Регламенті Жалпы ережелер «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау»



Дата07.07.2016
өлшемі279 Kb.
#183474
түріРегламент


Солтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің 2015 жылғы

«23» қазандағы № 423 қаулысымен бекітілген

«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын

жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер
1. «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 06 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11959 болып тіркелген) бекітілген «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес әзірленді.

«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттiк қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес облыстың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www. elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мынадай шешімдердің бірі көрсетілген аттестаттау парағы:

1) аттестатталды;

2) қайта аттестаттауға жатады;

3) аттестатталған жоқ.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

(қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау
5. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме мыналардың болуы болып табылады:

осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын (сәйкестендіру үшін) құжат;

соңғы үш жылда біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (бар болса) көшірмесі;

ғылыми дәрежесінің, атағының болуы туралы дипломның (бар болса) көшірмесі.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылданған күнін, уақытын, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, тіркеу туралы қойылған белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растайды.

Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме мыналардың болуы болып табылады:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

соңғы үш жылда біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (бар болса) электрондық көшірмесі;

ғылыми дәрежесінің, атағының болуы туралы куәліктердің (бар болса) электрондық көшірмесі.

Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды берген сәттен бастап оларды қабылдап, тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу туралы өтініштің көшірмесін береді - 30 (отыз) минуттан аспайды;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы кіріс құжаттаманы қарайды, жауапты орындаушыны айқындап, бұрыштама қояды – 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді – өтініш түскен күні;

4) комиссия аттестаттауды өткізеді – аттестаттау кестесіне сәйкес 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – 30 (отыз) минуттан аспайды.

7. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) кеңсенің құжаттарды қабылдап, тіркеуі, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу туралы өтініштің көшірмесін беру;

2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының кіріс құжаттаманы қарауы, жауапты орындаушыны айқындап, бұрыштама қоюы;

3) жауапты орындаушының осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруі;

4) комиссияның аттестаттауды өткізуі;

5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

4) комиссия.

9. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды берген сәттен бастап оларды қабылдап, тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу туралы өтініштің көшірмесін береді - 30 (отыз) минуттан аспайды;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы кіріс құжаттаманы қарайды, жауапты орындаушыны айқындап, бұрыштама қояды – 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді – өтініш түскен күні;

4) комиссия аттестаттауды өткізеді – аттестаттау кестесіне сәйкес 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – 30 (отыз) минуттан аспайды.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану

тәртібін сипаттау
10. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау.

Осы регламентке көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кездегі қадамдық іс-қимылдар мен шешімдер:

1) көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ арқылы порталда тiркелуді (авторландыруды) жүзеге асырады – 2 (екі) минут ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушының деректерін растау туралы хабарлама қалыптастырылады не көрсетілген қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады немесе көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы түпнұсқалығының расталмауына байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады – 1 (бір) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушының электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, электрондық сұрау салу жолдарын толтырып, осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеуі – 5 (бес) минут;

4) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды куәландыру – 2 (екі) минут;

5) электрондық сұрау салуды тіркеу – 2 (екі) минут ішінде;

6) көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіндегі» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тарихынан электрондық сұрау салу мәртебесі және мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі туралы хабарлама алуы – 1 (бір) минут;

7) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттауға сәйкес рәсімдерді (іс-қимылдарды) жүзеге асырады және порталға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жолдайды;

8) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін өңдеу және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолдау – 1 (бір) минут ішінде.

11. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы арқылы көрсетілмейді.

12. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесiнде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара iс-қимылдарының реттілігін және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін толық сипаттау осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.


«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша
Көрсетілетін қызметті берушілердің мекенжайы


Уәкілетті органдардың

атауы



Орналасқан жері

Жұмыс кестесі

«Солтүстік Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Жамбыл көшесі, 302

Күн сайын дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

«Петропавл қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23

Күн сайын дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы,
Саумалкөл ауылы, Сыздықов көшесі, 4

Күн сайын дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы,

Ақжар ауданы,


Талшық ауылы,
Целинная көшесі, 13

Күн сайын дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

«Аққайың аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы,
Смирнов ауылы,
Народная көшесі, 37

Күн сайын дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы,

Есіл ауданы,


Явленка ауылы,
Тимофеев көшесі, 32

Күн сайын дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы,

Жамбыл ауданы,


Преснов ауылы,
Дружба көшесі, 6

Күн сайын дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы,

Мағжан Жұмабаев ауданы,


Булаев қаласы,
Водопроводная көшесі, 20

Күн сайын дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

«Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы,
Институт көшесі, 1

Күн сайын дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы,

Мамлют ауданы,


Мамлют қаласы,
Абай Құнанбаев көшесі, 5

Күн сайын дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы,

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан,


Новоишим ауылы,
Абылай хан көшесі, 28

Күн сайын дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы,
Тайынша қаласы,
Астана көшесі, 166

Күн сайын дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы,
Ш. Уәлиханов көшесі, 1

Күн сайын дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Жамбыл көшесі, 76

Күн сайын дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы,

Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы,


Крымская көшесі, 2А

Күн сайын дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін

«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша
__________________________________________________________________________

(ЖАО бөлімшесінің атауы/наименование подразделения МИО)

____________________________________

____________________________________

(үміткердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)/фамилия, имя, отчество (при наличии) претендента)

Тұрғылықты мекен жайы, байланыс телефоны/Адрес проживания, контактный телефон

___________________________________

___________________________________



Өтініш/Заявление
Сізден ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауға рұқсат беруіңізді сұраймын/ Прошу Вас допустить к аттестации физических и юридических лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии.

Қоса беріліп отырған құжаттар/Прилагаемые документы:

1. ______________________________________________________________________

2. ______________________________________________________________________

3. ______________________________________________________________________

4. ______________________________________________________________________



Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін/
Согласен на использование персональных данных ограниченного доступа, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах.

Ұсынылып отырған мәліметтердің шынайылығын растаймын/ Подтверждаю достоверность представленных сведений.

____________________________

(үміткердің қолы/подпись претендента)

____________________________

(толтырылған күні/дата заполнения)

*үміткердің өтініші өз қолымен толтырылады/заявление претендента заполняется собственноручно










«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге

асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша
«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау»

мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

а) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі:

autoshape 15autoshape 19autoshape 24autoshape 26autoshape 47

autoshape 6скругленный прямоугольник 17autoshape 10autoshape 11


autoshape 18autoshape 29


autoshape 13autoshape 41


autoshape 25


line 20line 48


line 17line 27line 28

иә

line 216




autoshape 34


line 36autoshape 38line 45


line 39


жоқ


autoshape 44


autoshape 8line 40

иә
line 46 line 50




autoshape 30line 32


line 31line 33




скругленный прямоугольник 18скругленный прямоугольник 155скругленный прямоугольник 79

б) порталда:


скругленный прямоугольник 76скругленный прямоугольник 74скругленный прямоугольник 75

скругленный прямоугольник 72скругленный прямоугольник 73


скругленный прямоугольник 71скругленный прямоугольник 70прямая соединительная линия 69прямая соединительная линия 68

прямая соединительная линия 67

прямая соединительная линия 65прямая соединительная линия 66


ромб 64

да
прямая соединительная линия 62
жоқ
прямая соединительная линия 61 скругленный прямоугольник 63
скругленный прямоугольник 57скругленный прямоугольник 58

прямая соединительная линия 56


прямая со стрелкой 55
скругленный прямоугольник 54


прямая соединительная линия 52прямая со стрелкой 53

прямая соединительная линия 51
скругленный прямоугольник 50
прямая соединительная линия 48


скругленный прямоугольник 40


прямая со стрелкой 38



Шартты белгілер




скругленный прямоугольник 32


мемлекеттік қызметті көрсетудің басталуы немесе аяқталуы

скругленный прямоугольник 9


көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы

прямая соединительная линия 8


келесі рәсімге (іс-қимылға) өту

ромб 6


таңдау нұсқасы









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет