Реферат Тақырыбы: Шәмші Қалдаяқов-сазгер, Қазақстанның халық артісі



Дата24.02.2020
өлшемі104.63 Kb.
#448030
түріРеферат
реферат Шәмші

Реферат

Тақырыбы: Шәмші Қалдаяқов-сазгер, Қазақстанның халық артісі

Тексерген

Дайындаған:

2019 жыл

Мазмұны:


Кіріспе...........................................................................................................3 б

І тарау Шәмші Қалдаяақовтың мол мұрасы.....................................................4 б

1.1 Шәмші өмірбаяны.........................................................................................5 б

1.2 Қазақ халқының музыка өнерінде Шәмшінің орны .............................6-7 б

1.3 Қазақ музыка өнеріне қосқан үлесі.............................................................8 б

1.4 Шәмші есімі ел есінде..................................................................................9 б

Қорытынды........................................................................................................10 б

Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................................11 б



КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбымның өзектілігі: Шәмші Қалдаяқовтың қазақ саз өнеріне қосқан үлесін сезіне отырып, өскелең ұрпаққа, яғни біздерге жан-жақты насихаттау. Шәмшінің әндері қай ғасырда болмасын өз шынайлығы арқасында ғұмырлы туындылары халық санасынан өшпестей орын алған.

Зерттеудің мақсаты: Шәмші Қалдаяқовтың қазақ музыка өнеріндегі шоқтығы биік тұрған сазгеріміздің өмір жолы мен шығармашылығымен тереңірек сусындап, мол рухани азық алу.

Зерттеудің міндеттері: 

1.Шәмшінің еліміздің тарихында өлшеусіз орын алған тұлғаның балалық шағымен, өмірімен танысу:

2.Шәмшінің келер ұрпаққа қалдырған шығармашылығы мен мол мұрасын танып, білу;

3.Шәмші есімі ел есінде мәңгі сақталары сөзсіз, дегенмен сазгерді еске алу мақсатында жыл сайын елімізде «Шәмші әндері»- атты кештермен қатар түрлі іс-шаралардың өтілуіне тереңірек тоқталу;

Зерттеу жұмысының көлемі: Кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бір негізгі тарау мен төрт тараушадан тұрады.

І тарау Шәмші Қалдаяақовтың мол мұрасы

Қазақ халқының маңдайына біткен тума талант иегері, асқан дарынды сазгерлеріміздің бірі және бірегейі Шәмші Қалдаяқовтың қалдырған мол шығармашылығы мен халық жүрегінен тереңінен орын алған әндерімен қатар ұлтымыздың әнұранына айналған туындыны дүниеге әкелген сазгердің балалық шағы мен өмір белестеріне тереңірек тоқталмақпын.



1.1 Шәмші өмірбаяны

Шәмші Қалдаяқов 15 тамызда 1930 жылы , Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келіп, 1992 жылы ақпан айының 29-шы жұлдызында Алматыда дүниеден өтті. Композитор, Қазақстанның халық әртісі атағын 1991 жылы алды.  Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы. Кіші жүздің Жағалбайлы руынан [1]

Шәмші мектеп жасында әкесінің домбырасын ұстап, сырнайын тартуға құмар болған. Ауылға келген сыган жігітінен мандолина сатып алды. Бала кезінен әкесінің әперген патифонынан Күләш Байсейітованың жүрек толқытып, сезім тербейтін күміс дауысын тыңдап өскен. Сөйтіп, Латиф Хамидидің «Бұлбұл» әнін мектеппен қоштасу кешінде мандолинамен орындап, ауылдастарының алдында мерейі өскен.

Шәмші бірден өнер жолына түспеген, әуелі Қапланбектегі зооветтехникумды бітірсе, кейін Сахалиндегі әскери училищені, елге келген соң Ташкент қаласындағы Хамза Ниязи атындағы музыка училищесін, содан соң Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясының композиторлар дайындайтын факультетінде білім алған. Әлдебір себептермен Шәмші диплом ала алмай қалғандықтан өмірінің соңына дейін әуесқой сазгерлер қатарында жүрді.

Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі нағыз майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткері, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі және бірегейі, Қазақстанның халық әртісі.

Шәмші бала кезінен бойындағы бар талантын, дарынын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. 1950 жылдан бастап өзі түбегейлі шығармашылықпен айналысып, шыңдалды. 1956-1962 жж. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында В.В.Великанов класында дәріс алды. Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза сыңғырымен, лирикалық наздылығымен, құлаққа жағымды, жүреккке жақын әсем әуенімен ерекшеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен әуезбен құнарландырды, яғни халықтық, ұлттық нақышпен қабыстыруында жатыр. Ал бұл Шәмшінің қазақ жұртының музыкалық дәстүрінің сүтін еміп өскендігінің тағы бір дәлелі еді.

Міне осылайша көне мен бүгінгі мақамдарды керемет ұштастыруы Шәмші Қалдаяқов шығармаларының атын, атағын дүрілдетіп шығарып, дүйім далаға қанатын кеңінен жайыуға мүмкіндік берді. Мұхтар Әуезов өмірден озар тұсында университет студенттері алдында сөйлеген әйгілі сөзінде Шәмші саздарын Ақан, Біржан өнерпаздығынан кейінгі бір "жыл келгендей жаңалық" сезіндіретін үздік құбылыс ретінде баға беріп кеткені белгілі. Жұрт аузында "бүкіл қазақ еліне ән салдырған Шәмші" атануының сыры осында болса керек. Сазгердің әндерін, әсіресе, 60-70-жылдардағы жастар сүйіп тыңдайтын болды. Кешеулеген "хрущевтік жылымық" дәуірінің жас адамдары шетел композиторлары мен орындаушыларына, мысалы, "Биттлзге" калай ынтығып тыңдаса, қазақстандық өз сазгерлерімізді де солай сүйіп, ынталана тыңдады. Бұл соңғысы мен арасында, әрине, Шәмші Қалдаяқов бірінші орында тұрды.

Шәмші Қалдаяков өз шығармаларымен әсем да ақылды көкөрім жасты ғана емес, ересек, егде қауымның да, сан түрлі мамандық, алуан ұлт адамдарының да көңілін баурап алатын еді. Халық арасында әсіресе күллі отаншылдық, елшілдік, патриоттық нотасын тап басқан "Менің Қазақстаным" туындысы айрықша мәшһүр болды. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы жастар, өрімдей ұл-қыздар Алматы алаңдары мен көшелерінде Шәмшінің осы әнін ұрандай шырқап шыққан болатын. 2005 жылдан "Менің Қазақстаным" туындысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны болып бекітілді. [2]

Шәмшінің әуезді әндері республикамыздың қай өңірі болмасын жиі айтылып, ән сүйер қауым арасына барынша кең тараған. Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған Шәмші Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі. Біз ес білгелі бері еліміздің кең байтақ даласымен аспанында қалықтаған, махаббат пен сағыныш сезіміне толық қайталанбас Шәмші әуендері енді ХХІғасыр әлеміне бет алып әуелей беретіні ол енді тарихи ақиқат. Табиғат ерекше дарын иесі еткен дара тұлға Шәмші Қалдаяқовты қазақ баласы есінен ешқашан шығармас. Шәмші ағамыздың «Қорлан» әнін шырқаудағы өзіне ішкі сырын ашып айтпай сөз шешендігіне салып бұра тартып кететін кезері де болған. Кең жүрегімен табиғат берген дархан, дарынды Шәмші ағамыз өзінің жүрек тербейтін, қиял қозғайтын, терең ойға шомылдыратын ғажап әндерімен халқын рухани шабыттандырып, байытатын, олардың өмір сүруге деген құлшынысын, ынтасын арттырып, жігерлендіріп, рухтандыратын. Шәмші Қалдаяқов пиониноның да, домбыраның да құлағында ойнап, өте шебер жосылта тартатқан. Дегенмен, домбыраны екпіндете, төпелеп тартқанын замандастары мен таныстары көрген емес. Бір әсем әуенді шерте бастайтын да қоңырлата былқылдата ала жөнелетін. Нақтырақ айтқанда тұла бойы тұнып тұрған талант, өнер болатын.

1.2 Қазақ халқының музыка өнерінде Шәмшінің орны

Халқымыздың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше, ұлтымыздың ән қоржынына 300-ге тарта шығармамен толықтырды. Шәмші Қалдаяқов кеудесін қағып, мен атақты сазгермін деп бір сәтте мақтанған жан емес екен. Қашанда өзінің қарапайымдылығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алған сазгер. Өзінің шығарған өлеңінің бірі «Тамды аруы». Шәмші ағаның қалың жұртқа махабатты жырлаған сазгер ретінде таныстырды. Тамды аруы махаббат жайлы болғанымен ол махаббат бостандығын аңсап жазылған ән еді. Яғни, жас жігіттің басынан өткен қайғылы оқиғаға себеп болған. Бұл махаббат бостандығын аңсаған әнді Шәмші ағамыз өзінің асқан шеберлігімен дүниеге әкелді. Ал, «Сағынышым менің» әнінде ерекше аңсау , терең толғау бар. Айта берсек әр әннің өзіндік тұнып тұрған тарихы мен сыйқырлы сыры бар. Ең бір көшпелі тарих - ән тарихы. Кешегі Кәрібаевтың Жамбыл вальсімен қанағаттанған лектің рухани көші небір аймаңдай дарындармен дараланып, сән салтанаты асқан келешектің көркем келбетін көз алдымызға келтіре білген нұрлы көші еді.

Көштің жуан ортасынан ойып орын алған композитордың бірі әрі бірегейі де Шәмші Қалдаяқов . Шәмшінің тағдырында біртуар тұтас бір тағдыр иесінің 18 жыл өмірінің соңғы жылдарында осы топырақта ғажайып шығармашылық ғұмыр кешкен «Мойынқұмда ауылым», «Дүнген қызы», «Фосфорлы Жамбыл» секілді атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге таралған. Әу баста Шымкент өңірінде атақты әндері дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге таралған. Әу баста Шымкент өңірінде басталған Шәмші Қалдаяқов атындағы Халықаралық ән фестивалі Жамбылда жалғасын тауып, талай тума таланттардың, дарындардың тұсауын кесті. Шын таланттың ғажайып дарынның шапағаты тиді деген осы. Талант иісі қазаққа ортақ Шәмшідей аяулы жанның ән ғұмыры әлі талай ұрпақтың ой білімімен, парасатымен жаңаша жаңғырып жалғасын таба берері айқын.

Олардың дені ән жанрында Ш.Қалдаяқовтың өзінің қайталанбас қол таңбасы халықтың бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі әнін, өнерін биік белеске көтерді.. Оның әндерінсіз ешбір мереке де, ешбір той-думан да өтпейді. Оның әндерін еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін шырқайды. Ал «Шәмші аға» деген сөз «Ән аға» деген сөзбен тұтасып, синоним болып кеткелі қашан...[4]

Сазгерді музыка мамандары «вальстің королі» деп те атағаны белгілі. Нақтырақ айтсақ ол кезде вальс ырғағымен жазылған әндер аз болса керек, өнердің осы түріне ерекше ден қойған да Шәмші болатын.
1.3 Қазақ музыка өнеріне қосқан үлесі

Шәмші Қалдаяқов қазақтың ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Композитор шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Елге, жерге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген сүйіспеншілік – Шәмші шығармаларының ең басты негізгі тақырыбы.

Шәмшінің «Қайықта» әні 1957 жылы демократиялық жастардың бүкіл дүниежүзілік фестиваліне арналған Республикалық байқауға байланысты жазылған. Содан бастап ол халықтың сүйіп тыңдайтын өте танымал, әуезді әндерінің біріне айналды.

Оның азаматтық лирикаға тұнған, республикамыздың кең байтақ жерін жырға қосатын:«Ақ ерке – Ақ Жайық», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы»,

«Жарқырайды Жезқазған», «Қарқаралы», «Фосфорлы Жамбыл», «Байқоңыр», «Талдықорған – әнім менің», «Ырысты өлке – Шардара»,

«Отан», «Теріскей», «Мойынқұмда», «Отырардағы той», «Көгілдір Көкше»,

«Өмір өзен», т.б. туындыларын жұртшылық ерекше ықыласпен қабылдады.

Сазгердің марш екпінді, жігерлі, шаттықпен шырқалатын:

«Менің Қазақстаным», «Теңізде – толқында», «Бақыт құшағында»,«Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері халық арасына кеңінен тарады. «Ақмаңдайлым»,

«Ақсұңқарым», «Қайдасың», «Еркежан», «Ана туралы жыр», «Құшақ жайған қандай адам», «Қайықта», «Қыз сағынышы», «Ақ бантик», «Кешікпей келем деп ең», «Қуаныш вальсі», «Әнім сен едің», «Сағынышым менің» әндері Роза Бағланова, Ришад Абдуллин, Бибігүл Төлегенова, Рашид Мұсабаев, Зейнеп Қойшыбаева, т.б. әншілердің ән қоржындарынан берік орын алды. Қалдаяқов артында мол музыкалық мұра қалдырды.



1.4 Шәмші есімі ел есінде

Шымкент қаласындағы Шәмші саябағында орнатылған Шәмші ескерткіші

1992 жылдан бастап сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау-фестиваль дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Шымкент қаласында облыстық филармония, бір көше, Алматы қаласында бір көше, композитор туған өлке – Шәуілдір ауылындағы музыка мектебі – Қалдаяқов есімімен аталады. Шымкент филармониясының алдына Қалдаяқов ескерткіші орнатылған. 1991 жылы Қалдаяқов жайлы ғұмырнамалық «Жылдарым менің, жырларым менің» (реж. Т.Ахметов) деген деректі телефильм түсірді. «Шәмшіғұмыр» естеліктер мен мақалалар жинағы жарық көрді (2002).[5]

Шәмші Қалдаяқовтың жарыққа шықан шығармалары: Әндер, А., 1967;

Бақыт құшағында. Әндер жинағы, А., 1971;Сағынышым менің. Әндер, А., 1978; Менің Қазақстаным. Әндер, А., 1981; Шәмші әлемі. Әндер, А., 2000.



ҚОРЫТЫНДЫ

Сөзімді қорытындылай келе Шәмшінің өнерімен таныса отырып сүйікті халқын ән бесігіне, вальс ырғағына бөлеген аса белгілі сазгерді есте сақтау мақсатында еліміздің түкпір-түкпірінде сазгердің өмір жолы мен шығармашылығына арнап іс-шаралар мемлекет деңгейінде жиірек ұйымдастырылып тұрса екен деген ұсынысым бар. Әрине Шымкент қаласындағы облыстық филормония мен бір көше, Алматы қаласындағы бір көше, композитордың туған өлкесі – Шәуілдір ауданындағы музыка мектебі Қалдаяқовтың есімімен аталады. Шымкент филормониясының алдына сазгердің ескерткіші орнатылды. Ал 1992 жылдан бастап жыл сайын сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау-фестивалінің өтілуі – Шәмшіге деген халық ілтипатының белгісі. 2002 жылы «Шәмшіғұмыр» атты естеліктер мен мақалалар жинағы жарық көрді. Сазгердің қай шығармасын алсақ та халқының жүрегінен ойып тұрып орын алғаны белгілі. Әр қазақтың той-томалағында да, тіпті мемлекеттік деңгейде өткізілген іс-шараларда Шәмшінің туындысы шырқалып елдің отанға деген сүйіспеншілікке толы махаббатын сезінеміз. Сазгерді жақсы таныған таныстары, ет жақын араласқан адамдары, замандастары ол кісінің өте қарапайым жан болғанын жиі айтады. Атақты бола тұра өз атқамінерлердің алдына барып, өз бас пайдасы үшін ешкімнен ештеңе сұрамағаны туралы да жиі айтылады. Бұл қасиеті Шәмшінің өзіне ғана тән тектілігі деп түсінемін. Бүгінде сазгердің мол мұрасымен сусындап өсіп келе жатқан жас ұрпақтың арасынан да Шәмшідей өр тұлғалы сазгерлер шығатынына сенімдімін.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 44 бет

2.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-томы 46 бет

3.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы 4.“Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 жыл  23 бет



5. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 жыл  8 бет

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет