Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Гидролиздену дәрежесіне температураның тигізетін әсері



бет94/189
Дата05.11.2022
өлшемі5.26 Mb.
#464071
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   189
химия дәрістер (1) (1)

2. Гидролиздену дәрежесіне температураның тигізетін әсері.

а) Пробиркаға 2–3 мл натрий ацетаты ерітіндісін құйып, оған 2–3 тамшы фенолфталеин тамызыңыз. Пробиркадағы ерітіндіні қайнағанша қыздырып, ерітінді түсіне назар аударыңыз. Гидролиздену реакциясының теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңыз. Қыздырғанда сұйықтықтың түсі неліктен өзгереді? Ал салқындатқанда не байқалады?


ә) Пробиркаға 2–3 мл натрий карбонаты ерітіндісін құйып, оған 2–3 тамшы фенолфталеин тамызып, қайнағанша қыздырыңыз да, ерітіндінің түсінің өзгеруіне назар аударыңыз. Натрий карбонатының гидролиздену реакциясының теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңыз.
б) Пробиркаға 1 мл темір(ІІІ) хлориді ерітіндісін, 1–2 мл натрий ацетаты ерітіндісін, оның үстіне 3–5 мл дистильденген су құйыңыз. Сұйықтықты қыздырып, бірнеше минут қайнатыңыз. Қоңыр түсті негіздік темір ацетаты тұнбасының түзілуіне назар аударыңыз.
Темір хлориді, натрий карбонаты, натрий ацетаты және су арасындағы реакция теңдеулерін жазыңыз. Қыздырғанда неліктен тұнба түзілетіндігін түсіндіріңіз.


3. Гидролиздену дәрежесіне ерітіндіні сұйылтудың
тигізетін әсері

1–2 мл хлорлы сурьма ерітіндісіне тамшылатып су құйыңыз. Негіздік тұз тұнбасының түзілуіне назар аударыңыз. Алғаш негіздік тұз Sb(OH)2Cl, кейін ол су молекуласын бөліп оксохлорид SbOCl түзілетіндігін еске алып, реакция теңдеулерін жазыңыз. Тұнбасы бар бұл сұйықтықты келесі тәжірибеге сақтап қойыңыз.




4. Гидролиздену дәрежесіне реакция ортасының
тигізетін әсері (қайтымды гидролиз)

3-тәжірибеде алынған хлорлы сурьманың негіздік тұзы бар тұнбасына ол ерігенше тұз қышқылын тамшылатып құйыңыз. Сонан соң оған таза су қосыңыз. Осыдан бақылаған құбылысты түсіндіріп, гидролиздің реакция теңдеуін жазыңыз.




5. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқыл тұзының
гидролизі (қайтымсыз гидролиз)

Пробиркадағы 1–2 мл алюминий сульфаты ерітіндісінің үстіне 1–2 мл натрий карбонаты ерітіндісін құйып, көмір қышқыл газының бөлінуіне және алюминий гидроксидінің тұнбаға түсуіне назар аударыңыз.


Тұнбаның құрамында алюминий карбонаты жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Ол үшін тұнба бетіндегі сұйықтықты декантациялау арқылы бөліп, сумен жуып, тұнбаға тұз қышқылымен әсер етіңіз. Сонда көмір қышқыл газы бөліне ме? Гидролиздену реакциясының молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет