Сабақтың басы
|
Жас инспектор алдына қандай міндеттер қойылады ?
Оқушылардың жолда жүру ережелерін үйренуіне;
Жолда жүру ережелері сабақтары өтетін кабинеттер мен бұрыштамаларды плакаттар, макеттер және басқа көрнекі құралдармен безендіруге;
Өздерінің тұрғылықты жерлерінде, ауданда көпшіліке арналған шаралар ұйымдастырған кезде жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
Мектептерде, демалыс орындарында тақырыптық кештер, ертеңгіліктер, тапқырлық ойындар мен викториналар өткізуге қатысатын болады.
– Біздер көшеде жүру ережесін жақсы білуіміз керек.
І – бөлім. Сұрақтар:
1. Бағдаршам дегеніміз не? Адам үшін оның маңызы қандай?
2. Бағдаршамның неше түрі болады?
3. Бағдаршамның қызметін атап бере аласың ба?
4. Жолдағы қозғалыс бағдаршамнан басқа қандай белгілермен реттеледі?
ІІ – бөлім: Теориялық білімдерін практикалық іспен байланыстыру.
Оқушылар алдына арнайы жол белгілері макеті, көше сызықтары салынған таблица, көлік түрлері, таратылады. Әр топ өзіне берілген заттарды пайдаланып көліктермен жүргіншілер қимылын көрсетеді.
1 – топ: Жаяулар өтетін жолдар, жиек жолдар, жаяу жүргінші қалай жүру керектігін макетті пайдаланып көрсетеді.
2 – топ: Қай жерде ойнауға болады? Қай жерде ойнауға болмайды?
3 – топ: Қандай көліктерге бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етіледі?
ІІІ – бөлім: «Үйренейік, білейік».
Әр топқа түрлі – түсті қағаз, қайшы, желім таратылып береді. Олардың өздері білетін жол белгілерін жасауларын талап етеді, белгі 3 – дана болу керек.
Мысалы:
а) жаяулар өтетін жер, жаяулар өтуге болмайтын жер.
ә) Велосипедпен өтуге болмайтын жер, өтуге болатын жер.
б) Жолдар «Бір жақты қозғалысты жол» белгісі, жол жұмыстары
Топ мүшелері өздері қиып әзірлеген белгілерін көрсетіп, сол туралы түсінік береді. Белгі түрлері толықтырып қайталанылады.
ІҮ – бөлім:.
Жұмбақтар шешу.
Әр топ бір – біріне дайындаған жұмбақтарын жасырады.
І. Көзін ашып жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)
ІІ. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. (Автоинспекция қызметкері)
ІІІ. Арқаным тым ұзын.
Ала алмайсың бір үзім. (Жол)
ІҮ. Сөйлегенде білмейді
Бірақ «Тоқта, жүр»- дейді.
(Бағдаршам)
|
Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбымен мақсатымен танысады. Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді.
|
Мадақтау
стикерлер
|
Слайд
Слайд
қатырма қағаздан бағдаршам макеті
жас автоинспектордың бас киімі мен таяқшасы
|