Тұзды топырақтарды шаю технологиясы



Дата01.07.2016
өлшемі27.2 Kb.
#169607
Тұзды топырақтарды шаю технологиясы

Жапаркулова Е.Д., Бекбаев Р.К.

Тұзданған жерлердің өнімділігін арттыру үшін топырақтың тамыр өсетін қабатындағы артық уытты тұздарды шайып тастау керек. Бірақ, су тапшылығының өсуіне байланысты суармалы жерлердің топырақтық-климаттық жағдайдын ескере отырып, ресурстарды үнемдейтін шаю технологиясын жасау қажеттілігі туып отыр Ол ресурстар үнемдеу технологиясы тұздар массасының бірлігін шаюға кететін су шығынын төмендетіп қана қоймай, сонымен қатар, органикалық және қоректік элементтерді де сақтап қалуды қамтамасыз етуі қажет.Шаю жұмыстарын бастамай тұрып, шаруашылықтар ең алдымен суландыру, кәріз желілерінің өткізгіш қабілеттілігін және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті жөндеу жұмыстарының көлемін анықтайды.

Cұр топырақты аймақтардың климаттық жағдайы (Оңтүстік Қазақстан) ол жерлерде күздік-қыстық шаю жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді (сурет). Оңтүстік Қазақстанның суландыру жүйелері негізінен жер үстімен суаруға жобаланған, сондықтан шаю мөлшерін аз көлемде (250-500 м3/га) жүргізу мүмкін емес. Сол себепті Оңтүстік Қазақстанның тұзданған топырақтарын атыздарда 4-8 тәуліктен кейін бір рет берілетін 1000 м3/га мөлшерімен шаю талап етіледі. Жеңіл топырақтарда шаю жұмыстарын іске асыру 6-12 тәуліктен кейін бір рет берілетін 2000-2500 м3/га мөлшерімен ұсынылады.

Сурет –Тұзданған топырақтарды ұсақ және ірі тақталарда шаю

Барлық топырақ аймақтарында шаю жұмыстарын ұйымдастыру барысында топырақтың тұз бергіштігін жоғарылату үшін жерді 40-50 см тереңдікте, ал ауыр топырақтарда – 0,4-0,5 метрге тереңдетіп жырту қажет. Жер жыртылып болған соң, ұзынбазды жобалаушымен қиғашынан бір немесе екі ізбен эксплуатациялық жобалау жүргізіледі. Бұл үйген топырақтан жасалған уақытша суару арықтары мен білікшелердің құрылыс сапасын арттырады. Атыздардың көлемі судың берілу тәсіліне, жер бетінің еңістігіне, бір рет берілетін шаю мөлшеріне байланысты. Шаю барысында бір рет берілетін шаю мөлшері 1000 м3/га көлемінде берілсе және жер бетінің еңістігі 0,001-ден кем болған жағдайда, атыздардың оптималды жалпақтығы (ең жоғары еңістік бойынша) 30м, ал ұзындығы (ең төменгі еңістікте) 30-40 м болады. Бір рет берілетін шаю мөлшерін 2000-2500 м3/га көлемінде пайдалану, атыздардың енін 30-40 метрге , ал ұзындығын – 50-60 м дейін кеңейтуге мүмкіндік береді. Атыз ішіндегі жер бетінің белгі деңгейінің айырмасы 10-15 см аспауы керек. Жер бетінің еңістігі 0,001 жоғары болған жағдайда атыздардың көлемі екі есеге дейін қысқарады.

Ұсақ атыздарды ( 0,1 га дейін) және орташа (0,1-0,2 га) кескенде, топырақ үйіндісінен жасалатын уақытша суару желісін КЗУ - 0,3 тегістегішін немесе ПР- 0,5 пал қолданады. КЗУ- 0,3-ті қолданғанда бір қайырманы алып тастау қажет, ал қоршау білікшелерін екі ізбен кеседі. Мұндай әдіс білікшелердің тығыздану дәрежесін арттырып, шаю жұмыстарының сапасын күшейтеді. Білікшелерді уақытша суару арықтарымен қосу бульдозер арқылы іске асады.

Шаю жұмыстары барысында жер қабатының сусақтағыш қабатының сүзілу коэффициенті 0,02 м/тәу аспайтын, ыза суларының деңгейі жоғары орналасқан, кәрізденуі нашар учаскелерде уақытша кәріздер салу арқылы топырақтың жасанды түрде кәрізденуін күшейту қажет. Бұл жағдайда, атыздардың көлемі 20-40 м сайын орналасқан дрендердің арақашықтығымен анықталады. Бастапқыда білікшелерді шамамен дрендердің орналасуына перпендикулярмен кеседі, содан кейін білікшелерді біріктіре отырып, атыздарды құрастыратын дрен-бөгеттерді тартады.

Тұзданған топырақтарды ұсақ тақталармен шаю, олардың шаю мөлшерін 25-40 %-ға төмендетіп,органикалық және қоректік элементтердің шайылуын 10-20% кемітіп, шаю ұзақтығын - 30% қысқартады , ал көктемгі-күзгі жұмыстарды уақтылы аяқтауды қамтамасыз етеді.



Тұзды жерлерді шаю технологиясын өндіріске енгізу тұз массасының бірлігін шаюға кететін су шығынын 15-25% азайтып, жоғары қабатта ыза суының нығыздалған тұщы қабаттың құрылуын, сондай-ақ, бірінші суаруға дейін (1-ші шілдеге дейін) топырақтың тамыр өсетін қабатындағы ылғалдылықты ең төмен ылғал сыйымдылығынан (ЕТЫС)-73-82% шамасында ұстап тұруды қамтамасыз етеді

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет