Бейсенова Бекзада Жомартқызы 6В01512 Химия білім беру бағдарламасы



бет9/22
Дата10.10.2023
өлшемі1 Mb.
#480263
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Психолог пед практика

06.04.2023ж
Ашық тәрбие сағатының тақырыбын таңдадым. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрдым. Сынып жетекшімен түзетулер еңгіздім. Тәрбие сағаттың тақырыбына байланысты оқулықтарды іздестірдім. Керекті ақпараттармен оқу материалдарды және слайдты дайындадым. Тақырыпты сыныпқа толық аша алу үшін әдіс – тәсілдермен жұмыс жасадым. Тәрбие сағаттарының жоспарын құрастырып, тәрбие сағаттарының түрлерімен және әдістемесімен таныстым. Оқушылармен мектептегі ұйымдастыру шараларына, мерекелік іс шараларға қатысып, өзімді мұғалімдіктің басқа тұстарынан дамыттым. Сынып сағаттарының мазмұнын құрастырып, түрлерімен және әдістемесімен таныстым. Сынып жетекшісімен бірге сынып сағатын өткізіп ,топта қандай мәселе туындады, немесе сабағында қандай мәселе бар солардын барлығын талкыладық, шешу жолдарын қарастырдым. Сынып жетекшіме көмектесіп бірге тәрбие сағатының құрылымын жасауға көмектестім сынып жетекшім маған тәрбие сағатты қалай өту керек екенін түсіндіріп үйретті. Ең алдымен такырыпты алып ,қалай балаларға тусінікті және қандай әдістер қолдану керек екен талдадық.
12.04.2023ж
Химия оқытушым 7 «А» және 7 «В» сыныптарына химия пәнінен «Атом құрылысы» тақырыбында сабақ өтті. Атомдар және молекулалар тақырыбында қайталау бақылау жұмыстарын алды.
Сыныппен сәлемдесіп, кімнің жоқ екенін анықталды. Берілген үй тапсырмаларын сұрап, сабақты бастадым. Оқу мақсаттары:

  • Изотоп ұғымының мағынасын білу;

  • Элементті атауы және оның құрамындағы фундаментальдық бөлшектер саны бойынша толық сипаттау;

Бірінші сабақта толығымен оқушылармен бірге атом құрылысын талдады. Жеке тапсырмалар үлестірілді. Сабақта түсініксіз болған лексика мен терминалогияларды талдады. «Wordwall» программасы арқылы ұжымдық ойындар ойнатылды.
Екінші сабақта екі нұсқадан құралған 3 деңгейлі бақылау жұмыстарын тапсырды. Берілген уақыт 15 минут. Бақылау жұмысына тексеріс жүргізді. Қатемен жұмыс жасалынды. Есептерді қайта шығару арқылы тақырыпты пысықтады. Сабақ соңында үйге тапсырмалар берілді. «Екі жұлдыз бір үміт» әдісі арқылы кері байланыс жүргізді. Менің екі ең үздік білгендерім, білгім келетін бір нәрсе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет