ҚҰрылыс өндірісінің негізгі ережелері



бет1/9
Дата04.09.2022
өлшемі1.68 Mb.
#460193
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ.

  • Негізгі түсініктер және реттеуші ережелер.
  • Күрделі құрылыс - материалдық өндірістің маңызды саласының бірі, оның негізгі міндеті - ғылыми-техникалық прогресс арқылы негізгі қордың ұлғаймалы ұдайы өндірісін камтамасыз ету.
  • Күрделі құрылысқа жаңа құрылыс, кеңейту, жаңғырту және техникамен қайта жабдықтау, жұмыс істеп түрған мекемелерді, үймереттер мен ғимараттарды күрделі жөндеу жатады.
  • Құрылыс өндірісі күрделі құрылыс жүйесінің бірі - дайындық және негізгі кезендегі құрылыс-жинақтау және арнайы процестерді қоса отырып тікелей құрылыс алаңында жүзеге асырылатын құрылыс процестерінің жиынтығы.
  • Құрылыс өндірісі өз кезегінде әр қайсысының өз маңызы және ғылыми негіздері бар төмендігі жүйелердің екі саласын бір

Құрылыс өндірісінің технологиясы бұйымдар мен түзілістерді дайындау бойынша құрылыс процестерін орындау саласындағы және оларды дайын құрылыс өніміне - үймереттер мен ғимараттарға айналдыру жөніндегі білім жиынтығы.

  • Құрылыс өндірісінің технологиясы бұйымдар мен түзілістерді дайындау бойынша құрылыс процестерін орындау саласындағы және оларды дайын құрылыс өніміне - үймереттер мен ғимараттарға айналдыру жөніндегі білім жиынтығы.
  • Құрылыс кешендерінің негізінде әрқашан да физикалық, химиялық, механикалық процестер және еңбек құралдарын тиімді пайдалану бойынша олардың жиынтықтары жатады.

Құрылыс процестерінің көп факторлығы және ерекшеліктері:

  • - құрылыс өнімінің қозғалмайтындылығымен - құрылыс процестерін орындағанда жұмысшылар мен техникалық құралдар жылжытып отырады, ал салынып жатқан үймереттер мен ғимараттар қозғалмай қалады;
  • - құрылыс өнімінің көп түрлілігімен - түрғызылатын үймереттер мен ғимараттар атқару міндеті және қүрылыс-конструктивтік сипаттамала-ры, қалпы, көлемі, сыртқы кескіні, кеңістікте орналасу бойынша өзгешеленеді;
  • - материалдық элементтердің әр түрлілігімен - үймереттер мен ғимараттарды тұрғызғанда әр түрлі физика-химиялық, физика-механикалық қасиеттері бар көптеген материалдар, жартылай фабрикаттар, бөлшектер мен бұйымдар қолданылады;
  • - табиғи-климат жағдайларымен - үймереттер мен ғимараттардың құрылыс процестерін орындағанда тиісті технологиялық әдістерді талап ететін әр түрлі геологиялық, гидрогеологиялық, климаттық, төтенше және т. б. жағдайларда түрғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет