Бейорганикалық химия практикумы


Қажетті құрал жабдықтар мен реактивтер



бет181/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

Қажетті құрал жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, спирт жанарғысы, темір (сым немесе шеге үгінділері), кобальт және никель жоңқалары, 2 н күкірт қышқылы, концентрлі күкірт қышқылы ((=1,84 г/см3), 2 н тұз қышқылы, концентрлі тұз қышқылы ((=1,19 г/см3), 2 н азот қышқылы, концентрлі азот қышқылы ((=1,4 г/см3), 0,5 н кобальт (ІІ) тұзының, 0,5 н никель тұзының ерітінділері, 40% және 2 н натрий гидроксиді, 0,5 н қаныққан кобальт хлориді ерітіндісі, 0,5 н никель сульфаты , бром суы, 70% күкірт қышқылы.



ғ 115 жұмыс. Металдардың қышқылдармен әрекеттесуі

Сынауықтарға жеке-жеке темір (кобальт немесе никель) үгінділерін салып, сұйытылған (2 н) және концентрлі азот, күкірт, тұз қышқылдарын құйыңдар. Суықта реакция жүрмеген сынауықтарды қыздыру қажет.


Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар. Ерітінділер қандай түске боялады? Концентрлі азот және күкірт қышқылдарының суықта және қыздырғанда әрекеттесу айырмашылықтарын қалай түсіндіруге болады?
Fe, Co, Nі элементтерінің жалпы қасиеттерін сипаттаңдар. Өздеріңнің байқауларыңның нәтижесінде элементтен элементке ауысқанда қасиеттерінің өзгеруінің қандай тенденцияларын көрсете аласыңдар?


ғ 116 жұмыс. Элементтердің гидроксидтерін алу және олардың қасиеттері



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, 0,5 н никель (ІІ), темір (ІІ) және (ІІІ), кобальт (ІІ) тұздарының ерітінділері, 40% және 2 н натрий гидроксиді, сұйытылған және концентрлі тұз қышқылының ерітінділері, бром суы.

1. Элементтердің (ІІ) гидроксидтері. Жаңадан дайындалған темір (ІІ) сульфаты, кобальт (ІІ), никель (ІІ) тұздарының ерітінділері құйылған сынауықтарға сілті ерітінділерін құя отырып, темір, кобальт және никель гидроксидтерінің тұнбаларын алыңдар.
Тұнбалардың түстері қандай? Ауада қалай өзгереді? Ауадағы оттекпен темір (ІІ), кобальт (ІІ) және никель (ІІ) гидроксидтерінің әртүрлі қатынастарын қалай түсіндіруге болады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Элементтердің (ІІ) гидроксидтерінің сұйытылған тұз қышқылына және сілті ерітіндісінің артық мөлшеріне қатынасын анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Темір (ІІ), кобальт (ІІ) және никель (ІІ) гидроксидтерінің қасиеттері қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет