Бекітемін
Білім және ғылым вице-министрі
___________М. Орынханов
2013 ж.«______»_____________
5В081000-«Мелиорация, жерді баптау және қорғау»
мамандығына арналған
«Жерді баптау және қорғау» пәні бойынша
Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тест «Жерді баптау және қорғау» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:
№
|
Мазмұны
|
Тапсырмалар саны
|
1
|
Бұзылған жерлерді баптаудың бағыттары
|
1
|
2
|
Табиғи-техногенді ландшафтарды баптаудың кезеңдері
|
2
|
3
|
Ауылшаруашылығы бағытында пайдаланудағы карьерлердің аумағын баптау
|
1
|
4
|
Орман шаруашылығы бағытында пайдаланудағы карьерлердің аумағын баптау
|
2
|
5
|
Су басқан карьерлерді баптау және реттеу
|
1
|
6
|
Тас өндіретін карьерлер аумағын баптау
|
2
|
7
|
Торф өндіргенде бұзылатын жерлердің ерекшеліктері және өндіру әдістері
|
1
|
8
|
Торфы өндірілген жерлерді баптаудың негізгі ережелері
|
2
|
9
|
Жер үйінділерін жасауға және баптауға қойылатын талаптар
|
1
|
10
|
Қалдықтар үйінділерінен бұзылған жерлер мен қатты тұрмыстық қалдықтар жиналған полигондарды баптау және реттеу
|
2
|
11
|
Жер асты қазба жұмыстарынан бұзылған жерлерді баптау
|
1
|
12
|
Сызық бойымен салынатын құрылымдардың құрылысын жүргізу және пайдалану кезінде бұзылған жерлерді баптаудың жалпы талаптары
|
2
|
13
|
Эрозияға қарсы негізгі іс шаралар
|
1
|
14
|
Тұздану мен батпақтанудан топырақтарды қорғау
|
2
|
15
|
Топырақтарды ластанудан қорғау
|
1
|
16
|
Құмдарды бекіту және игеру
|
2
|
17
|
Мониторинг, жер кадастры және жер туралы заңның негізі
|
1
|
|
Бір нұсқадағы тест тапсырмаларының саны:
|
25
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест тапсырмалары студенттің ауыл және орман шаруашылықтарында бұзылған жерлерді баптау, тұрмыстық қатты қалдықтар жиналған жерлерді реттеу және топырақты ластанудан қорғау туралы білімін анықтауға мүмкіндік береді.
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Директор Қ.Әбдиев
Достарыңызбен бөлісу: |