Бейорганикалық химия практикумы


Элементтердің (ІІІ) гидроксидтері



бет182/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

2. Элементтердің (ІІІ) гидроксидтері. Екі сынауыққа 5-6 тамшы темір (ІІІ) хлоридінің ерітінділерін құйып, оған 3-4 тамшы 2 н сілті ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады?
Бір сынауыққа сұйытылған қышқыл ерітіндісін қосып, ал екінші сынауықта тұнбаның сілтіде еруін бақылаңдар.
1-2 мл кобальт (ІІ) хлоридіне, никель сульфатына 5-7 мл бром суын, содан соң натрий гидроксиді ерітіндісін қосыңдар. Қандай өзгеріс болады?
Тұнба бетіндегі сұйықты мүмкіндінше толық төгіп, содан соң 2 мл концентрлі тұз қышқылын (тартқыш шкафта), сілті құйып, қыздырыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Темір (ІІ) және темір (ІІІ) гидроксидтерінің қайсысының негіздік қасиеті басым және оны қалай түсіндіруге болады? Неліктен кобальт (ІІІ), никель (ІІІ) гидроксидтерінің алыну тәсілдерінің темір (ІІІ) гидроксидтерін алу тәсілінен айырмашылығы бар? Темір, никель және кобальт гидроксидтерінің тотығу дәрежелеріне байланысты қышқылдық-негіздік қасиеттері қалай өзгереді?
Ескерту. Темір үшін сұйытылған H2SO4 70%-тен артық болмау керек.


ғ 117 жұмыс. Темір, кобальт және никель қосылыстары



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: әмбебап иономер немесе рН-метр, 2 н натрий карбонаты, 0,5 н жаңадан дайындалған темір (ІІ) сульфатының немесе Мор тұзының ерітінділері, калий (ІІІ) гексацианоферраты, тұз қышқылы, темір (ІІ) тұздары, темір (ІІ) хлориді, аммоний сульфиді, калий гексацианоферраты (ІІ), кобальт сульфаты, натрий сульфиді, никель (ІІ) тұздары, калий гидроксиді (құрамында көмір қышқылының тұздары жоқ кристалдар), бром суы, 1 н барий хлориді, күкіртсутекті су, кобальт хлориді, 2 н аммиак ерітіндісі, диметилглиоксим (сулы-спиртті ерітінді), концентрлі хлорсутек қышқылы, 0,1 н калий перманганаты.



1. Темір (ІІ) тұздарының қасиеттері.
1. Әмбебап иономер көмегімен темір (ІІ) сульфаты ерітіндісінің рН-ын анықтаңдар. Гидролиз реакциясының теңдеуін жазыңдар. Оған натрий карбонатының ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазып, алынған нәтижелерді түсіндіріңдер.
2. Мор тұзы ерітіндісіне калий гексацианоферрат (ІІІ) (қызыл қан тұзын) ерітіндісін құйыңдар. Не алынады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Бұл реакция не үшін қолданылады?
3. Күкірт қышқылымен қышқылданған темір (ІІ) тұзы ерітіндісіне калий перманганатының ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Темір (ІІ) тұздарының калий перманганатымен және дихроматымен әрекеттесу реакция теңдеулерін жазыңдар.
Темір (ІІ) қосылыстарының тотықтырғыш- тотықсыздандырғыш қабілеттері туралы қорытынды жасаңдар. Темір (ІІ) тұздары хлор, бром, иод суларымен тотыға ма (стандартты тотығу-тотықсыздану потенциалының мәндерін қараңдар)?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет