Бекітемін
Білім және ғылым вице-министрі
___________М. Орынханов
2013 ж. «______»_____________
5В080400 – «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығына арналған
«Өндірістік балық аулау негіздері» пәні бойынша
Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тест «Өндірістік балық аулау негіздері» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:
№
|
Мазмұны
|
Тапсырмалар саны
|
1
|
Балықтардың табиғи мінез-қылығының негізгі сипаттамалары
|
3
|
2
|
Балық топтарының құрылымы, көлемі және пішіні
|
1
|
3
|
Кәсіптік балық аулау құралдарының жіктелуі.
|
1
|
4
|
Желбезек торларының құрылымы
|
1
|
5
|
Құрма және ығызба аулар
|
1
|
6
|
Пелагикалық және су түбілік жылымдар
|
1
|
7
|
Мониторинг және балық қорын өндірістік барлау
|
1
|
8
|
Аулау құралдарын сақтау және жағдайларын бағалау.
|
3
|
9
|
Құрма аулармен балық аулау.
|
2
|
10
|
Өзендік ығызба аулармен балық аулау
|
2
|
11
|
Дрифтерлік тормен балық аулау.
|
1
|
12
|
Тастама жылымдармен балық аулау
|
2
|
13
|
Балық насостарының типтері
|
2
|
14
|
Балық аулау кемелерінің классификациясы
|
2
|
15
|
Аулаудың тиімділігін арттыру жолдары.
|
2
|
|
Бір нұсқадағы тест тапсырмаларының саны:
|
25
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест тапсырмалары студеттерге балық мінез-қылығын басқару әдістерін, балық аулау құралдарының негізгі техникалық сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік береді
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Директор Қ.Әбдиев
Достарыңызбен бөлісу: |