Төртінші сұрақ: Оркестр дегеніміз не,түрлерін ата және қазақстан композиторлары оркестрге арнап қандай шығармалар жазды? Жауабы: Оркестр дегеніміз— аспаптардың қосылып ойнауының жиынтығы. Оркестрдің симфониялық, ұлт аспаптар, фольклорлық, үрмелі түрлері бар. Қазақстан композиторлары оркестрге арнап 1940 жылдан бастап мынандай шығармалар жазды: А. Жұбанов — «Абай», Е. Брусиловский— «Сарыарқа», М. Төлебаев — «Той», Н. Тілендиев —«Ата толғауы», К.Күмісбеков—«Фараби сазы» және т.б. Бесінші сұрақ: Опера мен ария дегеніміз не? Жауабы: Опера дегеніміз —театр сахынасында қойылатын музыкалық драмалық шығарма.Операның драматургиялық шешімі барлық музыкалық желілер, оркстр, хор, балет , әсіресе рөлдерді атқарушы әншілердің орындайтын жеке әндері арқылы айқындалады. Ария дегеніміз — операда оркестр сүймелдеуімен жалғыз әнші орындайды, көбінесе кейіпкер бейнесі сиптталады. Алтыншы сұрақ: Қай қазақ әншісі Париж қаласында өнерін көрсетті және қай жылы? Жауабы: 1927 жылы Әміре Қашаубаев Париж сахнасында домбырамен ән салып, екінші орынға ие болды. Ал бірінші орын ешкімге берілмеді. Жетінші сұрақ: Қандай Қазақстан композиторларын білесіңдер, аттарын ата? Жауабы: Н. Тілендиев, Е.Брусиловский, Л. Хамиди, М. Төлебаев, М. Ержанов, Ш. Қалдаяқов, Ә.Еспаев, Б. Байқадамов, және т.б. Сегізінші сұрақ: Ахмет Жұбанов кім, қандай шығармасы бар? Жауабы: А.Жұбанов-академик,профессор,өнертану ғылымының докторы, қазақтың алғашқы кәсіби композиторы. Әр жанрда жазған көптеген музыкалық шығармалардың және музыкатану ғылымында баға жетпес «Ғасырлар пернесі» , «Замана бұлбұлдары» кітаптарының авторы. Алғашқы ұлт аспаптар оркестрін құрушы, дерижер. Латиф Хамидимен бірігіп «Абай», «Төлген Тоқтар» операларын жазған. Тоғызыншы сұрақ: «Ана туралы жыр» әнінің әні мен сөзін кім жазды? Жауабы:
Достарыңызбен бөлісу: |