Бекітемін Білім және ғылым вице-министрі М. Орынханов



Дата15.07.2016
өлшемі55.5 Kb.
#201578


Бекітемін

Білім және ғылым вице-министрі

___________М. Орынханов

2013 ж. «______»_____________

5В080100 – «Агрономия» мамандығына арналған

«Ауылшаруашылық дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы» пәні бойынша

Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тест «Ауылшаруашылық дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:






Мазмұны

Тапсырмалар саны

1

Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы туралы жалпы түсінік. Генетикамен және басқа биологиялық ғылымдармен байланысы. Селекцияның ауыл шаруашылығын қарқындатудағы маңызы.

1


2

Селекция ғылымының пайда болуы және дамуы. Мәдени өсімдіктердің дамуы мен эволюциясы. Қазақстандағы селекция және тұқым шаруашылығы ғылымының жетістіктері.

1


3

Сорттың ауыл шаруашылығы өндірісіндегі маңызы және селекция жетістіктерін пайдаланудың экономикалық тиімділігі. Сорттарға қойылатын талаптар мен селекцияның негізгі бағыты.

1


4

Өсімдіктер селекциясының биологиялық негіздері. Жынысты көбею және белгілердің тұқым қуалаушылығы. Автогамды и аллогамды популяцияларындағы селекциялық жұмыстар ерекшелігі.

2


5

Өсімдіктер селекциясы бастапқы материалы туралы түсінік. Интродукция, оны пайдалану және тәжірибелік маңызы. Дүниежүзі генофондын құрау, зерттеу және пайдалану.

2


6

Сұрыптаудың теоретикалық негіздері. Автогамды және аллогамды популяциялардағы сұрыптау. Сұрыптаудың жалпы принциптері мен әдістері.

3


7

Будандастыру - селекцияның негізгі әдісі. Будандастыру типтері. Автогамды және аллогамды өсімдіктер гибридті ұрпақтарымен жұмыс істеу ерекшеліктері.

3


8

Алшақ будандастыру, осы әдісті пайдаланғандағы шешілетін мақсаттар. Алшақ будандастыруда туатын қиыншылықтардың салдары мен шешу жолдары.

2


9

Эксперименталды мутагенез бен полиплоидия, селекциялық бастапқы материал алу әдісі ретінде пайдалану. Мутация типтері, мутанттарды алу әдістері.

1


10

Полиплоидия. Полиплоидтар титтері. Полиплоидтарды алу және бөліп алу техникасы.

1


11

Гетерозис. Селекцияда гетерозистің маңызы, гетерозис тудырушы факторлар. Өндірісте пайдаланылатын гибридтер.

2


12

Селекцияда бастапқы материал алудың биотехнологиялық әдістері. Зарасыздандырылған ткандер мен клеткаларды жасанды ортада өсіру. Өсімдіктер селекциясы генетикалық базасін кеңейту. Өздігінен клондалатын селекция линиялары мен құнды элиталы өсімдіктерді in vitro жағдайында көбейтуі және сақтауы.

3


13

Селекциялық материалға баға беру. Селекция материалдарын әр түрлі буындарда бағалау.

1


14

Мемлекеттік сортсынау. Жаңа сорттар мен гибридтердің маңызы, мемлекеттік сортсынауға енгізу. Мемлекеттік сортсынау әдістемесі мен түрлері

1


15

Тұқым шаруашылығы. Тұқым шаруашылығының теориялық негіздері. Дақылдардың көбею әдістері және тұқым шаруашылығын ұйымдастыру. Сортты тұқымдардың нашарлау салдары және сорт тазалығын сақтау. Жоғары сапалы тұқым алу технологиясы.

1





Бір нұсқадағы тест тапсырмаларының саны:

25


4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тест тапсырмалары студенттер біліміндегі ауылшаруашылық дақылдары селекциясының жетістіктері, бағыты мен басты міндеттері бойынша білімдерін анықтауға мүмкіндік береді.



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:



Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.

Директор Қ.Әбдиев




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет