«Бекітемін» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


Аралық аттестаттау тапсырмасы мазмұнының сипаттамасы



бет5/12
Дата25.04.2024
өлшемі184.5 Kb.
#499865
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
6. Аралық аттестаттау тапсырмасы мазмұнының сипаттамасы
«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша білім алушының оқу үлгерімін тексеруге берілген эссе тақырыптарының жалпы саны – 30.
Сөз саны кесте бойынша көрсетілген.

р/с

Сыныбы

Сөз саны (Қазақ тілі)

Сөз саны (Қазақ тілі мен әдебиеті)

1

5

100-110

80-90

2

6

110-120

90-100

3

7

120-130

100-110

4

8

130-140

110-120

5

10 (ҚГБ, ЖМБ)

140-150

120-130



«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен эссе жазуда тапсырмалардың мазмұны ақпаратты түсіну, мәтіннің құрылымы мен негізгі ойын түсіну, мәтіннің стильдік ерекшелігін тану, проблемалық сұрақтар құрастыру, түрлі дереккөздерден ақпарат ала білу, мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау, түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық нормаларға құрылған.
7. Эсседегі тапсырмалардың қиындығы: әр сыныптың жас ерекшелігіне сай берілген.
8. Білімді тексеру тапсырмасының формасы: оқылым, жазылым дағдыларын қолданып эссе жазу
9. Білімді тексеру тапсырмаларын орындау уақыты: орындау уақыты – 120 минутты құрайды. Жалпы эссені жазу уақыты берілген тапсырмаларды оқуға жұмсалатын уақытты ескере есептелген.
10. Білімді тексеру тапсырмалары мен жалпы жұмысты бағалау: Критериалды бағалау жүйесімен байланысы білім алушыларды аралық аттестаттау қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтитын критериалды бағалау жүйесінің бөлігі болып табылады. Дұрыс орындалған тапсырма үшін оқушы жиынтық балл (5 балл) жинайды.


11. Аралық аттестаттау тапсырмаларының үлгілері


5-сынып бойынша:
Тыңдалым және айтылым. Тыңдалған мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.
Оқылым. Білім алушы өзі жазған эссе мәтінінен нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар (кемінде 3 сұрақ) құрастырады.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жазылым.
1. Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, өзіңізге таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп эссе жазады.
2. Жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады.
3.Төменде берілген зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады: қиял, ғылым, жаңалық, аспан, құстар.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет