Бейсен Сейітұлы Онтаевтың биографиясы. Бейсен Сейітұлы Онтаев



бет1/2
Дата19.01.2023
өлшемі26.03 Kb.
#468542
түріБиография
  1   2
Бейсен Сейітұлы Онтаев биографиясы



Бейсен Сейітұлы Онтаевтың биографиясы.
Бейсен Сейітұлы Онтаев 25.04.1922 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы,Ордабасы ауданы,Қараспан ауылында туылды. 04.03.1991жылы Оңтүстік Қазақстан облысы,Арыс қаласына қарасты Монтай тас аулында дүниеден озды. Б.Онтаев екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы, қатардағы жауынгер, қазақ. Ата-анасынан жастай жетім қалып, 1931-1936 жылдарында,№8 балалар үйінде тәрбиеленген. Соғыс қарсаңында 1941 жылы Шымкент ауыл шаруашылығы техникумын бітіріп, Отырар, Мактарал аудандарында жер суландыру жүйесінде жұмыс істеген. Кеңес әскері катарына 1942 жылдың қаңтарында Мақтарал ауданының комиссариатынан шақырылып,1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. Орталық майдан 65-армия, Қызыл Тулы 69- Севск атқыштар дивизиясы, 120-атқыштар құрамындажаумен шайқасты.Шабуылдардың бірінде бекінген жау жаяу әскерге бас көтертпеді. Онтаев бастаған 13 жауынгер жер бауырлап жау траншеясына жетті. 10 танкіні қалқалаған 200-ден астам жау әскері аз ғана топқа қарсы ұмтылды. Ал барлаушылар 4 танкіні талқандап, 80-нен астам жау әскерін жойды. 1943 жылы15 қазанда Радулі деревнясы (Украина, Чернигов облысы,Репки ауданы) маңында Днепрден өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін Онтаевқа 1943жылы 30 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп,Ленин ордені менАлтын жұлдыз медалі қоса тапсырылды.1945-1947жылдары Арыс аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болды. 1947-1949 жылдары Алматыдағы Жоғары партия мектебін бітірді.1949-1952 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында облыстық партия комитетінде істеді,Шымкент ауыл шаруашылығына қарасты МТС партбюросын басқарды. 1952-1953 жылдары Талдықорғанда Қапал шекара қызметінде рота командирінің орынбасары болды.1953 жылы денсаулығына байланысты аға лейтенант шенінде запасқа кетті.Соғыстан кейін Шымкент педагогикалық институтын бітіріп,1953 -1987 жылдары мектеп директоры қызметінде болды. 1965-1987жылдарында Арыс ауданына қарасты В.В. Маяковский атындағы,ал қазір Б.Онтаевтың аты берілген мектепте 22 жыл директор болып қызмет атқарды. Ордабасы ауданына қарасты(Бөген ауданы) Туған ауылына, сонымен қатар орта мектепке Оңтаев есімі берілген. l-дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, «Германияны жеңгені үшін», «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін»,Киев қаласын азат еткені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Владимир Ильич Лениннің туылғанына 100 жыл толуы құрметіне,Еңбектегі ерлігі үшін» медальдармен және Қ.Р.ХАЛЫҚ АҒАРТУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ белгісімен марапатталған. Ауылдық, аудандық Кеңестердің депутаттығына партия конференцияларының делегаттығына ,Қазақстан мұғалімдерінің VI cъезінің делегаттығына сайланды. Ұлы жеңістің 30,40жылдығында мемлекет басшыларының,ал 45жылдығында Қ.Р.президенті Н.Назарбаевтың қабылдауында болып,Ұлы жеңіс мейрамымен құттықтап, құрмет көрсетілді. Өмірінің соңына дейін халқының,елінің, өкіметтің қалаулы, құрметті азаматы болып, еткен еңбегінің лайықты бағасын алды.
Ал семья жағдайына келсек ,соғыстан кейін елге оралып Онтаева Хафизаға үйленіп,үш ұл үш қызды тәрбиелеп өсірді.Үлкені Әлия педагог,Асқар бухгалтер,Гулия заңгер, Саттар фермер,Болат дәрігер,Мария педагог.Олардың барлығы өз отбасыларын құрған.Батырдың он бес немересі бар.(Б.Онтаев,Х.Онтаева,Ә. Онтаева,А.Онтаев қайтыс болған)
Кеңес Одағының батырлары
1922, Оңтүстік Қазақстан облысы,Ордабасы ауданы,Қарааспан ауылы - өлген жылы белгісіз) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы, қатардағы жауынгер,қазақ. Ата-анасынан жастай жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленген. Соғыс қарсаңында Шымкент ауыл шаруашылығы техникумын бітіріп, Отырар, Мактаарал аудандарында жер суландыру жүйесінде жұмыс істеген. Кеңес әскері катарына 1942 жылдың қаңтарында шақырылып, Орталық майдан 65-армия 69-атқыштар дивизиясы 120-полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Шабуылдардың бірінде бекінген жау жаяу әскерге бас көтертпеді. Оңтаев бастаған 13 жауынгер жер бауырлап жау траншеясына жетті. 10 танкіні қалқалаған 200-ден астам жау әскері аз ғана топқа қарсы ұмтылды. Ал барлаушылар 4 танкіні талқандап, 80-нен астам жау әскерін жойды. 1943 жылы15 қазанда Радулі деревнясы (Украина, Чернигов облысы,Репки ауданы) маңында Днепрден өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін Оңтаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (30.10.1943). Соғыстан кейін Шымкент педагогикалық институтын бітіріп, мектеп директоры қызметінде болды. Туған ауылына, сонымен қатар орта мектепке Оңтаев есімі берілген. Ленин, l-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет