«Бекітемін»
№51 мектеп-гимназия
директоры
___________К.С.Дүйсенова
ДИРЕКТОРДЫҢ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫ
Жалпы ережелер
1.1Бұл лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251-ІІІ Еңбек кодексі, ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» N 338 бұйрығы, ҚР - ның 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» N 319 заңы, жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелері және жергілікті нормативтік актілер негізінде жасалды.
1.2 Директордың ақпараттандыру жұмыстары бойынша орынбасарын қалалық білім беру бөлімі келісімімен, кәсіподақ уәждемелі пікірін ескере отырып, директоры тағайындайды және босатады.
1.3 Директордың ақпараттандыру жұмыстары бойынша орынбасары демалыста және уақытша жұмысқа қабілетсіз болған кезеңде оның міндеттері директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына немесе ақпараттық- математикалық цикл кафедрасындағы неғұрлым тәжірибелі педагогтардың біріне жүктелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда міндеттерді уақытша атқару директорының ҚР Еңбек кодексі талаптарын сақтай отырып шығарған бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
1.4 Директордың ақпараттандыру жұмыстары бойынша орынбасарында жоғары педагогикалық білім және 3 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс стажы болуы шарт, сондай-ақ технология саласы мен қауіпсіздік техникасы бойынша тиісінше тәжірибесі болуы қажет.
1.5 Директордың ақпараттандыру жұмыстары бойынша орынбасарына педагогикалық қызметкерлер мен оқушылар тікелей бағынады.
1.6 Директордың ақпараттандыру жұмыстары бойынша орынбасарына педагогикалық қызметкерлер мен оқушылар тікелей бағынады.
1.7 Білуге міндетті:
-ҚР Конституциясын.
-Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулер туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету туралы», «Кәмелетке толмағандарға арасындағы құқық бұзушылардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын және басқа да білім беру ісін дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын нормативтік құқықтық актілері.
- Педагогика мен психология негіздерін.
- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын.
- Педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін.
- Менеджмент, қаржы – шаруашылық қызметі негіздерін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары.
- Санитарлық ережелер мен нормаларды.
- ҚР Еңбек кодексін.
- Ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін.
- Бағдарламалық – әдістемелік құжаттамаларды.
Сондай - ақ, директордың ақпараттандыру жұмыстары бойынша орынбасары өз қызметінде оқушыларға білім мен тәрбие беру мәселелері бойынша білім беру ісі басқарушы барлық деңгейдегі органдар шешімдерін, сондай-ақ жарғысы мен жергілікті құқықтық актілерін (оның ішінде Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты), еңбек шартын (келісім – шарт) басшылыққа алады. Бала құқықтары туралы Конвенцияны сақтайды.
1.8 Директордың ақпараттандыру жұмыстары бойынша орынбасары компьютерді және басқа да ақпараттық – коммуникациялық технологиялар мен ғаламдық Internet желісін қолдануда тиімді тәсілдерді меңгеруі, ғаламдық желідегі тәртіп этикетін және авторлық құқықтар туралы заңнаманың негізгіережелерін білуі тиіс.
2. Функциялар
Директордың ақпараттандыру жұмыстары бойынша орынбасары атқаратын негізгі қызмет бағыттары мыналар болып табылады:
2.1 Оқу-тәрбие процесін жүйелі ұйымдастыру және оны жарғы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелеріне, ҚР заңнамасына сәйкес басқару.
2.2. Өз құзыреті шегінде кезекші мұғалімге, кафедралар мен әдістемелік бірлестіктер меңгерушілеріне өкілеттік беру.
2.3. компьютерлік желісін әкімшіліктендіру.
2.4. инновациялық білім беру моделін қалыптастыру.
2.5. Ақпараттандырудың ресурстық базасын барлық аспектілері бойынша дамыту.
2.6. Ақпараттық - математикалық цикл пәндері бойынша оқу – тәрбие процесін басқару.
2.7. Ақпараттық – математикалық цикл кафедрасының тәжірибелік – эксперименттік қызметін басқару.
2.8. Ақпараттық – математикалық цикл кафедрасы мақсаттарына сәйкес зерттеу материалдарын әзірлеу.
3. Лауазымдық міндеттері
Директордың ақпараттандыру жұмыстары бойынша орынбасары мынадай лауазымдық міндеттерін атқарады:
3.1. Талдайды:
ақпараттандырылу жағдайы мен перспективалық мүмкіндіктері;
ақпараттық – коммуникациялық технологияларының жағдайы және оларды перспективада пайдалану мүмкіндігін;
ұжымның компьютерге деген өскелең талап-тілектерін;
жетекшілік ететін ауысымдағы білім беру жағдайларының жай-күйін;
ұжымның мектеп бітірушілерді бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындау жөніндегі қызметін;
ақпараттық - математикалық цикл кафедрасы мұғалімдері қызметінің жағдайын және нәтижелігінің;
ақпараттық – математикалық цикл кафедрасы мұғалімдерінің кәсіби біліктілік деңгейін;
ақпараттық – математикалық цикл кафедрасы мұғалімдері оқу әдістемелік жұмыстарының жағдайын;
оқушылардың ақпараттық – математикалық цикл пәндері бойынша білім деңгейінің анықтау мақсатында осы саладағы білім беру процессін;
3.2. Болжам жасайды:
күнделікті қызметіне технологиялық жаңалықтар ендіру нәтижелілігіне;
оқушыларды ақпараттық – математикалық цикл пәндері бойынша оқытудың нәтижелеріне.
3.3. Әзірлейді және белгілейді:
өз міндеттеріне сәйкес бойынша бұйрықтар мен өкімдерді;
өз жұмысының перспективалық және ағымдағы жоспарларын;
есеп беру құжаттарын.
өзі жетекшілік ететін ауысымға арнап оқу сабақтары, сондай - ақ оқыту қызметінің басқа да түрлері, ұпай факультативтер мен үйірмелер бойынша «СанПиНомға» және өзгеде нормативтік құжаттарға сәйкес сабақ кестесін;
оқып – үйренуге ынтасы жоғары оқушылармен жұмыс жүргізудің перспективалық жоспарын;
директордың оқу ісі және бейінді оқыту жөніндегі орынбасарларымен, кафедралар, әдістемелік бірлестіктер меңгерушілерімен бірге мектеп бітірушілер бірыңғай ұлттық тест тапсыруға дайындығы бағалау жүйесін;
кафедралар әдістемелік бірлестіктер меңгерушілермен бірге бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындық әдістемелік жұмыстардың жоспарын;
дамытудың жекелеген фрагменттерің, өзге де стратегиялық құжаттарды.
ақпараттандырудың перспективалық жоспарын
оқу процессінде мультимедианы қолданудың әдістемелік негіздерін
ақпараттық ресурстарға қол жеткізу деңгейлерін және ережелерін;
оқу – тәрбие процесінің нақты міндеттерін шешуге байланысты ақпараттық – коммуникациялық технологияларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар.
3.4. Жоспарлайды және ұйымдастырады
медиатекалардың тиімді пайдалануына; жанынан ақпараттандыру жөнінде тұрақты кеңес құрады;
ақпараттандыру технологиялар базасында жобалау қызметін;
білім беру процесіне қатысушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастұруға байланысты жұмыстарды;
қызметкерлерін компьютерлік сауаттылыққа үйретуді;
оқушылары мен қызметкерлерін оқытудың дистанциялық формасын (қашықтан оқыту әдісін); оларға көмек көрсетуді, кеңес беруді;
мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияларға үйретуді; бұл салада оқыту ісін дербес жүргізуге, консультациялық қызмет көрсетуге қабілетті мамандар даярлауды;
уақытша ғылыми ұжымдар жасақтауды және олармен жұмыс жүргізуді;
компьютерліктехникаларды жөндеп, ретке келтіруді;
оқушылар мен мұғалімдердің мультимедиалық техникаларды пайдалана отырып пікір сайыстарын, бейнелі конференциялар, олимпиадалар, форумдар, мәжілістер, педагогикалық кеңестер т.б. өткізу жөніндегі жұмыс жобаларын;
аударма емтихандарына, аралық мемлекеттік байқауға және біріңғай ұлттық тестілеуге дайындалу, оларды өткізу жөніндегі жұмыстарды;
өзі жетекшілік ететін ауысымда оқу процесін қамтамасыз ететін кафедралар, әдістемелік бірлестіктер жұмысын;
аттестаттауға, материалдар, әзірлеуді;
ақпараттық – математикалық цикл пәндері мұғалімдердің біліктігін арттыру жөніндегі жұмыстарды;
ақпараттық – математикалық цикл пәндері бойынша бақылау және тексеру жұмыстардың;
Директордың оқу ісі жөніндегі өзге орынбасарлармен бірге оқушылардың техникалық творчествосын;
Өзі жетекшілік ететін ауысымда мұғалімдердің бойынша кезекшілігін.
3.5. Қамтамсыз етеді:
Қызметкерлердің дер кезінде тарифтелуін;
Қызметкерлерінің уақытша еңбекке жарамсыздық парақтармен жалақы табельдерін ресімдеуді;
Қалып кеткен және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналының жүргізілуін;
Өзі жетекшілік ететін ауысымда уақытша келмей қалған мұғалімдер сабақтарының дер кезде және сапалы өткізілуі;
Білім беру процессі мен басқаруға қажетті бағдарламалық өнімдермен;
Техникалар мен желілердің үзіліссіз жұмыс істеуіне тиісті жағдай жасалуын;
Өзі жетекшілік ететін ауысымдағы мұғалімдер мен оқушылардың санитарлық – ағарту, медициналық қызмет көрсету жұмыстары бойынша медицина қызметкерлерімен өзара байланысың;
Мұғалімдердің жалпы жұмысын, олардың ақпараттық – математикалық цикл пәндері бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындалуын;
Өзі жетекшілік ететін ауысым бойынша оқушыларды үйде оқытуды;
Оқушылардың сыртқы көрінісі мен бірыңғай формасы бойынша қойылатын талаптардың орындалуын;
Оқушылардың таңертеңгілік сапқа тұруы (линейкасы) директор бекіткен график бойынша өткізілуін.
3.6. Басқарады:
мұғалімдер мен оқушылардың өскелең талаптарын ескере отырып, ақпараттық ресурстарды жүйелеу мен каталог жасау ісін;
кадрлар, оқушылар, транспорт, әдістемелік материалдар, әлеуметтік, әкімшілік, әкімшілік – шаруашылық, бірыңғай ұлттық тестілеу мәселелеріне қатысты мәлімет базаларын жүргізу;
ұйымды - құқықтық және қаржы – шаруашылығы қызметіне – мемлекеттік тапсырыс жүйесіне, құжат айналымына, зейнетақы қорына, автоматтандырылған кітапханалық – ақпараттық желіге және т.б.байланысты жұмыстарды бухгалтерлік бағдарламалармен және арнайы бағдарламалармен қамтамсыз ету ісін;
білімнің бақылануын ұйымдастыру, пәндер бойынша сабақ өткізуге көмектесу бағытында атқарылатын жұмыстарды бағдарламалармен, басқарудың автоматтандырылған жүйесімен, қолданбалы және жүйелік бағдарламалармен қамтамсыз етуді;
қызметкерлерін ақпараттық технологияларда дербес жұмыс жүргізуге үйрету және соңынан оларға өкілдік беру ісін.
3.7. Бақылайды
медиатекасы бар;
ақпараттық - математикалық цикл кафедрасы жұмысын, арнайы курстар, таңдап алынған пәндер бойынша жұмыстарды;
өзі жетекшілік ететін цикл пәндері бойынша оқуға ынталы балалармен жүргізілетін жұмыстарды;
өзі жетекшілік ететін ауысымдағы оқушылардың оқу жүктемелерін;
өзі жетекшілік ететін цикл пәндерден білім беру процесінің сапасын және оқушылардың сол пәндерден даярлықтарын бағалаудағы объективтілікті қадағалап, сабақтарға, үйірмелерге жұмысына (оқу жылында 150 – 180 – нен кем емес)қатысады;
аралық мемлекеттегі бақылауға және бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындық сапасын;
ақпараттық – математикалық цикл пәндері мұғалімдерін курстық қайта даярлау жоспарының орындалуы;
құжаттамалардың дұрыс жүргізілуін, құжаттамалардың дұрыс жүргізілуін, құжаттауды жүргізу процесін;
Өзі жетекшілік ететін пәндер бойынша оқушылардың күнделіктер мен дәптерлерін дұрыс толтыруын, сынып журналдарың жүргізілуін;
өзі жетекшілік ететін ауысымдағы оқушыларға медициналық қызмет көрсету жайын;
оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылуын.
3.8. Үйлестіреді, көмектеседі:
барлық ақпараттық кеңістігі компоненттерін және олардың өзара толыққанды байланысын;
мультимедиалық технологияларды пайдаланудың медициналық – психологиялық салдарын ескере отырып, оқу – тәрбие процесіне мультимедианы қолдану жұмыстарын;
оқушылардың дербес білім алу қызметін негізге алатын инновациялық білім беру моделін қалыптастыруға;
білім беру және ақпараттық технологиялар үздік үлгілерін таратуға;
оқу процесінде ғылыми – ақпараттық технологиялардың белсенді түрде пайдаланатын мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету бағытында;
өзге процестерімен ақпараттық тұрғыдан өзара байланысты;
компьютерлерді жаңалау кезінде мұғалімдерге және әкімшілікке жаңа бағдарламалық құралдарды орнату, сабақ өткізу уақытында және сабақтан тыс кездері Интернет арналарына қол жеткізілімді қамтамасыз етуге байланысты техникалық жәрдем береді;
ғаламдық ақпарат кеңістігіне шығаруға.
3.9. Бағалайды, сараптайды:
құжаттар құндылығын, оларды ведомстволық мұрағатта одан әрі сақтау және пайдалану үшін іріктеу мақсатында;
өз міндеттеріне сәйкес стратегиялық құжаттарын ( оқу жоспары, білім беру бағдарламалары, дамыту тұжырымдамасы мен бағдарламасын );
өзі жетекшілік ететін пәндер бойынша 1 – 11 сыныптардағы білім сапасын және сабақ өткізілу жағдайын;
алдында тұрған көкейкесті міндеттерді және ақпараттық- коммуникациялық технология саласындағы білім беру ісінің жай-күйін;
электрондық ресурстарын.
3.10. Кеңес береді:
Әкімшілікке, мұғалімдер мен оқушыларға ақпараттық және бағдарламалық құралдарды практикада қолдану жөніне;
Мұғалімдерге оқушылардың білім сапасына көп деңгейлі тестілеу негізінде бақылау жасау жөнінде.
3.11. Редакцияларды,түзету ендіреді:
мұғалімдердің оқушыларды бірыңғай ұлттық тестілеуге даярлау жөніндегі жұмыстарына;
дамуы жайлы, өзі жетекшілік ететін пәндер бойынша зерттеулер, эксперименттер нәтижесі туралы баспаға дайындалған материалдарды.
3.12. Хабардар етеді:
ұжымды білім беру ісін ақпараттандыру мәселелері бойынша;
ұжымды әкімшілік – шаруашылық мәселелері бойынша;
ұжымды оқушылар білімі сапасы мен сабақ беру сапасын мектепішілік бақылау жоспарының орындалуы туралы.
3.13. Тыйым салады:
типтік тізбелерді қарастырылмаған химиялық реакторларды, оқу жабдықтары мен приборларды, соның ішінде тиісті акті – рұқсатнамасыз шеберханаларға, оқу орын – жайларына, т.б. жерлерге қолдан жасалып қойылған заттарды пайдалануға;
оқушылар мен қызметкерлер денсаулығына қауіп тудыратын жағдайлар пайда болған орын – жағдайларында білім беру процессің жүргізілуіне.
3.14.Қатысады:
Педагогикалық кеңестер жұмысына;
Жоғары орындар ұйымдастырып, өткізетін кеңестер, семинарлар, конференциялар, тренингтер жұмысына, дөңгелек стол отырыстарына және басқа шараларға;
Білім беру қызметіне деген әлеуметтік тапсырыстарды зерттеуге;
Жоғары сынып оқушыларының білім сапасын бағалау байқауын өткізуге;
Аралық мемлекеттік бақылауға, бітіру емтихандары мен біріңғай ұлттық тестілеуге дайындық пен оларды өткізуге байланысты педагогикалық озат тәжірібелерді насихаттау және қорыту ісіне;
оқышылар контигентін жасақтауға;
педагогтары мен басқа да қызметкерлерін аттестаттауға әзірлеу және оны өткізу ісіне.
3.15.Жетекшілік етеді:
Ақпараттық – математикалық цикл кафедрасының жұмысына;
Асхананың жұмысына.
4.Құқықтары
Директордың ақпараттандыру жұмыстары бойынша орынбасары өз күзіреті аясында мыналарға құқылы;
4.1. директоры уақытша болмаған кезеңде (демалыс, сырқат және т.б.) оның міндеттерін атқаруға;
Міндеттерді орындау ҚР заңнамасына, жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес директордың бұйрығы жүзуге асырылады.
4.2. Тікелей қол астындағы қызметкерлерге міндетті түрде орындалуға тиісті орындалуға тиісті өкімдер берілді.
4.3. Оқушыларымен өткізілетін кез келген сабаққа қатысуға (сабақ басталғаннан кейін шұғыл қажеттіліксіз сыныпқа кіру және сабақ кезінде мұғалімге ескерту жасау құқығынсыз).
4.4. Оқушыларды оқу процесіне кері ықпал ететін қылықтары үшін жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелерінде белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартуға.
4.5. Қажет болған жағдайда сабақ кестесіне өзгерістер енгізуге, бірлескен сабақтар өткізу үшін топтар мен сыныптарды уақытша қосуға.
4.6. Тің түрлі бөлімшелеріне, қызмет орындары мен жекелеген қызметкерлеріне тән жұмыс құжаттамаларын (ережелер, жоспарлар, бағдарламалары, жұмыс материалдары, бақылау жұмыстары және т.б.) бақылау және түзету енгізу үшін сұратуға.
4.7. Қызметкерлерін марапатқа (наградаға) және құрметті атақтарға ұсыну жөнінде директордың қарауына мәселе қоюға.
4.8. Қызметкерлерінен тәрбие, білім беру, эксперименттік, зертеу және шаруашылық қызметінің технологияларын, кәсіптік этика нормалары мен талаптарын сақтауды, мектеп қауымдастығы қабылдаған жоспарлармен мен бағдарламаларды (міндетті және инновациялық сипаттағы) орындауды талап етуге.
4.9. Оқушылар конингентін жасақтау ісіне атсалысуға.
4.10. Өз біліктілігін арттыруға.
5. Жауапкершілігі
Жарғы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, директорыныңзаңды бұйрықтары мен өкімдерін және өзге де жергілікті нормативтік актілерді, осы нұсқаулықта белгіленген лауазымдық міндеттерді, дәлелді себептерсіз орындалмағаны немесе тиіснше орындалмағаны, оның ішінде өзіне берілген құқықтарды пайдаланбағаны үшін директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары еңбек заңнамасында белгіленген ретпен тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
Еңбек міндеттерін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жаза ретінде лауазымынан төмендетілуі немесе босатылуы мүмкін.
6.Өзара қарым – қатынас және лауазымы бойынша байланыстар
6.1. Өзара әрекеттестікке жұмыс жүргізеді:
Педагогикалық кеңесімен;
Директордың орынбасарларымен;
Мұғалімдермен;
Тің медицинналық, әлеуметтік және психхологиялық қызмет орындарымен;
Бас бухагалтермен;
Хатшы-іс қағаздарын жүргізушімен;
Кітапхана меңгерушісімен;
6.2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен, директордың тәрбие жөніндегі орынбасарымен, кафедралардың және әдістеме бірлестіктерініңжүйелі түрде ақпарат алмасып отырады.
6.3. Сағаттық жұмыс аптасы бойынша жасалған кестеге сәйкес норамаланбаған жұмыс режімінде еңбек етеді.
6.4. Өз жұмысын әр оқу жылы мен оқу тоқсанына арнап, жоғары тұрған орындар жоспарларына қарай дербес жоспарлайды.
6.5. Директорға қажетті ақпараттық және есеп беру құжаттамаларын уақытылы ұсынып отырады.
6.6. Директорынан нормативтік – құқықтық және ұйымдық – әдістемелік сипатта ақпараттар алады, тиісті құжаттармен қол қоя отырып танысады.
6.7. Қызметкерлеріне жүйелі түрде олардың құзырына кіретін білім беру қызметі мәселелері бойынша ақпараттар беріп отырады.
6.8.Директорын оқушылар мен қызметкерлердің өміріне, денсаулығына қатысты орын алған барлық төтенше жағдайлар жайлы хабардар етіп отырады.
Қызметтік нұсқаулықпен таныстым және екінші данасын алдым
______________________ ______________________________таныстым
(Қолы) (аты-жөні)
Күні: «___» _______________ 20 ____ г.
Достарыңызбен бөлісу: |