Бекітемін
Білім және ғылым вице-министрі
___________М. Орынханов
2013 ж. «______»_____________
5В080100-«Агрономия»
5В080900 – «Жеміс-көкөніс шаруашылығы»
мамандықтарына арналған
«Егіншілік» пәні бойынша
Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тест «Егіншілік» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:
№
|
Мазмұны
|
Тапсырмалар саны
|
1
|
Өсімдік тірішлік факторлары, оларды егіншілікте реттеу жолдары және егіншілік заңдары
|
1
|
2
|
Топырақ құнарлылығы, түрлері, факторлары және арттыру жолдары
|
1
|
3
|
Топырақ режімдері, оларды егіншілікте реттеу
|
4
|
4
|
Топырақ эрозиясы, түрлері және оның туу себептері
|
1
|
5
|
Арамшөптер және агрофитоценоз туралы түсініктер, зияндылық шектері
|
1
|
6
|
Егіншілік алқаптарында жиі кездесетін арамшөптердің қысқаша сипаттамасы
|
1
|
7
|
Егістік пен топырақтың арамшөптенуін анықтау әдістері және танаптың ластану картасын жасау
|
4
|
8
|
Арамшөптермен күрес шаралары
|
1
|
9
|
Ауыспалы егістер, оларды жіктеу, монокультура, қайталап себу
|
1
|
10
|
Қазақстанның әр түрлі аймақтарына ауыспалы егіс нобайларын құрастыру принциптері
|
4
|
11
|
Аралық дақылдар, түрлері, қолданылатын аймақтары
|
1
|
12
|
Ауыспалы егістерді жобалау, енгізу және игеру
|
1
|
13
|
Топырақ өңдеу, маңызы, мақсаттары мен міндеттері
|
1
|
14
|
Топырақты негізгі өңдеу тәсілдері, тереңдігі, жүргізу техникасы, құралдары
|
1
|
15
|
Топырақтың беткі қабатын өңдеу: тәсілдері, құралдары
|
4
|
16
|
Қазақстанның әр түрлі аймақтарында жаздық дақылдар үшін топырақ өңдеу жүйесі
|
1
|
17
|
Күздік дақылдар үшін топырақ өңдеу жүйесі
|
1
|
18
|
Эрозияға ұшырайтын жерлерде кешенді топырақ өңдеу жүйесі
|
1
|
19
|
Егіншілік жүйелері, олардың негізгі буындары
|
1
|
|
Бір нұсқадағы тест тапсырмаларының саны:
|
25
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест тапсырмалары студенттер біліміндегі тіршілік формаларын оптималдаудың, жоғары өнім алудың, топырақ құнарлығын жоғарылатудың және сақтаудың егіншілікті жүйелі түрде жүргізудің теориялық негізі – егіншілік заңдары мен экологиялық принциптері бойынша білімдерін анықтауға мүмкіндік береді.
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Директор Қ.Әбдиев
Достарыңызбен бөлісу: |