1. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың рөлі. АКТ стандарттары.
АКТ рөлі
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) - жеке тұлғаға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін маңызды жүйе» деп айтуға болады.Ақпараттық-коммуникациялық технология бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
АКТ стандарттары
Стандарт ғылым, техника, өндіріс, тәжірибе саласындағы отандық және әлемдік жетістіктерді көрсетеді және сонымен бірге оларды тиісті қызмет салаларында енгізудің директивасы болып табылады.
АКТ саласындағы стандарттау үдемелі техникалық шешімдерді қолданудың және әзірлеуді үйымдастырудың негізгі құралдарының бірі, сондай-ақ технологияларды берудің өзекті аспаптарының бірі болып табылады.
Стандарттау жөніндегі ТК34 жүргізілетін жұмыс мемлекеттік және халықаралық деңгейлерде ақпараттық технологиялар саласында стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, келісу және бекітуге дайындыққа ұсыныстар
әзірлеуге бағытталған.
2. Электронды үкімет
бұл ақпараттық-коммуни- кативтік технологияларды қолданумен мемлекеттік органдар, халық және бизнестің өзара іс-қимыл жүйесі. Электрондық үкіметтің ішінде негізгі моделдері 3 байланыс болып табылады: халыққа, бизнеске, мемлекеттік органдарға G2C мемлекеттік қызметін көрсету. Электрондық үкіметтің идеологиясы 2 затқа негізделген. Бұл сервистерді көрсетуге арналған инфрақұрылымды құру және сервистердің өздері.
3. Компьютерлік жүйелердің архитектурасы
Компьютерлік жүйелердің архитектурасы-компьютер бөліктерінің негізгі жиынтығын және олардың арасындағы байланыс.Компьютер архитектурасын қарастырғанда оған кіретін бөліктер құрамы,олардың өзара байланысы ,сол сияқты олардың атқаратын қызметтері мен мінездемелері анықталады.
4. Адам-компьютер өзара әрекеттестігі
Адам-компьютер өзара әрекеттесуі (АКӨӘ, ағылш. human-computer interaction - адам-компьютер өзара әрекеттесуі, HCI) - интерактивті компьютерлік жүйелерді дайындау, бағалау және енгізу әдістерін жетілдіру мақсатында қамтитын ғылыми бағыт. АКӨӘ туралы айтылғанда үстелдік компьютердің жалғыз пайдаланушысы қарастырылмайды. Пайдаланушы ретінде жеке пайдаланушы, бірге жұмыс істейтін топ пайдаланушылары қарастырылады
Достарыңызбен бөлісу: |