Бекітемін
Білім және ғылым вице-министрі
___________М. Орынханов
2013 ж.«______»_____________
5В080500-«Су ресурстары және суды пайдалану»,
5В081000-«Мелиорация, жерді баптау және қорғау»
мамандықтарына арналған
«Суғару мелиорациясы» пәні бойынша
Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тест «Суғару мелиорациясы» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:
№
|
Мазмұны
|
Тапсырмалар саны
|
1
|
Суғару және суғару жүйелерi жөнiнде жалпы мағлұматтар. Суғармалау жүйелерінің элементтері.
|
1
|
2
|
Ауылшаруашылық дақылдарының суғару тәртібі. Суғарудың жобалық тәртібі, оларды анықтау әдiстерi. Суғармалау мөлшерлерi (вегетациялық), олардың шамаларын және есептiк қамтамасыздығын анықтау тәсiлдерi.
|
4
|
3
|
Суғару тәсілдері және суғару техникасы. Суару тәсілдерінің және техникасының қолдану шарттары. Қазақстанның әр түрлі аймақтарында қолданылатын суару тәсілдері.
|
2
|
4
|
Жер бетімен суғару тәсілі. Оның түрлері. Қолдану шарттары.
|
2
|
5
|
Ауылшаруашылық дақылдарын жаңбырлатып суғару.Жаңбырлатып суғарудың түрлері. Жаңбырлатып суғару жүйелерінің типтері. Қазіргі заманғы жаңбырлатқыш машиналардың және қондырғылардың типтері. Жаңбырлатып суғару технологиялары.
|
4
|
6
|
Топырақ ішінен, тамшылатып және тұмандатып суғару тәсілдері. Қолдану шарттары. Суғару жүйелерін жобалаудың ерекшеліктері.
|
1
|
7
|
Танаптық және ауыспалы егістік учаскелеріндегі суғару жүйелері. Суғару жүйелерінің типтері және құрамы. Суғару жүйелеріндегі каналдардың классификациясы.
|
1
|
8
|
Суғару желісіндегі каналдардың конструкциясы және көлденең қималарының элементтері. Гидравликалық есебі.
|
2
|
9
|
Ауыспалы егістік жерлерінде науалы және құбырлы суғару желілерін жобалау.
|
2
|
10
|
Суғаруға қажетті су алынатын су көздерінің түрлері. Жер бетіндегі су көздері.
|
1
|
11
|
Ауылшаруашылық дақылдарын жер асты суларымен, керізді-қашыртқы, теңіз және жылынған сулармен суғару.
|
1
|
12
|
Көлтабандар (лимандар). Олардың классификациясы. Ауылшаруашылық дақылдарын көлтабандап суғару.
|
2
|
13
|
Ақаба сулары жайлы түсінік. Ақаба суларының түрлері. Оларды тазартудың әдістері. Ауылшаруашылық дақылдарын ақаба сулармен суғару. Суғару мөлшерлері және суғару техникасы.
|
1
|
14
|
Мәдени жайылымдар жайлы түсінік. Мәдени жайылымдарды суғару. Қолданылатын суғару техникасы.
|
1
|
|
Бір нұсқадағы тест тапсырмаларының саны:
|
25
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест тапсырмалары студенттің суғару, суғару жүйелері және ауылшаруашылығы дақылдарын суғару режимдері бойынша білімін анықтауға мүмкіндік береді.
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Директор Қ.Әбдиев
Достарыңызбен бөлісу: |