Дүние жүзі тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы



Дата23.02.2016
өлшемі32.01 Kb.
#8404
Қосымша 1 «ҰТО» РМҚК

2014 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 343-ОД бұйрығымен бекітілді

Дүние жүзі тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге

арналған тест спецификациясы

(12 жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар)
Тест спецификациясы 2015 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуге қолдану үшін бекітілген.

Бұл құжат 12 жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар оқу үрдісінде пайдаланған оқулықтар негізінде әзірленген. ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен келісілді.



Мақсаты: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын 12-жылдық білім беретін эксперименттік сынып түлектерінің дүние жүзі тарихы пәні бойынша дайындық деңгейін анықтау.

Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 6, екінші деңгейде – 13, үшінші деңгейде – 6 тапсырма.

Тест тапсырмаларының мазмұны 12-жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар оқу үрдісінде пайдаланған оқулықтарға сай.





Бөлім

Тақырып

01

Ежелгі дүние тарихы

Алғашқы қауымдық қоғам

Ұлы өзендер өркениеті

02

Орта ғасырлар тарихы

V-ХV ғасырлардағы Батыс және Орталық Еуропа

Шығыс Рим империясы мен Араб халифаты

Орта ғасырлардан жаңа заманға өту кезінде

Орта ғасырлардағы Азия,Африка және Америка

Орта ғасырлардағы Ресей

03

Жаңа заман тарихы

ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы дүниежүзі тарихындағы негізгі оқиғалар. Индустриялық өркениет кезіндегі мануфактура кезеңі

ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы әлем

Дүниежүзі ХХ ғасыр басында

04

Қазіргі заман тарихы

1918-1945 жж. Еуропа және Америка елдері

1918-1945 жж. Азия және Африка елдері

ХХ ғасыр- ХХІ ғасыр басындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы

Халықаралық қатынастар

Екінші дүниежүзілік соғыс

Еуропа және Америка елдерінің ХХ ғасырдың екінші жартысы –ХХІ ғасыр басындағы дамуы

Азия және Африка елдерінің ХХ ғасыр екінші жартысы –ХХІ ғасыр басындағы дамуы

Тест жоспары:

Ежелгі дүние тарихы – 4 тапсырма.

Орта ғасырлар тарихы – 6 тапсырма.

Жаңа заман тарихы – 7 тапсырма.

Қазіргі заман тарихы – 8 тапсырма.

Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Ежелгі дүние тарихы: Ежелгі дүние тарихының кезеңдері, олардың сипаты, осы кезеңдегі шығыс және батыс өркениеттерінің ерекшелігі.

Орта ғасырлар тарихы: ортағасырлардағы негізгі оқиғалардың хронологиясы, орта ғасырлардағы мемлекеттердің саяси, экономикалық, мәдени дамуы, феодальдық құрылыстың негізгі ерекшеліктері мен белгілері.

Жаңа заман тарихы: кезеңнің хронологиялық шеңбері мен негізгі сипаттамасы; түрлі елдер мен аймақтардағы буржуазиялық революцияның ерекшелігі мен нәтижесі; капиталистік қатынастардың нығаюы, отарлау жүйесінің қалыптасуы.

Қазіргі заман тарихы: Қазіргі замандағы мемлекеттердің саяси, экономикалық, мәдени, даму үрдісі; Кезеңнің хронологиялық шеңбері мен негізгі сипаты.

Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 1,5 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 37,5 минут.



Нұсқалар мен тапсырмалар саны. Бір нұсқада 25 тест тапсырмасы беріледі. Тест нұсқаларының баламалығы:

- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен,

- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.



Тапсырмалар түрі:

Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.



Нұсқау: «Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».

Жеке тапсырмалар мен барлық жұмыстың орындалуын бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін мектеп бітіруші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмалары толығымен дұрыс орындалған жағдайда 25 балл алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет