Ңбек қауіпсіздігі бойынша ақпарат



Дата24.02.2016
өлшемі33.66 Kb.
#14428
Ағымдағы жылдың 9 айы еңбек қауіпсіздігі бойынша ақпарат
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы облыс кәсіпорындарында жарақаттанудың алдын алу мен азайту, техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарды тұрақты жүргізуде.

Жұмыс берушілер еңбек заңнамасын сақтауы мен азаматтардың еңбек құқығы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын жақсарту мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторларымен мемлекеттік бақылау жүйесін жүзе асыру шаралары қолданылады.

Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес, жұмыс орындарында еңбек талаптары жағдайлары жақсаруы үшін, мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушілердің өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу туралы түсініктеме жұмыстарын жалғастыруда.

Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау стандарттарын енгізу жұмыстары да жүргізілуде. Бүгінгі күнде облыс бойынша 150 өндірістік кәсіпорындарда 2001 ХЕҮ-ЕҚБС және 12.0.230-2007 МЕМСТ, OHSAS еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау халықаралық және ұлттық стандарттары енгізілді, яғни барлық ірі өндірістік кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау стандарттары енгізілді.

Ағымдағы жылы ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары мемлекеттік еңбек инспекторлары төрағалық етуімен емтихан комиссиясында 2391 адам өтті, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 393 адамға көп (16,4 %).

Өндірістік жарақаттанудың пайда болу қаупін азайту мен кәсіпорындарда заманға сай өндірістік технология енгізу, еңбек талаптарын жақсарту үшін ескі құрылғыларды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен, жыл басынан облыстың өндірістік кәсіпорындарында еңбек талаптарын жақсарту үшін 7,1 млр.теңге жұмсалды, яғни өндірісте істейтін бір жұмысшыға 91 мың теңгеден келеді.

Ағымдағы жылдың 9 айы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша 1856 заңбұзушылықты (2012 ж. -3617) анықтады, оның ішінде 1768 (2012 ж. -3321) заңбұзушылық жойылды. Бұл барлық заңбұзушылықтың 95,3 % құрайды. Республика бойынша еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша 8154 заңбұзушылық анықталды, оның ішінде 6175 жойылды. Бұл барлық заңбұзушылықтың 75,7 % құрайды.Облыстың мемлекеттік еңбек инспекторлары 225 (2012 ж. 305) заңды, лауазымды және жеке тұлғаларды, 13149878 теңге соммасына (2012 ж. 15930899 теңге) әкімшілік жауапкершілікке тартты. Өндірілген айыппұл соммасы 12625385 теңге (2012 ж. 13628364 теңге), яғни жалпы айыппұл санының 96 % (2012 ж. 85,5%) құрайды.

Еңбек талаптарын жақсартуға маңызды әсер ететін, сонымен қатар облыс кәсіпорындарында өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталған өндірістік объектілерді жетілдіру, жаңа технологияларды енгізу шаралар жинағы мен орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасымен жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтижесінде ағымдағы жылдың 9 айында жазатайым оқиғаның жалпы санын былтырғы жылмен салыстырғанда 6,1 % азайту мүмкін болды. 2013жылдың 9 айында 160 жазатайым оқиғада 185 адам зардап шекті, сонымен қатар 19 адам өндірісте қаза тапты. Былтырғы жылы 197 жазатайым оқиғада 202 адам зардап шеккен, өндірісте 19 адам қаза тапқан. 1000 жұмысшыға жазатайым оқиға жылдамдығының коэффициенті 0,319 (2012 ж.-0,384), кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғаға 0,037 (2012 ж.-0,037). Мемлекеттік еңбек инспекторлары 118 жазатайым оқиға бойынша арнайы тексеру жүргізді, оның ішкі істер қызметкерлерімен 34 материалы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Мониторинг нәтижесінде былтырғы жылмен салыстырғанда өндірістік жарақаттану келесі кәсіпорындарда азайғанын көруге болады: «Казцинк» ЖШС, «Altyntau Vostok» ЖШС, «Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты» АҚ, «Қаржы-инвестициялық корпорациясы «АЛЕЛ» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» филиалы «Шығыстүстімет» ӨБ, «ЮКО» ЖШС. Ағымдағы жылы «Титан-магний комбинаты» АҚ, «Өскемен арматур зауыты» АҚ, «Промстрой» ЖШС-де өндірістік жарақаттану тіркелмеген. Өндірістік жарақаттанудың «Үлбі металлургиялық» АҚ, «ШҚ аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ, «Цементный завод Семей» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ ШҚ ТД, «Қаражыра ЛТД» ЖШС жазатайым оқиға өсуі орын алды.

Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей еңбек қоғамына жиырма қадам» мақаласындағы берілген тапсырмаларын жүзеге асыру үшін, «Қазақстан Республикасында азаматтарды еңбек заңнамасының негіздеріне құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2013 - 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1581 Қаулысына сәйкес әзірленген ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің іс-шаралар жоспары, бұйрықтары және де облыстық әкімшіліктің іс-шаралар жоспары негізінде еңбек заңнамасы сұрақтары бойынша жалпы оқыту жүргізілуде. Жалпы оқыту жұмыстары үш бағытта ұйымдастырылған:

ЖК, ЖОО, НПО және басқа оқу мекемесінен оқу өтетін облыс орталығынан 50 км дейін аралықта орналасқан кәсіпорындар;

Мемлкеттік еңбек инспекторының қатысуымен өтетін семинарда оқу өтетін облыс орталығынан 50 км алыс аралықта орналасқан кәсіпорындар;



Еңбек заңнамасы сұрақтары бойынша жалпы оқытудың келесі бағыты мемлекеттік еңбек инспекторлары кәсіпорындарда жоспарлы тексеруде жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 9 айында барлығы 204 кәсіпорында 10075 жұмысшы оқу өтті немесе тапсырманың 83,3 %.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет