Бекітемін Білім және ғылым вице-министрі М. Орынханов



Дата01.07.2016
өлшемі33.58 Kb.
#169982
Бекітемін

Білім және ғылым вице-министрі

___________ М.Орынханов

«___»__________2013 ж.

5В061200 – «Метеорология» мамандығына арналған

«Синоптикалық метеорология» пәні бойынша

Тест спецификациясы

1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тест «Синоптикалық метеорология» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:



Мазмұны

Тапсырма саны


1

Синоптикалық талдаудың негізгі объектілері және олардың қысқаша сипаттамасы.

Анықтамасы және ЖФА негізгі сипаттамалары. Жоғарғы фронтальды аумақтардың классификациясы. Солтүстік жарты шардың планетарлық фронтальды аумағының жүйесі. Жылғалы ағыс жоғарғы фронтальды аумақтың кинематикалық сипаттамасы ретінде. Жылғалы ағыстардың классификациясы. Жылғалы ағыстардың параметрлері. Жылғалы ағыстардың аумағында вертикальді қозғалыстардың және бұлттылықтың таралу ерекшеліктері. Жылғалы ағыстардың энергетикасы.



5

2

Атмосфералық фронттар. Атмосфералық фронттардың классификациясы. Фронталды беттін иілуі. Әр түрлі фронт аймағында метеорологиялық шамалардың және бұлт жүйелерінің таралу ерекшеліктері. Суық және жылы фронттардың сипаттамалары. Окклюзия фронттарының сипаттамалары. Атмосфералық фронттардың жылжуы. Атмосфералық фронттардың кеңістік құрылымының эволюциясы. Фронтолиз және фронтогенез. Атмосфералық фронттардың кеңістік құрылымы мен жылжуына жер бедерінің әсері. Атмосфералық фронттардың жасырынуы. Атмосфералық фронттарды синоптикалық талдаудың негізгі этаптары. Фронттарға объективті талдау жасау.

7

3

Изобаралық беттіктің биіктігінің өзгеруінің негізгі факторлары. Изобаралық беттіктің биіктігінің уақыт бойынша локальды өзгеруі. Қысым алабының құрылымы және оның уақыт ішіндегі өзгеруі бойынша жер бетіндегі цикло- мен антициклогенездің таңбасы мен қарқындылығын сапалы бағалау. Цикло- және антициклогенездің осы заманғы теориясы.

7

4

Циклон мен антициклондар Циклон мен антициклонның жіктеуі. Тропикалық емес циклон мен антициклон туралы жалпы мәліметтер. Тропиктен тыс ендіктерде фронтальды және термикалық циклондардың дамуы мен пайда болу жағдайлары. Фронтальды циклондардың даму кезеңдері. Циклонның әр түрлі даму кезеңінде термобарикалық алқаптың құрылысы мен ауа-райы жағдайы. Циклондар топтамасы. Циклонның регенерациясы. Тропикалық емес антициклонның пайда болу жағдайлары. Антициклонның даму кезеңдері. Антициклонның дамуының әр кезеңінде термобарикалық алқабтың құрылысы мен ауа райының жағдайы. Антициклонның регенерациясы. Тосқауыл антициклондар. Циклон мен антициклонның жылжуын болжау. Қысым жүйелерінің эволюциясын болжау. Циклон мен антициклонның пайда болуына, жылжуына және эволюциясына орографияның әсері.

6




Бiр нұсқадағы тест тапсырмаларының саны

25


4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

«Синоптикалық метеорология» пәні бойынша тест тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды студенттердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет