МАЗМҰНЫ
Кіріспе....................................................................................................................2І-ТАРАУ. ҰЛЫБРИТАНИЯ, АҚШ, КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ТЕГЕРАН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
1.1.1939-1942 жж. әскери қимылдар. Гитлерге қарсы одақтың құрылуы.................................................................................................................6
1.2.КСРО, Құрама Штаттары мен Ұлыбританияның 1943 ж. Мәскеу конференциясы......................................................................................................17
1.3.Ұлыбритания, АҚШ, Кеңес Одағының мемлекет басшыларының Тегеран конференциясы......................................................................................24
ІІ-ТАРАУ. КСРО, АҚШ ЖӘНЕ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫРЫМ (ЯЛТА) КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
2.1.1944 ж. екінші Квебек конференциясы......................................................30
2.2.КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның мемлекет басшыларының Қырым (Ялта) конференциясы........................................................................33
ІІІ - ТАРАУ. БЕРЛИН (ПОТСДАМ) КОНФЕРЕНЦИЯСЫ. СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛЕРІНІҢ КЕҢЕСІНІҢ (СІМК) ҚҰРЫЛУЫ
3.1. Потсдам конференциясы. Сыртқы Істер Министрлерінің Кеңесінің (СІМК) құрылуы...........................................................................................46
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................58
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТКЕ СІЛТЕУЛЕР.......................................60
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................62
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Адамзаттың дипломатиялық тарихында халықаралық конферен-циялардың алатын орны зор. Баршаға мәлім ең алғашқы бұндай халықаралық конференцияның Еуропадағы Наполеон жорықтары аяқталғаннан кейін 1815 Вена қаласында өткені. Ол тарихқа Вена конгресі деген атақпен кірді. Бірінші дүниежүзілік соғысы аяқталғаннан кейін Версаль-Вашингтон халықаралық жұйесін құрған атақты Париж бейбіт конференциясы өтті. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында фашизмді жеңуге септігін тигізген, соғыстан кейінгі халықаралық тәртіпті орнатқан, адамзаттың келешек өмір сүруі мен дамуына зор ықпал тигізген Гитлерге қарсы құрылған коалицияның 3 конференциясы өтті. Ол Тегеран, Қырым, Потсдам конференциялары. Биылғы жылы бүкіл әлем адамзатқа зор қасірет пен қайғы әкелген, мыңдаған адамдардың жанын алып кеткен Екінші дүниежүзілік соғыс-тың аяқталуының 63 жылдығын және Кеңес үкіметінің фашизмді талқандауының 61 жылдығын салтанатты түрде атап өткен жағдайда бұл оқиғаларды қайтадан еске түсіріп зерттеу өте қажетті де өзекті.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі 1945-1991 жж. баяғы одақтастар арасында болған "қырғи - қабақ соғысы" барысында, Гитлерге қарсы құрылған коалицияның тарихы, жоғарыда аталған конференциялардың тарихы, олардың нәтижелері Кеңес одағында да, Батыс елдерінде де тенденциясында зерттелді. Сондықтан бұл кеңестік тарихнамада ең бұрмаланған тақырып болды.
Әлемдік социалистік жүйе күйреп, Кеңес Одағы ыдырып, оның құрамында болған мемлекеттер тәуелсіздікпен, егемендікке қолы жеткен жағдайда, имперлық диктаторлықтан арылған Қазақстан Республикасының жас тарихшылары көптеген мәселелерді қайтадан қарап, бағалауы керек. Сондықтан мен тарихи шындықты жаңғыртып, Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуге зор ықпалын тигізіген адамзаттың келешек дамуына зор әсерін тигізген Тегеран, Қырым, Потсдам конференцияларының тарихын зерттеуді өзімнің азаматтық борышым деп есептедім.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихи ой жүйесіндегі өзгерістер негізінде зерттеу жұмысының өзектілігі мен қажеттілігін айқындай отырып, 1945-1991 жж. кеңестік тарихнамада, 1991 -2005 ж. ресейлік және отандық тарихнамада жарық көрген, бұл мәселеге арналған деректер мен арнайы зерттеулер негізінде, 1943-1945 жж. өткен Тегеран, Қырым, Потсдам конференцияларының шақырылу тарихын олардың қызметін, негізгі шешімдерін және адамзаттың тарихындағы алатын орнын көрсетуді мақсат етік. Бұл күрделі де жауапты мақсаттарға жету үшін төмендегідей нақты міндеттер айқындалды:
-1941 ж. бастап Гитлерге қарсы одақтың құрылуын, оның мақсаттарын сипаттау;
-
КСРО, Құрама Штаттары мен Ұлыбританияның 1943 ж. Мәскеу конференциясының маңызын ашу;
-
Ұлыбритания, АҚШ, Кеңес Одағының мемлекет басшыларының Тегеран конференциясының дайындалу тарихын, жұмыс барысын, күн тәртібіндегі қаралған маңызды мәселелердің талдануын, олар бойынша жүрген дискуссияларды көрсету және қабылданған шешімдерді талдау;
-
КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның мемлекет басшыларының Қырым (Ялта) конференциясының негізгі шешімдерін көрсету;
- 1944 ж. екінші Квебек конференциясының Екінші дүниежүзілік соғыстағы алған орнын көрсету;
- 1945 ж. Потсдам конференциясының, әсіресе Германияға қатысты, және сонымен қатар бөтен де халықаралық мәселелерді шешуін көрсету;
- Екінші дүнижүзілік соғыс барысындағы Тегеран, Қырым, Потсдам конференцияларының тарихи маңызын көрсету.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері 2 жылдан астам - 1944 -1945 жж. негізгі мақсаты - фашизмді күйрету үшін шақырылған Тегеран, Қырым, Потсдам конференцияларының тарихын қамтиды
Зерттеудің деректік және тарихнамалық негізі болған 1945-1991 жж. кеңестік тарихнамада, 1991 - 2005 ж. ресейлік және отандық тарихнамада жарық көрген, бұл мәселеге арналған деректер мен арнайы зерттеулер және мерзімді басылымдағы жарық көрген материалдар.
Бұл жұмысты жазуға негіз болған мынадай деректер:
-
Бұл мәселеге қатысты жарық көрген "Важнейшие рөшения", 2 томдық "Переписка Председателя Совета Министров СССР с Президентами США и премьер-министрами Великобритании во время Великой Отечественной войны 1941-1945 гг.", "Сборник действующих договоров, соглашений и конвенции, заключенных СССР с иностранными государствами», «Тегеран. Ялта. Потсдам: Сборник документов» деген құжаттар жинақтары мен «Қазіргі заман тарихы» бойынша хрестоматия.
-
Сонымен қатар мен дерек ретінде бұл соғыс туралы жазған атақты саясатшылар мен әскөри адамдардың естеліктерін алдым. Мысалы Екінші дүниежүзілік соғыс барысындағы Ұлыбританияның премьер- министрі болған У. Черчилльдің "Вторая мировая война" деген 2 томдық естелігі мен фашистік Германияның 1933-1945 жж. Тұрғылықты әскерлерінің колбасшысы Б. Мюллер-Гиллебрандттың «Сухопутная армия Германии. 1933-1945 гг." дөген мемуары.
Дипломдық жұмыста жоспарланған мәселелерді мен мынадай арнайы зерттеулер негізінде қарастырдым:
-
1945-1991 ж. кеңестік тарихнамада жарық көрген С.Л. Агаевтың "Иран между прошлым и будущим. События, люди, идеи", В.Л.Исраэлянның "Дипломатия в годы войны", В.С. Ковальдің "Политика и стратегия США во второй мировой войне", А.М. Самсоновтың "Вторая мировая война", В.Г. Трухановскийдің «Внешняя политика Англии в период второй мировой войны (1939-1945)», Н.Н. Яковлевтің "От Перл-Харбора до капитуляции" деген монографияларына негізделдім.
-
Кеңестік кезеңде және қазіргі Ресей Федерациясында жарияланған мынадай зерттеулер жинақтары: "Внешняя политика Советского Союза в период Отечественной войны", "Всемирная история: Вторая мировая война / Под ред. А.Н. Бадак, И.Е. Войнич, Н.М.Волчек и др.", "Исторой Второй мировой войны /Под ред. А.Н. Бадак, И.Е. Войнич, Н.М.Волчек и др.", "Вторая мировая война: Дискуссии. Основные тенденции. Результаты исследовании. /По ред. В. Михалки.", "История войны на Тихом океане. Т.1У. "Мировое хозяйство и мировая политика", "Союзники в войне 1941-1945 гг.".
-
Ресей Федерациясында 2000 ж. жарық көрген Е.Ю. Сергеевтің өте құнды "Новейшая история. Подробности 1941-1945гг." деген материалдар жинағы.
-
Бұл мәселені зерттеуге арналған шетелдік зерттеушілердің орыс тіліне аударылған еңбеқтері: Дж. Эрманнның "Большая стратегия. Август 1943-сентябрь 1944", Ф. Шерманның "Война на Тихом океане".
-
Мерзімді басылымдар: "Правда", "Известия" газеттері, "Новая и новейшая история" журналы.
Зерттеу жумысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, қорытынды, пайдаланған әдебиеттөр тізімі мен 5 параграфқа бөлінген ІІІ тараудан тұратын негізгі бөлімнен тұрады.
І-ші тарауда "Ұлыбритания, АҚШ, Кеңес Одағының мемлекет басшыларының Тегеран конференциясының" тарихы зерттелген. ІІ -ші тарауда "КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның мемлекет басшыларының Қырым (Ялта) конференциясы" сипатталған. ІІІ - ші тарауда "Берлин (Потсдам) конфөренциясының" тарихи маңызы ашылып, онда құрылған біріккен Сыртқы Істер Министрлерінің Кеңесінің соғыстан кейінгі Германияға, оның саттёлиттері мен азат етілген Еуропаға қатысты мәселелерді шешуі көрсетілген.
І - ТАРАУ. ҰЛЫБРИТАНИЯ, АҚШ, КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ТЕГЕРАН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
1.1. 1939-1942 жж. әскери қимылдар. Гитлерге қарсы одақтың құрылуы.
1939 ж. 1 қыркүйекте фашистік Германияның Польшаға соғыс жариялауымен Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. 2 қыркүйекте Польша мемлекетінің өмір сүруіне кепілдік берген Ұлыбритания мен Франция Германияға соғыс жариялады. Немістер екі майданға соғысуға мәжбүр болды - Батыс майданында олар Ұлыбритания мен Франциямен соғысты, Шығыс майданда Польшамен.
Өздерінің "блицкриг" ("қауірт соғыс") жоспарларына сәйкес немістер Батыста шамалы әскерлгерін ғана тастап, негізгі күштерін Польшаға төкті. Фашистер әскер саны және техника бойынша Польшадан біраз асып түсті. Поляк әскерлерінің қатты қарсылығына қарамастан, немістер Польшаның территориясына тереңдей түсті. 16 қыркүйекте поляк үкіметі Лондонға эмиграцияға кетті. Қыркүйек айының соңында барлық поляк жерлерін немістер басып алды. Гитлер басып алған поляк жерлерінде неміс наместнигі басқаратын генерал-губернаторство құрып қойды [1, 24.]. Бұл уақытқа дейін Польша мемлекетінің құрамында болған Батыс Украина мен Батыс Белоруссия жерлерін поляк үкіметі Лондонға қашып кеткеннен кейін, кеңес әскерлері басып алды және олар КСРО-ң құрамына қосылды [2, 58.]. Бұл уақытта Батыс майданда тарихқа "оғаш соғысы" деген атпен кірген оқиғалар жүріп жатты. Ұлыбритания мен Франция немістерге соғыс жариялағанымен бұл жерлерде белсенді әскери қимылдар жүргізілмеді [3, 28.].
1939 ж. қараша айында Еуропаның солтүстігінде тағы да соғыс басталды. Кеңес үкіметі көршілес Финляндиямен шекаралық мәселелерді келіссөздер арқылы шеше алмағандықтан енді оны күшпен шешуге кірісті. 1939 ж. 30 қарашада КСРО Финляндияға соғыс жариялап оған қарсы әскери қимылдарды бастады. Бұл соғыс Кеңес Одағы үшін өте қиын түсті. Кеңес әскерлері көп шығынға ұшырады, майдандарда жеңіске жете алмады. Бұл соғысқа байланысты оның халықаралық беделі түсіп кетті. Оны Ұлттар Лигасынан шығарып тастады. Бұл оқиғаны пайдаланып Батыс мемлекеттері КСРО-ға қарсы біріккен майдан құру үшін ат салыса бастады. Бірақта 1940 ж. науырыз айында көптеген адам шығынының нәтижесінде КСРО бұл соғыста жеңіске жетіп, өзінің Финляндиямен шекарасын Ленинградтан, Мурманскіден және Мурманск темір жолынан әжептәуір аластатты [4, 58.]
1940 ж. сәуір айында Лондон мен Париж күтпеген уақытта Гитлер өз тарапынан Батыстағы "оғаш соғысты" аяқтады. 9 сәуірдө 1 күннің ішінде ол Данияны басып алып Норвегияға десант түсірді. Гитлердің бұл әрекеттері Ұлыбритания мен Франциядағы Гитлерді "жайластыру" керек, оның экспансиясын КСРО-ға итермелеу керек деген бағытты үстанған саясатшылардың опық жегенін көрсетті. Ұлыбританияда бұл саясатты үстанған Дж. Чемберлен басқарған ағылшын үкіметі отставқаға жіберілді. Енді Ұлыбритания үкіметін басқаруға нацистік Германиямен батыл соғыс жүргізу бағытын қолдаған, XX ғ. ірі саясатшыларының бірі Уинстон Черчилль келді [5, 28.]
Бірақта бұл кеш болды, себебі Гитлер Батыс майданда шабуылға шығу үшін дайындықты жасап үлгерген еді. 10 мамырда 1940 ж. немістер француздер неміс-француз шекарасында жасап қойған "Мажино қорғаныс шебін" айналып өтіп Бельгия мен Голандияны басып алып Солтүстік Францияға ұмтылды. Дюнкерк деген жердің маңайында 400 -мыңдық ағылшын-француз әскерлері немістердің қоршауында қалды. Тек көптеген адам шығындарынан кейін бұл ағылшын-француз әскери тобының қалдығын Ұлыбританияға эвакуациялауға мүмкіндік туды [5, 32.]. Немістер адымдап астана - Парижге жақындап қалды. 1940 ж. 10 мамырында француз үкіметі астанадан қашып Бордо қаласына көшеді. Олар қашып кеткеннен кейін Францияның үкімет басына маршал Петен келеді. Билік басына келе сала ол Гитлерге тізе бүгіп бейбіт келісім жасауды өтінеді. Сөйтіп Фрнцияның коллаборационистік сатқын үкіметі Францияның немістерден жеңілгенін мойындады [6, 120.].
Германия мен Франция арасында жасалған келісім шарт бойынша, немістер Парижбен қатар Францияның 2/3 территориясын басып алды. Францияның оңтүстік бөлігі формалдық түрде тәуелсізідігін сақтап қалды. Виши деген кішкентай курорттық қала Гитлермен тығыз байланыста болған сатқын маршал Петен басқарған коллаборационистік француз үкіметінің резиденциясы болып жарияланды. Неліктен Гитлер Францияның жерлерін толық басып алмай, оның шектелген егемендігін сақтап қалды? Бұл іс-әрекеттерімен Гитлер мынандай мақсаттарды көздеген еді. Біріншіден, бұл әрекеттері арқылы ол орасан зор француздардың отарлық империясы мен қуатты француз флотын өзінің қол астында сақтап қалды. Егерде ол Францияның толық тәуелсізідігін жойса француз моряктары мен әскерлері Ұлыбританияға кетіп қалар еді және бүны сылтаулап Ұлыбритания француз отарларын өз қолына қағып алар өді. Ал Гитлердің бұл әрекеттерінен кейін, марионеттік француз үкімөтінің басшысы маршал Петен барлық француз моряктары мен Францияның отарларында орналасқан әскерлерге Ұлыбританияға кетуге қатаң түрде тиым салды. Екіншіден, формалдық түрде тәуелсіз Францияның сақталуы, бұл жерде өрістеп келе жатқан Қарсыласу қозғалысына тежеу болды, ал бул Ла-Манштан өтіп Ұлыбританияны жаулап алуға дайындалып жатқан Гитлерге бұл кезде өте пайдалы еді [6, 125].
Қысқа мерзімде Францияның немістердің алдында тізе бүгуі АҚШ-н қатты үрейлендіріп жіберді. Енді АҚШ-ның оқшаулану саясатын қолдайтындардың саны азайды. "Еуропа істерінің бізге қатысы жоқ" деушілердің үні өшті. Американ президенті Ф.Д. Рузвельт Көне әлемде, яғни Еуропада әскери қимылдар басталғаннан кейін, американ үкіметі осы уақытқа дейін ұстанған оқшаулану саясатынан бас тартып, Ұлыбританияға көмек көрсете бастады. Ең бірінші болып ол Ұлыбританияға АҚШ-нан қару-жарақ пен стратегиялық шикі заттарды сатып алып ағылшын кемелерімен тасуға рұқсат берді. Американ тарихында алғашқы рет президенттікке 3 рет 1940 ж. қараша айында сайланғаннан кейін, ол АҚШ-ң Еуропа істеріне қатысты бейтараптық жариялаған заңды жою үшін күресе бастады. 1941 ж. қантар айында ол американ Конгресіне ленд-лиз туралы заңды үсынып, кескілескен саяси күрестен кейін оны қабылдатты. Ленд-лиз заңы дегеніміз - АҚШ-ның үкіметінің фашисттік агрессияға душар болған елдерге қарызға қару-жарақ және бөтен де оларға қажетті құралдарды беру. Бұл заң қабылданғаннан кейін бұл уақытқа таман финанстары таусылған Ұлыбритания Америкадан тегін қару-жарақ, азық-түлік және т.б. өзіне қажетті зттарды ала бастады [7, 45.].
Ал бұл уақытта соғыс өрістей түсіп, өзінің орбитасына көптеген жаңа елдер мен территорияларды қосып ала бастады. 1940 ж. жазында, Ұлыбританияның Британ аралдарына немістердің шабуылын қайтаруға дайындалуын пайдаланып, итальян әскерлері Британдық Сомалиді басып алу әрекетін жасайды, бірақта жеңіліп қалады. 1940 ж. қыркүйегінде олар Египет пен Суэц каналын басып алу әрекетін жасайды, бірақта ол да сәтсіздікпен аяқталады. 1940 ж. қазан айында, Итальян империясын құру туралы үмітін үзбеген Б. Муссолини Грецияны басып алу әрекетін жасайды, бірақта бұл жерде де сәтсіздікке ұшырайды. Одақтасына көмектесу үшін Гитлер Солтүстік Африкаға Роммельдің танктік корпусын жібереді және де Балқан жартылай аралын жаулап алуға дайындала бастайды. Мұнымен қатар Гитлер одақтастарының басын қосу үшін дипломтиялық әрекеттер де жасайды. 1940 ж. 27 қыркүйегінде Германия, Жапония, Италия әлемді өз үлестеріне бөліп алу туралы Үштік пактқа қол қояды. Кейінірек ол пактке Венгрия, Румыния және Венгрия қосылады [8, 84.].
Соғыс қимылдары Қиыр Шығысқа да таралды. Негізіннен әскери қиылдар Қытай жерінде жүрді. Жапон элитасы арасында оңтүстік бағытта экспансия жүргізу керектігі туралы айтқан ханзада Каноэның ықпалы күшейе түсті. Өзінің бұл үсынысын ол мынадай фактілермен дәлелдеді: Франция мен Голландия немістерден жеңіліп қалды, сондықтан олардың Оңтүстік-Шығыстағы отарлық иеліктері иесіз қалды, Британия немістермен соғысып жатып - Бирма, Малайя, Сингапурге көз тігуден қалды, сондықтан біз оларғ ие болуымыз керек. Оларды жаулап алғаннан кейін Жапонияға Үндістан мен Австралияға жол ашылады [9, 48.]
1940 ж. КСРО 1917 ж. революция барысында айрылып қалған жерлерін: 1918 ж. Румыния тартып алған Прибалтика мен Бессарбияны өзіне қайтадан қосып алды. 1941 ж. Югославия әскери жанжалдыңортасында қалады. Грецияға шабуыл дайындау барысында, Гитлер Балқан жартылай аралындағы ең ірі мемлекет-Югославияда бекінуді көздей бастайды. Гитлердің қысымымен Югославия Үштік пактке қосылады. Бірақта бұл оқиға елде халық наразылығын тудырып, үкімет отставкаға кетіп, жаңа құрылған үкімет 1941ж. 5сәуірде КСРО-мен достық туралы пакт жасасады, Бұған жауап ретінде сәуір айының аяғында Германия Греция мен Югославияны жаулап алады [10, 44.].
Сөйтіп 1941 ж. ортасьша таман барлық континенталдық Еуропаның елдері, бейтараптық саясат ұстанған Швеция мен Швейцарияны санамағанда, Германияның қол астында болды (кейбіреулерін Гитлер жаулап алды, қалғандары нацистік рейхпен одақта болды. Бұл уақытта Германиямен соғысып жатқан төк Ұлыбритания ғана еді. АҚШ пен КСРО әлі соғысқа араласпаған болатын. Ағылшындардың қатты қарсылығына кездесіп, керемет бекіндірген Британ аралдарына неміс десантын түсіре алмайтынына көзі жеткен Гитлер енді КСРО-ға қарсы первентивтік соғысты ашуды ұйғарды.
1941 ж. 22 маусымында неміс әскерлері соғысты жарияламастан Баренцово теңізінің жағалауы мен Молдавияға дейінгі аралықта кеңес шекарасын бұзып екініші Шығыс майданда әскери қимылдарды бастады. Бұл оқиғалармен кеңес халқының Ұлы Отан соғысы басталды. Гитлер КСРО-ны 8-10 аптада жеңуді жоспарлаған болатын. Басында Кеңес Одағының басшыларының жібөрген қателіктерінің нәтижесінде кеңес әскерлері сасып қалды. Шекарадағы көптеген әскери бөлімшелер басшылықсыз қалып немстердің қолына түсті, көбісі қырылып қалды. Немістердің өте жылдам Мәскеуге қарай жылжығанына қарамастан,Гитлердің "қауірт соғыс" "Барбаросса жоспары" жүзеге аспай қалды. Кеңес әскерлері табандылықпен барлық Шығыс майданда немістерге қарсылық көрсетті. Бірақта стрататегиялық иницитива бұл уақытта немістердің қолында болды. 1941 ж. шілде айының ортасына таман немістер Прибалтиканы, Белоруссияны, Молдавияны, Украинаның көп бөлігін басып алып Киевке, Ленинградқа және Смоленскіге қауіп төндірді. Бірақта олардың негізгі мақсаты болған - Мәскеуді алу еді [11, 215.].
Бұл уақытқа таман Гитлердің тек әскери ғана емес дипломатиялық жоспарларының да орындалмағаны айқын көрінді. Ол идеологиялық алшақтықтарға байланысты Ұлыбритания мен КСРО келісө алмайды, ал АҚШ президенті Ф.Д- Рузвельт американ конгресін "оқшаулану" саясатынан бас тартқыза алмайды деп ойлаған болатын. Бірақта олай болмады. 1941 ж. жаз айларында-ақ Гитлерге қарсы одақ құрудың алдыңғы қадамдары жасалды. 1941 ж. 12 шілдесінде Германиямен бірігіп соғысу туралы ағылшын-кеңес келісіміне қол қойылды. Сол жылдың тамыз айында Ұлыбританияның премьер-министрі У. Черчилльдің амөрикан президенті Ф.Д. Рузвельтпен келісуінен кейін, бұл елдердің Германияға қарсы соғыстағы көздеген мақсаттарын ашып берген Атлантикалық хартия дөген құжат пайда болды. Оған КСРО қосылып, енді келешектегі үш ұлы державаның одағының құрылуының идеологиялық дайындығы басталды. Сол жылдың қараша айында ленд-лиз заңы КСРО-ға таралды.
Бірақта бұл уақыттың негізгі оқиғалары 1941 ж. желтоқсанында өтті. Немістер бұл уақытта Мәскеуге таяп қалып, оны штурммен алуға дайындалып жатқан еді. Бірақта олар мақсатына жете алмады: 5 желтоқсанда кеңес әскерлері контрнаступлениеге шығып неміс әскерелерін Мәскеуден 250 шақырымға ысырып тастады. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыс барысындағы немістердің бірінші ірі жеңілісі еді. Бұл оқиға неміс басшыларының КСРО-ны "блицкриг" нәтижесінде қысқа мерзімде талқандаймыз деген жоспарларын күйретті. КСРО-ның Мәскеу шайқасында неміс әскерлерін жеңуі тек кеңес халқына ғана емес, фашизмге қарсы күресіп жатқан еуропалық елдеріне де үлкен моралдық-саяси ықпал жасады [12, 65.].
Мәскеу шайқасы қызып жатқан уақытта, әлемнің басқа ауданында да өте маңызды оқиға өтіп жатты. 1941 ж. 7 желтоқсанында Жапония соғыс жарияламай АҚШ-ның Тынық мұхиттағы ең ірі әскери-теңіз базасын -Пирл-Харборды бомбылады. Бұл оқиғадан кейін АҚШ жапонияға соғыс жариялады. 11 желтоқсанда Жапонияның Үштік пакт бойынша одақтастары германия мен италия ез тараптарынан АҚШ-на соғыс жариялады. Сөйтіп әлемнің үшінші үлы державасы соғысқа араласты. Тынық мұхиттық 3 майдан пайда болды [13, 52.].
Басында бұл майданда, Тынық мұхитында және жалпы Азияда үстемдікке жапондықтар- ие болды. Олар Филиппинді, Малайя жартылай аралын басып алды. 1942 ж. 15 ақпанында жапондықтар Ұлыбританияның бұл аудандағы отарлық үстемдігінің негізгі тірегі болған Сингапурды басып алды. Олардың ықпалында Индонезия, Жаңа Гвинея болды. Сол жылдың науырыз айында Жапония Бирмаға шабуылын бастады. Жапондық оккуппация қауіпі Индия мен Австралияға төнді. Жер бетінің бұл ауданындағы қалыптасқан ауыр жағдай, АҚШ пен Ұлыбританияның үкіметтерін ортақ әскери басшылық құруға итермеледі. Олар әр мемлекеттің әскери қимылдар жүргізетін аудандарын бөліп алды. Ұлыбритания өз әскерлерімен Бирманы қорғау керек болды. АҚШ Қытайдағы Чан Кайши үкіметіне көмек көрсетіп жапондықтармен Тынық мұхитта соғысатын болды [14, 52.].
Ұлыбритания, АҚШ-қа, КСРО-ға төнген ортақ қауіп оларды Гитлерге қарсы одақ құруға итермеледі. 1942 ж. 1 қантарында Вашингтон қаласында әлемнің 26 мемлекетінің өкілдері "Біріккен Ұлттар Декларациясын" қабылдап "ось державаларына" қарсы бірігіп күресетіні туралы мәлімдеді. Бұл оқиғадан кейін Гитлерге қарсы коалиция құрылды. 1942 ж. 26 мамырында ағылшын-кеңес одақтық келісімі, сол жылдың 11 маусымында "Агрессорға қарсы соғыс жүргізудегі әскери көмек көрсетудің принциптері туралы" деп аталатын американ-кеңес келісімі жасалды [15, 28.].
Фашизмге қарсы коалицияның құрылуы Гитлердің ең маңызды стратегиялық қателігі болды, себебі ол өзінің қарсыластарын біртіндеп талқандағысы келгөн еді және де ол үш үлы дөржава бірігеді деп ойламаған еді. Бұл коалицияның құрылуы немістер басып алған жерлердегі Қарсыласу қозғалысының өршуі мен оның қатарындағы мүшелердің идеологиялық алшақтықтардан арылуына септігін тигізді. Сонымен қатар Гитлер Югославияда, Польшада, Францияда, Грецияда, Албанияда Қарсыласу қозғалысы бүндай жоғары дәрежеде болады деп күтпеген еді.
Гитлерге қарсы коалицияның құрылуының ең негізгі маңызы болған-оның соғыстан кейінгі әлемнің ұйымдастырылуының үлгісі болуында. 1942-1943 жж. Екінші дүниежүзілік соғыс барысындағы түпкілікті бетбұрыс 1942 ж. көктем-жаз айларына дейін Екінші дүниежүзілік соғыстың барлық майдандарында стратегиялық инициатива толық және тұтастай "ось державаларының" қолында болды. Гитлерге қарсы құрылған коалицияның мүшелері барлық майдандарда немістерге қарсы қорғаныс соғыс жүргізіп жатты. Кейбір кездерде жағдай өте қиындап кететін еді, бірақта толық жеңіске жетуге немістердің күші жетпеді. АҚШ және КСРО өте қысқа мерзімде өзінің экономикаларын әскери рельске аударып үлгерді және ол өзінің нәтижелерін бөре бастады.
Екінші дүниежүзілік соғыс барысындағы түпкілікті бетбұрыс 1942 ж. жазы мен күзінде болды. Жалпы стратегиялық жағдайды өзгертуге байланысты алғашқы қадамдар басында Тынық мұхиттық майдан шебінде жасалды. 1942 ж. 7-8 мамырында Кораллово теңізінде өткен ірі шайқаста жапон эскадрасы алғашқы рет жеңіліп қалды, оның нәтижесінде Жапонияның Австралиға шабуыл жасаймын деген жоспарлары жүзеге аспай қалды, ал сол жылдың 4-6 маусымында Мидуэй аралының қасындағы шайқаста американ флоты мен авиациясының жапон флотын талқандауы оларға Екінші дүниежүзілн соғыстың аяқталғанына дейін есін жиюға мүмкіндік бермеді. Бүг оқиғалардың нәтижесінде Тынық мұхиттық майдан шебінде стратегиялық белсенділік толықтай одақтастардың қолына көшті [16, 90.].
Тынық мұхит майданында үстемдік үшін күрес жүріп жатқан уақытта Шығыс майданда барлық Екінші дүниежүзілік соғыстың тағдырына ықпал еткен керемет шайқас жүріп жатты. Ол атақты Сталинград шайқасы еді. Басында ол КСРО үшін өте сәтсіз басталған еді. Мәскеу шайқасында жеңілген немістер 1942 ж. жазы мен күзі бойы жаңа блицкригке дайындалып жатты. Бұл тарихи шайқастың басында немістер КСРО басшыларын алдарқатып тастады, олар шабуылды Мәскеу бағытында күтіп отқанда оны оңтүстікте Харьков бағытында бастап, майдан шебін бұзып неміс танктік армадалары Ростовқа бағыт алды. Ондағы көздеген мақсаттары - Сталинград қаласын алу еді. Егерде немістер Сталинградты басып алған болса, олар біріншіден, Ресейдің орталық аудандарын Кавказбен байланыстыратын маңызды коммуникацияларын кесіп тастар еді; екіншіден, КСРО-ның әскери өнеркәсіптік орталығы -Уралға қауіп төндірер еді; үшіншіден, астана Мәскеуге флангысынен шабуыл жасауға өте қолайлы мүмкіндік алар еді. Қорыта айтқанда, Сталинград шайқасында жеңсе, немістер барлық шығыс майданда үстемдікке ие болар еді. Оны немістермен бірге Кеңес Одағының қарапайым солдаты мен Жоғарғы Әскери Қолбасшысы И.В. Сталинде де түсінді. Бір кезеңде неміс фельдмаршалы Паулюстің әскерлері Волгаға 1 км. қалғанда тоқтатылған еді. Кеңес әскерлері Паулюстің Сталинградқа шабуыл жасап жатқан әскерлерін кескілескен шайқастарда қалжыратып, 1942 ж. 19 қарашасында немістер күтпеген жерде шабуылға шығып, неміс майдан шептерін бұзып, Паулюстың 6 армиясын қоршауға алды. Паулюстың қоршауда қалған 6 армиясын босатып алуға жасаған немістердің әрекеттері нәтижесіз болды. 1943 ж. 2 ақпанында қоршалған 6 армия Паулюстың басқаруымен тізе бүкті. Өзінің табыстарын ілгері жалғастыра отырып, кеңес әскерлері неміс-кеңес майданының бөтен де бағыттарында шабуылға шығып Солтүстік Кавказды, Кубаньды, Донбасстың көп бөлігін немістерден босатты, Ленинградтың блокадасын үзді [17, 60.].
1942 ж. күзінде Солтүстік Африкадағы майданда бетбұрыс байқалды. Сол жылдың қазан айының аяғында ағылшындар Египетте Эль-Аламейн деген жерде шабуылға шығып бұл жердегі неміс әскерлерін талқандады. Сол жылдың қараша айында Марокко мен Алжирде генерал Д. Эйзенхауэр басқарған ағылшын-американ десанты түсірілді. Бұл оқиғалардың нәтижесінде, немістердің Таяу Шығысты басып алып Иранға жылжимыз деген жоспарлары жүзеге аспай қалды. Енді немістер Тунисті өзінің Солтүстік Африкадағы қорғаныс тірегіне айналдыруға ат салысты. Ол жерге көптеген неміс әскерлері төгілді. Сатқын маршал Петеннің бұйрығын тыңдамай, негізіннен барлық Францияның отарларындағы француз әскерлері одақтастарға көмөк көрсеткеннен кейін, ашуланған Гитлер оңтүстік Францияның жерлерін де басып алды. Бірақта немістер Тунисте бекіне алмады. 1943 ж. 13 мамырында Солтүстік Африкадағы неміс әскерлері ағылшын американ одақтастарына тізе бүкті [18, 20.].
Екінші дүниежүзілік соғыс барысындағы түпкілікті бетбұрыс 1943 ж. шілде-тамыз айларында өткен атақты Курск шайқасында аяқталды. Бұл шайқас аяқталғаннан кейін Кеңес әскерлері Шығыс майдандағы стратегиялық инициативаға ие болып оны өз қолдарынан соғыс аяқталғанға дейін бермеді. 1943 ж. "осьтық державалардың" барлық майдандарда жеңіліп қалуы, бұл фашисттік блоктың дағдарысын туғызды.
Бұл одақтың ішіндегі ең әлсізі Италия болды. Итальян фашисттерінің көсемі Б. Муссолинидің көптеген авантюралары Италияның экономикасын құлдыратты. Сталинград түбінде ең үздік итальян армиясы қырылды. Елде Муссолинидің фашисттік тәртібіне қарсы наразылық арта түсті. Күн сайын Қарсыласу қозғалысы өркендеп отырды. Наразылық пікірлер итальян билеуші топтарын да жайлай бастады, олар фашистік блоктың жақында жеңілетініне көзі жете бастады. Бұндай елдегі дағдарыс жағдайда, американдықтар ешқандай қарсылық көрмей Сицилия аралына десант түсірді. 1943 ж. 25 шілдесінде Үлкен фашисттік кеңес Б. Муссолиниге сенімсіздік білдірді. Сол күні оны билік басынан түсіріп түтқындады. Мемлекетті басқару ісі Муссолинидің жақын серіктесі маршал Бадольоға тапсырылды. 1943 ж. 27 шілдесінде ол фашистік партияны таратып жіберді. Бұл уақытта Апеннин аралына түсірілген ағылшын-американ десанты Неапольға қарай тезірекжылжыды. 1943 ж. 7 қыркүйегінде маршал Бадольо Италия үкіметінің атынан ағылшын-американ одақтастарының басшыларымен бейбіт келісім жасасты. Бірақта Гитлер дереу итальян әскерлерін қарусыздандырып Солтүстік және Орталық Италияны басып алды. Енді Итальян майданы пайда болды. Муссолини тұтқыннан босатылып қайтадан мемлекет басына келді, бірақта енді ол Германияға толық тәуелді болды [18,25.].
Екінші дүниежүзілік соғыстың тағдырын шешетін оқиғалар әрине майдандара өтіп атқаны сөзсіз, бірақта әлем тарихы, адамзат өркениетінің даму тарихына маңызды әсер еткен оқиғалар бұл уақытта дипломатиялық салада өтіп жатты. Соғыстың жақында аяқталарына көзі жеткен одақтастарды, енді бұл соғысты қалай аяқтау керек, соғыстан кейінгі әлемдік құрылысты қалай ұйымдастыру керек деген күрделі және өте маңызды мәселелер тоғандыра бастады. Бұл мәселелерді шешу туралы ақылдасу 1943 ж. бойы жүрген еді, бірақта бұл мәселелердің нақты шешілуіне алғашқы қадам 1943 ж. 19-30 қазанында өткен АҚШ, Ұлыбритания және КСРО-ның сыртқы істер министрлерінің мәскеу конференциясында жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |