайындығын тексеріңіз. Таразыны қосқанда панельде «888888»-ден «000000»-ге дейін өзгеріп отырған сандар пайда болады.
6. Таразыға жөргекті төсеп, оның салмағын өлшеңіз, панельде жөргектің салмағы және kq символы пайда болады.
7. Жөргектің салмағын баланың салмағына қоспас үшін Т деген кнопканы басыңыз. Панельде ноль саны және NET символы пайда болады.
8. Баланы таразыға жатқызғанда таразының панельнде нәресте салмағының көрсеткіші пайда болады.
9. Баланы таразыдан алдып, анасына беріңіз.
10. Баланың даму тарихына бала салмағының көрсеткішін жазып және анасына хабарлаңыз (Көрсеткіш 35-40 секунд жанып тұрады).
11. Таразыдағы жөргектің көрсеткішін алып тастау үшін Т кнопкасын басыңыз.
12. Арнайы кнопканы басып, таразыны өшіріңіз.
13. Қолғапты шешіп, КБУ-ға тастаңыз.
14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |