«Бейорганикалық химияның фундаменталды сұрақтары» пәнінен дәрістер жинағы Әдістемелік нұСҚау шымкент, 2015 ж


Лекция-12. Көміртектің қосылыстары мен қасиеттері



бет14/20
Дата28.05.2022
өлшемі1.65 Mb.
#458753
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
бейорг

Лекция-12. Көміртектің қосылыстары мен қасиеттері,
Алюминийдің қосылыстары мен қасиеттер.
Жоспар:
1. Көміртек жалпы сипаттама, алу жолдары.
2. Көміртек қосылыстары, қолдануы.
3. Алюминий жалпы сипаттама, алу жолдары.
4. Алюминий қосылыстары, қолдануы.

Көміртек және көміртектін аллотропиясы. Көміртектің қосылыстары бүкіл тірі организмнің негізі болып табылады Жер қыртысының 0,14%-і көміртектің үлесіне тиеді. Ол табиғатта бос күйінде алмаз, графит түрінде қосылыс күйінде бордың, мрамордың құрылысына кіреді. Ауадағы 0,03% шамасында CO2 болады.Көміртек тас көмірдің мұнайдың табиғи газдар құрамында болады.


Химиялық қасиеттері. Химиялық жағынан көміртек кәдімгі жағдайда инертті зат, бірақ жоғарғы температураларда химиялық активтеніп металдардың, бейметалдардың көпшілігімен реакцияласады. Металдармен қосылыстарын жалпы карбидтер деп атайды. Карбидтер көміртекті металдармен немесе металоксидтерімен қыздыру арқылы алынады. Карбидтер қатты кристалды заттар, ерімейді,ұшпайды,балқуыда қиын.Карбидтердің ішінде маңыздысы кальций карбиді CaC2, оны электр пеште жоғары температурада мына реакция бойынша алады.
CaO + 3C → CaC2 + CO

Кальций карбидін CaC2 өнеркәсіпте ацетилен және кальций цианамидін (тыңайтқыш) алу үшін қолданады.


Көміртектің қосылыстары.

  1. Көміртектің (II) оксиді. Көміртектің (IV) оксиді

  2. Көмір қышқылы және карбонаттар

Көмір,не көміртекті қосылыстар жоғары температурада оттек жетімсіз жағдайында жанса,көміртек (II) оксиді түзіледі.


2C + O2→2CO
CO – т.ссіз,иіссіз,ауадан жеңіл улы газ.Ол – 1920С сұйылады,- 2670 қатады.Бұл оксид тұрмыста ИІС газы деп аталады.Ол қанның гемоглобинімен қосылып оттектің қанға өтуіне кедергі жасайды.Ауада 0,1% иіс газы болса адам уланады.

Көміртек оксиді CO қыздырғанда ауада жанып көп жылу шығарады.


2CO + O2 → 2CO2
Көміртек диоксиді CO2. CO2 көмір қышқыл газ деп те аталады. CO2 шіру. тыныс алу процестерінде түзіледі.Ол минералды суларда,мұхит, теңіз сула-рында еркін күйде кездеседі. Өнеркәсіпте CO2 ізбес тасын қыздырып айырып алады:
CaCO3 →CaO + CO2
Лабораторияда мраморға тұз қышқылымен әрекеттестіріп алады
CaCO3 + 2HCI → CaCI2 + H2O + CO2
Көміртек диоксиді CO2 – түссіз, ауыр газ, ауадан 1,5 есе ауыр. Ол жануды, тыныс алуды қолдамайды. Сұйық CO2 қатты суыған қар сияқты массаға айналады. Мұндай түрдегі оксидті құрғақ мұз деп атайды.Құрғақ мұз балқымай буланады да температурасы – 78,50С қа дейін кемиді. Бұл қасиетін заттарды тоңазытуға қолданады.
CO2 тотықтырғыш қасиет көрсетеді
CO+42 + 2Mg0 → 2Mg+2O + C0

Көміртек диоксиді суда еріп көміртек қышқылын түзеді.


CO2+ H2O→ H2CO3

CO2 сода алу үшін, газденген сусындар дайындау үшін және өрт сөндіретін аспаптарды толтыру үшін қолданады. Қатты CO2 тоңазытқыш агенттерінде пайдаланады.


Көмір қышқылы және оның тұздары Көмір қышқылы H2CO3 тек еріген күйде ғана бола алады. Өзі әлсіз қышқыл, суда диссоциялану тепе-теңдігі солға қарай ауысқан.
CO2 + H2O ↔H2CO3 ↔H + HCO-3
HCO-3 → H+ + CO2-3

Көмір қышқылының тұздарын тұз алудың жалпы әдістерімен алуға болады – ол үшін көміртек диоксидімен сілтіні әрекеттестіруге болады, мысалы


NaOH + CO2 → NaHCO3
KHCO3 + KOH→ K2CO3 + H2O
Көмір қышқылының маңызды тұздары CaCO3 K2CO3, Na2CO3, NaHCO3 жатады. Әсіресе өнеркәсіпте алынатын натрий карбонатының немесе соданың маңызы зор.
Сода көп мөлшерде аммиакты әдіспен алынады:
NH3 + H2O + CO2 → NH4HCO3
NH4HCO3 + NaCI →NaHCO3 +NH4CI

Түзілген NaHCO3 суда нашар ериді.Оны бөліп алып қыздырғанда натрий карбонатын түзеді.


2NaHCO3→Na2CO3 + CO2 + H2O

Түзілген натрий карбонатын кальцийленген сода деп атайды.


Көміртек қосылыстарының қолданылуы.CO2 салқын сусындар даяр-лауға, сода өндіруге өрт сөндіргіштерде,тамақ өнеркәсібінде,қатты күйдегісі тоңазытқыштар ретінде қолданылады. CO генератор және су газы түрінде отын есебінде, әр түрлі заттар алуға (сутек,CH3OHт.б.) шикі зат ретінде қолданылады. NH4HCO3 медицинада,кондитер өнеркәсібінде қолданылады. Na2CO3 (сода) және K2CO3 (сақар) көп мөлшерде шыны,сабын өндіругеде қолданылады. CaCO3, MgCO3 (табиғи карбонаттар) CO2 және металдар оксидтерін алуға құрылыста шыны,цемент,бетон,кірпіш жасауға металлургия өнеркәсібінде қоспаларды шлакқа айналдыруға жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет