Ақпараттық хат



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата26.08.2024
өлшемі0.5 Mb.
#503221
  1   2   3
Ақпараттық хат Бүркіт Ысқақұлы 100 жыл



 
 
 
 
 
Ақпараттық хат
 
Құрметті әріптестер! 
 
2024 жылдың 31 қазан күні Нұра ауданының мәдениет және тілдерді 
дамыту бөлімі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің тарих 
факультетімен бірлесе ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ғалым, 
жастардың астыртын саяси ұйымы «ЕСЕП» (Елін сүйген ерлер партиясы) 
негізін қалаушы Бүркіт Ысқақұлының 100-жылдық мерейтойына арналған 
«Бүркіт Ысқақұлы: тұлға тағылымы мен тарихи заманы» атты республикалық 
ғылыми–практикалық конференция өткізеді. 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тарихи тұлға тағылымы» 
атты мақаласында: «біз өскелең ұрпақты барша жұрт мақтан тұтатын тарихи 
тұлғаның тағылымы арқылы тәрбиелеуіміз керек», – деген сөзін негізге ала 
отырып конференцияның мақсаты ақын, ғалым Бүркіт Ысқақұлының өмірі мен 
қайраткерлік қыры және шығармашылығының сан-саналы қырын ашу болып 
табылады. 
Конференция жұмысының негізгі бағыттары: 
1. Бүркіт Ысқақұлы: өмірі мен шығармашылығы, ғылыми мұрасы 
2. ХХ ғасырдың 20-50 жылдары қазақ даласында кеңестік биліктің 
жүргізген саясатының салдары 
3. Тұлғатану жас зерттеушілер пайымдауында 
Конференция қатысуға ғалымдар, тарихшылар, өлкетанушылар, ақын-
жазушылар, архив, музей, кітапхана қызметкерлері, жоғары оқу орындарының 
оқытушылары, 
колледж, 
мектеп 
мұғалімдері 
және 
докторанттар, 
магистранттар, студенттер шақырылады. 
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс. 
Конференция жұмысының басталуы: 2024 жылдың 31 қазан күні сағат 
10.00. 
Өткізу формасы: офлайн және Zoom платформасындағы онлайн режимде 
Ұйымдастыру комитеті конференция материалдарының жинағын 
жариялауды жоспарлар отыр. Конференция бағдарламасына енгізу үшін 
ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына қатысушының тіркеу формасын 
ұсыну қажет (1 қосымша) 


Тіркеу нысаны және баяндама (мақала) материалдары - 2024 жылдың 5 
қазанына дейін Ұйымдастыру комитетіне ұсынылуы керек: 
- қоса берілген форма бойынша қатысуға өтініш білдіру
- төменде берілген талаптарға сәйкес рәсімделген баяндаманың 
(баяндамалардың) материалдары. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет