Бекітемін Филология институтының директоры Б. Әбдіғазиұлы



Дата26.06.2016
өлшемі177.77 Kb.
#158971
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Бекітемін

Филология институтының директоры

____________________Б. Әбдіғазиұлы

«_____» _____________2015 ж.


«6D020500 – Филология» мамандығы бойынша
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы, 2015


Қабылдау емтиханының бағдарламасы:


  • Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы № 261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қатысты «Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі;

  • ҚР БжҒМ 2013 ж. 10 сәуіріндегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 158 бұйрығымен бекітілген «6D020500 – Филология» мамандығының үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды.


Құрастырушылар: Р.Ә.Шаханова, Ж.Қ.Балтабаева, Н.А. Ильясова
Филология мамандықтары кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды:№ ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.


Кафедра меңгерушісі:

___________

Р.Ә.Шаханова


Филология институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

___________


Г.М.Кенжебаева


Қабылдау емтиханының бағдарламасы Филология институтының Ғылыми кеңесінде бекітілді: № ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.



«Филология» мамандығы бойынша докторантураға түсу емтиханының бағдарламасы
Бағдарлама профильді пәндердің міндетті компоненті болып табылатын «Тіл білімінің және әдебиеттің өзекті мәселелері» және «Тіл білімінің және әдебиеттанудың жаңа бағыттары» пәнінің бағдарламасы негізінде жасалды.

Сұрақтар бағдарламаның негізгі мазмұнына сай абитуриенттің арнайы ғылыми дайындығын айқындауға көмектеседі. Түсу емтиханы лингвистика бойынша білімі, тіл білімінің қазіргі замандағы ғылыми парадигмасын түсіну, оның негізгі бағыттары мен мектептерін, ғылымның түсініктік-терминологиялық аппаратын, сондай-ақ, методологиясы мен жалпы және жекелеген әдістерін тексеру үшін құрастырылды.


Бағдарлама мазмұны
1. Қазіргі замандағы тіл біліміндегі жүйе мен құрылым түсініктері.

Тіл білімінің негізгі мәселелері. Тіл білімі нысанының мәселелері, тіл мен сөйлеудің, тіл мен ойлаудың, тіл мен ақиқат-шындықтың, мағына мәселелерінің арақатынасы. Тілдің жүйесі мен құрылымы түсінігі. Заманауи лингвистикалық ғылым парадигмасындағы қазақ тіл білімі. Европалық, америкалық, орыс және қазақ тіл біліміндегі лингвистикалық бағыттар. Қазіргі қазақ тіліндегі белсенді үрдістер. Тілдегі норма және тіл бірліктерінің вариациясы. Қазақ тілінде сөйлеу кезіндегі өзгерістер. Лексиканың дамуындағы, фразеологиядағы, сөзжасам жүйесіндегі, морфологиядағы және синтаксистегі негізгі тенденциялар. Ауызекі, кітаби және жазбаша, ауызша тілдегі өзара байланыстар.

2. Тілдік қарым-қатынастағы құрылым. Қазақ тілтануындағы жүйелік-құрылымдық және функционалдық бағыттар. Қазақ тілін танытудың мінездемесі мен зерттеудің әдістері. Қазақ тілінің ғылыми және оқу-құралдық моделдері. Қазақ тілінің ЖОО мен мектеп оқулықтарындағы сипаттамасы. Жүйе мен құрылым түсінігі. Жүйенің белгілері. Жүйе, деңгей, код, норма, модель. Жүйелік қалыптың типологиясы. Құрылым: онтологиялық бағыттық, гносеологиялық бағыттық және тілдік қатынастар (деңгейаралық, деңгейішілік).

3. Тілдің статикасы мен динамикасының қатынасы. Статика және жүйе. Даму динамикасы мен функция динамикасы Статика мен динамика және синхрония мен диахрония. Даму: Тілдегі өзгерісті дайындау және оның эволюциясы. Функциялау: тіл бірліктерін өндіру және қолдану.

4. Қазіргі заман лингвистикасының негізгі ғылыми ұстанымдары. Жүйелік, экспансионизм, антропоцентризм, этноцентризм, экспланаторлық, функционализм, когнитивизм, интеграция ұстанымы.

5. Қазақ тіл біліміндегі номинативті теориялар мен олардың қазіргі тіл білімі парадигмасындағы орны. Номинативті деривация теориясы. Сөйлеу әрекетіндегі номинация теориясы. Қазақ синтаксисін сипаттаудың және оның логика-синтаксистік бірліктері негізінің когнитивті-номинативті моделі

6. Сөйлеу әрекетінің теориялары. Сөйлеу әрекеті адам әрекеті формасы ретінде. Сөйлеу әрекетінің семантикалық аспектісі. Сөйлеу әрекетінің грамматикалық аспектісі. Сөйлеу әрекетінің фонетикалық аспектісі. Сөйлеу әрекетінің лингвистикалық пайымдаулары. Сөйлеу әрекеті, сөз және тіл. Тіл жүйесі мен сөйлеу әрекетінің арақатынасы. Тіл мен сөйлеу әрекетінің функциялары. Интегративті лингвистикадағы тіл мен сөйлеу біртұтастығы.

7. Тіл біліміндегі «тіл-сөз» мәселесі. Тіл мен сөз функциялары Тіл жүйесі мен сөйлеу әрекеті. Тіл мен сөзді шексіздендірудегі әртүрлі көзқарастар. Тіл мен сөздің арасындағы функцияларды бөлу. .Сөз мәдениеті және тілдік норма.

8. Когнитивті лингвистика. Когнитология (когнитивистика) және когнитивті лингвистика тарихы. Когнитивистика және когнитивті лингвистиканың (КЛ) пәнаралық мінездемесі. КЛ бірліктері, когнитивті категориялар мен когнитивті процестер. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері.

9. Сөйлеу актілерінің теориялары. Сөйлеу коммуникациясының моделі. Сөйлеу коммуникациясының психологиясы. Адамдар коммуникалдығының негізгі түрлері. Сөйлеу актілерінің стандартты теориялары. Иллокутивті күш пен коммуникативті мақсат. Сөйлеу актілерінің теориясының нысаны ретіндегі иллокуция. Сөйлеу актілерінің классификациясы мен етістіктер. Сөйлеу актілерінің теорияларындағы аналитикалық әдіс. Перформативтер мен констативтер. Перформативті және констативті айтылымдар. ерформативті, шынайы және жалған констативті айтылымдардың жетістігі немесе жетістіксіздігі.

10. Функционалды лингвистика: оның нысаны, көзқарасы, бағыттары. Функционалды тұрғыдан қараудың бастаулары. Психологизмнің идеялары мен қазақ тіл білімі тарихының активті грамматикасы. Функция мен функциялау түсінігі. Функционалды көзқарас тұрғысы мен функционалды теориялар.

11. Коммуникативті грамматика: тілге деген коммуникативті көзқарас, коммуникативті грамматиканың бірліктері. Академиялық грамматика. Функционалды-коммуникативті грамматика қазақ тілін оқыту моделі ретінде. Жалпытеориялық и методологиялық негіздер. Мазмұнды нысандар мен тіл бірліктері. Формальды нысандар мен функционалды-коммуникативті синтаксистің бірліктері. Мәтін Функционалды грамматиканың және оқыту бірлігінің нысаны ретінде. Коммуникация жасаудың тілдік механизмдері. Терминтанудың негізгі ерекшеліктері мен бағыттары

12. Лингвистиканың нысаны ретіндегі мәтін. Мәтіннің типтері мен түрлері. Сөйлеу регистрлері. Сөйлеу ситуациялары. Мәтін теориясы мен тіл үйрету. Коммуникациядағы мәтін. Мәтін бірліктері оның грамматикалық құрылымы. Тілдік байланыстың мүмкіншіліктері мен түрлері. Мәтіннің грамматикалық категориялары. Мәтіндер типологиясы.

Дискурс. Феноменологиялық көзқарас. Ақпараттық теория тұрғысындағы дискурсты зерттеу.

Психологиялық негіздер. Семиотико-символикалық көзқарас. Интерпретативті анализ. Дискурстағы ақпарат түрлері. Дискурстың тілдік және тілдік емес мүмкіншіліктері. Мәтін коммуникативті грамматиканың бірілігі ретінде, оның категориялары, регистрлері.

13. Жалпы тіл білімі мәселелерін жоспарлау және ғылымның методологиясы. Қазақстандық лингвистикның негізгі бағыттары мен ғылыми мектептері.



Әдебиеттану ғылымының басқа ғылым салаларымен байланысы.

Әдебиеттану ғылымы, мақсат-міндеттері, салалары.

Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымы: жетістіктері мен проблемалары. Өнерге жаңаша көзқарас. Әдебиеттану ғылымының зерттеу, қарастыру нысанына, мақсат-міндеттеріне орай оның эстетика, тарих, философия, тіл, мәдениеттану, т.б. ғылымдармен байланысы. Өмір болмысы, қоғамдық шындықты танудың екі жолы: ғылыми таным және көркем таным ерекшеліктері.

Әдеби үдеріс. Әдеби бағыт, ағымдар.

Әдеби процесс әдеби даму. Әдеби процестің, әдеби дамудың толыққандылығының көрінісі әдеби бағыт. Қазақ әдебиеті тарихындағы әдеби бағыт, әдеби ағымдар жайлы пікірталастар. Зар заман ағымы т.б.

Әрбір әдеби бағыттың, әдеби ағымның өзіндік бағдары, өзіндік өмір шындығын тану, бағалау, суреттеу ұстанымдары болатындығы.

Абай шығармашылығы арқылы қалыптасқан әдеби бағыт, оның мектебі.

Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық, ағартушылық ағымдар.

XX ғасырдағы кеңестік әдебиет.

Қазақ әдебиетіндегі модернистік, постмодернистік стильдің көріністері.

Көркем туындының шығармашылық тарихы.

Шығармашылық үдеріс жазушы лабороториясы шығармашылық психологиясы мәселелері.

Бұл мәселені қарастырудың бір өнімді жолы ─ көркем туындының жазылу тарихын зерттеу, қарастыру. Мәселенің орыс және қазақ әдебиеттану ғылымдарының жай-күйі, төл ғылымымызда кенжелеп келе жатқандығы, одан туындайтын проблемалар.

Шығармашылық тарихты зерттеудің жолдары мен әдістері. Мұндай зерттеудің маңыздылығы мен қажеттілігі. Жазушылық еңбек құпияларын ашуда қаламгердің өмір шындығын өнер шындығына айналдыру барысында сан-сала ізденіс шеберлігін тануға т.б. мүмкіндік беретіндігі. Қазақ әдебиетінде шығармашылық тарихы зерттелген туындылар (М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, т.б.) тағылымы.



Текстология ─ мәтінтану мәселелері.

Шығармашылық тарихты зерттеудің жолдары мен әдістері, оның міндет-мақсаты. Орыс және қазақ әдебиеттану ғылымдарындағы текстологиялық зерттеулер жайы. Бұл саланың қазақ тіл білімі ғылымындағы дамуы. Орыс ғылымында текстологияның іргелі ғылыми сала (акад. Д.С.Лихачев т.б. еңбектері) екендігі, бізде кенжелеп қалғандығы.

Махамбет, Абай т.б. қаламгер туындыларының текстологиясына қатысты пікірталастар. Текстолог мамандар даярлау қажетттілігі. Мәтіндік зерттеу, талдаулар жүргізудің ерекшелігі мен қиындықтары, ғылыми маңыздылығы.

Қазақ әдебиеті және модернистік өнер.

Батыс Еуропа әдебиетінде модернистік өнер түрлерінің тууы мен қалыптасуы. Модернистік өнердің мақсат-міндеті. Негізінен реализмге, өмір-болмысты нақтылы тынытуға қарсылығы. Кеңестік әдебиет теориясы мен эстетикасында модернистік өнер түрлерінің айыпталуы, оның себептері.

XX ғасыр басындағы орыс әдебиетіндегі модернистік бағыт-ағымдар ерекшелігі.

Модернистік өнер аясындағы ағым-бағыттардың композиция құруда, сюжет дамытуда, адамның ішкі сырына бойлау және танытудағы кейбір амал-тәсілдерінің озықтығы, пайдалылығы.

XX ғасырдағы және қазіргі қазақ әдебиетіндегі кейбір туындыларда модернистік ағымдарға тән суреттеу тәсілдерінің қолданылуы (экзистенциализм өнеріне тән жатсыну, жалғыздық мәселесі; сондай-ақ психологиялық талдау, «сана ағымы» т.б. көріністері).

Ежелгі дәуір әдебиеті. «Махаббатнаманың» зерттелуі. Құтып шығармашылығының зерттелуі. Сайф Сарайдың шығармашылығының зерттелуі. «Хұсрау-Шырын» дастанының зерттелуі. 

ХV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихы. Жыраулық поэзия, жыраулар поэзиясының тарих сахнасына көтерілуі. Сыпыра жырау шығармашылығы. Асан Қайғы жыраудың әдеби мұрасы. Қазтуған жыраудың шығармашылығы. Доспамбет – жырау-жорық жыршысы. Шалкиіз жырау шығармашылығы. Жиембет жырау шығармашылығы. Марғасқа жырау шығармашылығы. Ақтамберді жырау шығармашылығы. Тәттіқара жырау шығармашылығы. Үмбетей жырау шығармашылығы. Бұқар жырау шығармашылығы. Махамбет және жыраулық поэзия. 

ХІХ ғасыр әдебиеті. Біржан сал Қожағұлұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылықтары.

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің жайы, баспасөз ісінің қанат жаюы, ағартушы-демократтық бағыттығы ақын-жазушылардың шығармашылығы. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сұлтанмахмұт Торайғырұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы шығармашылықтары. 1917-1940 жж. қазақ  әдебиеті, 1937 жылы қазақ зиялыларына жасалған репрессия. Ұлы отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті (1941-1945), 1946-1960 жж. қазақ әдебиеті, Шәкәрім Құдайбердіұлының поэма жанрындағы Абай дәстүрін жалғастыруы. М.Сералыұлының шығармашылығы. 1920-1960 жж. (С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, Ж. Жабаев, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов т.б.)  қазақ әдебиеті.

 
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі




  1. Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. Основы теории казахского языка. Құрастырған Аманжолов А.С. Алматы «Ғылым» 2002. 366 бет.

  2. Амирова Т.А. Из истории лингвистики XX в. - М., 1999.

  3. Апресян Ю.Д. Идеи и методы современной структурной лингвистики. - М., 1966.

  4. Апресян Ю.Д. Избранные труды. Т.1. Лексическая семантика. Т.2. Интегральное описание языка и проблемы лексикографии. - М., 1995.

  5. Арутюнова Н.Д. Язык и мир человека. - М., 1999.

  6. Ахманова О.С., Мельчук И.А., Падучева Е.В., Фрумкина Р.Н. О точных методах исследования языка. - М., 1961.

  7. Аханов К. «Тіл біліміне кіріспе», Алматы, 1962ж., Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогика баспасы.

  8. Бизақов С. Қазақ тілі қандай тіл? –Алматы, Арыс, 2010.- 218 б.

  9. Бондарко А.В. Функциональная грамматика. - Л., 1984.

  10. Бюлер К. Теория языка: Репрезентативная функция языка. - М., 2000.

  11. Васильев Л.М. Общие проблемы лингвистики. - Уфа. 1998.

  12. Всеволодова М.В. Теория функционально-коммуникативного синтаксиса. Фрагмент прикладной (педагогической) модели языка. - М.: МГУ, 2000.

  13. Гак В.Г. Языковые преобразования. - М., 1998.

  14. Глисон Г. Введение в дескриптивную лингвистику. - М., 1959.

  15. Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию. - М., 1984.

  16. Жаналина Л.К. Актуальные проблемы языкознания. Теория. Учебно-методический комплекс дисциплины. Учебное пособие. – Плматы: Print-S, 2006.

  17. Золотова Г.А., Онипенко Н.К., Сидорова М.Ю. Функционально-коммуникативный синтаксис. - М., 1997.

  18. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы: Ғылым.1999.

  19. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы «Ана тілі » 1998ж. 304 бет.

  20. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. Алматы «Ғылым» 1998. 140 бет.

  21. Қосымова Г. Қазақ тілінің тарихы. – Алматы: Баянжүрек, 2009

  22. Манкеева Ж.А. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері // Тілтаным 2001 №4. 39-43б.

  23. Макаров М.Л. Основы теории дискурса. - М., 2003.

  24. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2008. – 472 б.

  25. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі (фонетика, лексика). А., 1962.

  26. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. А., 1991.

  27. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас. Алматы, Сөздік-Словарь, 2005. 272 б.

  28. Оразалиева Э. Когнитивтік лингвистиканың зерттелуі. Жұлдыз. 2008.

  29. Оразалиева Э. Танымдық қазақ тілі.Алматы «Мұрагер» 2005. 176 бет

  30. Оразалиева Э. Когнитивті лингвистиканың қалыптасуы мен дамуы. Алматы, «Ан-Арыс»2007.

  31. Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2003.

  32. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары. – Алматы, 1982. – 350б.

  33. Общее языкознание. Формы существования, функции, история языка / Отв. Ред. Б.А. Серебренников. М., 1970.

  34. Общее языкознание. Внутренняя структура языка / Отв. ред. Б.А. Серебренников - М., 1962.

  35. Общее языкознание. Методы лингвистических исследований / Отв. ред. Б.А. Серебренников. - М., 1973.

  36. Рождественский Ю.В. Лекции по общему языкознанию. - М., 2000.

  37. Мечковская Н.Б. Общее языкознание. Структурная и социальная типология языков. – М., 2001.

  38. Солнцев В.М. Язык как системно-структурное образование. 2-е изд. - М., 1968.

  39. Соссюр Ф. де. Курс общей лингвистики // Труды по языкознанию. - М., 1977.

  40. Степанов Ю.С. Семиотика. В 2-х т. - Благовещенск, 1996.

  41. Степанов Ю.С. Методы и принципы современной лингвистики. - М., 1975. 2-е изд. - М., 2001.

  42. Степанов Ю.С. Основы языкознания. – М., 1966.

  43. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы: Мектеп, 1988. – 261б.

Интернет-көздері

1. Демьянков В.З. Доминирующие лингвистические теории в конце XX века


://www.infolex.ru/DOMINAT.html.

2. Демьянков В.З. Лингвистическая теория в 80-е годы за рубежом Введениеhttphtm


3. Демьянков В.З. Когнитивная лингвистика как разновидность интерпретирующего подхода // http://www.infolex.ru/Cogni.html


4. Бондарко А.В. Основы функциональной грамматики.

http://window.edu.ru/window_catalog/pdf2txt?p_id=16257


5. Журнал «Русский язык в научном освещении», 2001 – 2008 г.г. http://www.ruslang.ru/agens.php?id=rjano
Қазақ әдебиеті бойынша:

Негізгі әдебиеттер:



  1. З. Ахметов. Өлең сөздің теориясы. Алматы, Мектеп, 1973

  2. А.Байтұрсынов. Шығармалары, Алматы, 1989

  3. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. Алматы, 1998, 2006

  4. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – А., 1991.




  1. З.Қабдолов. Сөз өнері. Алматы, Санат, 2002

  2. Қ.Мұхаметжанов. Абай шығармашылығының текстологиясы хақында. Алматы, 1959

  3. Р.Нұрғали. Әдебиет теориясы. Нұсқаулық.- Астана, Фолиант, 2003

  4. С.Мақпырұлы. Адамтану өнері. Оқу құралы.-Алматы, Арыс, 2009

  5. Ж.Жарылғапов. Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістері. Қарағанды. 2009

  6. Г.Убайдуллаева. Қазақ текстологиясы. Оқу бағдарламасы. Өскемен. 2009

  7. Введение в литературоведение. Колл.авторов. Изд. 3-е. Москва. 1980

  8. А.А. Волков. Русская литература XX века. До октябрьский период. Учебн. Пособие. Москва. 1964

  9. В.Е.Уализев. теория литературы. Москва, Высшая школа, 1999,2009

  10. Д.С.Лихачев. Текстология. Кр.очерк. Москва,-Ленинград, 1964

  11. С.А.Рейсер. Палеография и текстология.

  12. Б.А.Жүсіпбаева. Художественная условность и формы еë воплощения. Алматы. 1993

  13. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 1т. Алматы: Қазақ университеті, 2001

  14. Сүйіншәлиев ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – А., 1989

  15. ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясы. – А., 1987


Қосымша.

  1. З. Ахметов. Текстология жайында бірер сөз Кіт., З. АхметовАбайдың ақындық әлемі.- Алматы, 1995. 258-259 б.

  2. Т.Әбдірахманов. Жаңа ғасыр көгінде. – Алматы, 1969

  3. Әдебиеттану. Сөз өнерінің сырлары. – Алматы, Мектеп, 2003

  4. М.Әуезов. Әдебиет тарихы. – Алматы, Ана тілі, 1991

  5. Т.Кәкішев. XX ғасырдағы қазақ әдебиетінднгі ағымдар. Кіт.:

  6. У.Қалыжанұлы. Қазақ әдебиетіндегі діни ағартушылыұ ағым. – Алматы, Білім, 1998

  7. Б.Кәрібозұлы. Сырлы сөз сипаты – Алматы, Қазақ университеті, 1997

  8. Мәшһүр-Жүсіпов Қ. Өлең - сөздің патшасы. - Алматы, 1991

  9. Б.Майтанов. Қазақ романы және психологиялық талдау. Алматы,1996

  10. С.Мақпырұлы. «Ботагөз» романының тарихы. Кіт.., Қазына, Арыс, 2004

  11. С.Негимов. Өлең өмірі. 1970

  12. Б.Омарұлы. Зар заман поэзиясы. Алматы, 2004

  13. Г.Пірәлиева. Ішкі монолог. Алматы,1994

  14. З.Серікқалиұлы. Дүниетану даналығы. Алматы,1994

  15. Т.Сыдықов. Қазақ тарихи романының көркемдік тіні.- Алматы, Ер-Дәулет, 1998

  16. Р.Сыздықова. Тектология мәселелері. «Қазақ әдебиеті», 27.03.1964.

  17. Ұлттық әдебиеттану ғылымының көкейкесті мәселелері. Халықаралық конф. мат. Әдебиет және өнер институты. – Алмалы, 2001

  18. Көкейкесті әдебиеттану. VIII кітап. – Алматы, ЕҰУ 2008

  19. . А.Ибраева. Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке», «Жат қолында» роман-дилогиясының шығармашылық тарихы. Алматы,Арыс, 2004

  20. В.А. Дмитриев. Реализм и художественная условность. Москва, 1974

  21. Литературный процесс. Сб. Издательство МГУ, 1981



6D020500 – ФИЛОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША PhD ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН

ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ


  1. Тіл білімінің қалыптасу, даму заңдылықтары

  2. А.Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің негізін қалаушы

  3. Қазақ тіл біліміндегі лингвомәдениеттанымдық зерттеулер

  4. Лингвоэкологияда қарастырылатын мәселелер

  5. Тіл ғылымындағы жаңа бағыттар

  6. Тіл экологиясы. Тіл саясатының субъектілері.

  7. Антропоцентризм ұстанымының тіл білімінде қалыптасуы

  8. Когнитивтік модель, концептілік құрылым.

  9. Қазақ дүниетанымының тілдегі көрінісі

  10. Қазақ мәтінінің ықтималды-статистикалық үлгісін (моделін) құру

  11. Қазіргі қазақ тіліндегі термин қабылдау үдерісі және варианттылық, оның тілдік нормаға әсері

  12. Тілде танымдық лексиканың қолданысы

  13. Қарым-қатынас теориясы, сөйлеу актілерінің теориясы, прагматика

  14. Р.Сыздық зерттеулеріндегі тілдік норма және сөз мәдениеті мәселелері

  15. Диахрониялық және синхрониялық этнолингвистика

  16. БАҚ тілі және оның сөйлеушілер тіліне әсері

  17. Қ.Жұбановтың жалпы фонетика саласы бойынша пікірлері

  18. Терминология және тілдік норма

  19. Ә.Қайдар – қазақ этнолингвистикасының ғылыми мектебін қалыптастырушы және дамытушы ғалым

  20. Тілдің жүйесі мен құрылымы

  21. Жаргондық лексиканы қолданудың ерекшелігі

  22. М.Балақаев зерттеулерінің маңызы

  23. Қазақ фразеологизмдерінің этимологиясы

  24. Фразеологизмдердің варианттылығы

  25. Этнолингвистика және антропологиялық лингвистика

  26. Интерлексика: қазақ тілінің тіларалық байланыс арқылы дамуы

  27. В. Фон Гумбольдттың лингвофилософиялық концепциялары

  28. Дискурс талдау мен мәтін талдау ерекшеліктері

  29. Жиілік сөздіктердің түрлері және олардың қолданбалы лингвистикадағы маңызы

  30. Мәтін бірліктері, оның грамматикалық құрылымы

  31. Компьютерлік лингвистика мәселелері

  32. Қазақ тілінің соңғы жылдардағы даму динамикасы

  33. С.Аманжолов зерттеулерінің маңызы

  34. Сөйлеу әрекетіндегі номинация теориясы

  35. Сөйлеу әрекетін синтездеу мәселесі

  36. Ғылыми-техникалық лексикография

  37. Тілдік тұлға және лингвистикалық құзыреттілік

  38. Қолданбалы терминтану саласының негізгі ерекшеліктері мен бағыттары

  39. Тіл білімінің философиялық мәселелерінің «Адам-Қоғам-Тіл» бірлігінде қарастырылуы.

  40. Психолингвистика бойынша зерттеулер

  41. Концептілік құрылым

  42. Ұлттық танымдық лексиканың қолданысы

  43. Тіл білімінің философиялық мәселелері

  44. Тілдердің типологиялық классификациясы

  45. Гендерлік тіл білімі

  46. Лингвоелтанудың негізгі ұғымдары

  47. Қазақ тілінің ғылыми және оқу-құралдық модельдері.

  48. Мәтіннің грамматикалық категориялары

  49. .Сөз мәдениеті және тілдік норма

  50. Аталым мәселесі, аталымның лингвистикалық табиғаты

  51. Тіл біліміндегі «тіл-сөз» мәселесі. Тіл мен сөз функциялары

  52. Сөйлеу әрекетінің семантикалық аспектісі.

  53. Лексиканың дамуындағы негізгі бағыттар

  54. Мәтіндер типологиясы

  55. Тіл философиясының проблемалары

  56. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері

  57. Фольклор мен әдебиет: ортақ мәселелер мен өзгешеліктер

  58. Буын, бунақтық өлшемдердің өзгерісі, өлең мәдениетінің тереңдеуі

  59. Қазіргі әдебиеттану ғылымы мен әлеуметтік-тарихи фактор

  60. Қазіргі қазақ поэзиясы және постмодернизм

  61. Қазіргі қазақ өлеңіндегі түр, мазмұн тұрғысындағы жаңалықтар

  62. Қазіргі әдебиеттанудағы модернизм, авангардизм және реализм мәселелері

  63. Әдебиеттану ғылымы: жетістіктері мен проблемалары

  64. Ұлттық әдебиеттанудың қалыптасу, даму үрдісі

  65. Әдебиеттанудағы мифопоэтиканың зерттелуі

  66. Жазушы шығармашылығындағы көркемдік әдіс

  67. Қазақ сөзжасам жүйесіндегі негізгі тәсілдер

  68. Көркем шығармалардағы психологизмнің берілу ерекшеліктері

  69. Аталым теориясының лингвистикалық табиғаты

  70. Әдебиеттану ғылымы: жетістіктері мен проблемалары

  71. Қолданбалы лингвистиканың зерттеу аспектілері

  72. Қазақ әдебиеті тарихындағы ғылыми мектептер

  73. Тілдің статикасы мен динамикасының қатынасы

  74. Әдебиеттегі сыншыл реализм

  75. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері

  76. Нейролингвистика –тоғыстырушы үрдістердің бірі

  77. Компьютерлік лингвистиканың мақсаты мен міндеттері

  78. Тіл біліміндегі «тіл-сөз» дихотомиясы. Тіл мен сөз функциялары

  79. Лингвоелтанудың негізгі ұғымдары

  80. Сөйлеу әрекетіндегі номинация теориясы

92 Қазіргі қазақ өлеңіндегі түр мен мазмұн

  1. Лирикадағы сюжет мәселесі

  2. Сөйлеу әрекетінің семантикалық аспектісі

  3. Номинативті деривация теориясы

  4. Қазақ тілінің ғылыми және танымдық моделдері

  5. Қазақ өлеңтануының тарихы

  6. Қазақ фразеологизмдерінің ұлттық мәдени аспектілері

  7. Қазіргі лингвистиканың ғылыми ұстанымдары

  8. Көркемдік әдіс және жазушы шығармашылығы

  9. Тарихи поэтика түрлері

  10. Қазақ әдебиетіндегі классицизм.

  11. Реалистік өнер және көркем шарттылық тәсілін қолданудың алуан жолдары мен тәсілдері

  12. Қазіргі әдебиеттану ғылымы мен әлеуметтік тарихи фактор құбылысы

  13. Әдебиеттанудағы философияның теорияларын қолданатын жаңа бағыттар

  14. Әдеби бағыттар мен ағымдар

  15. Әдебиеттану ғылымының эстетика, тарих, философия, тіл, мәдениеттану ғылымдармен байланысы

  16. Әдебиеттегі романтизм, сыншыл реализм көріністері

  17. Әлемдік феминистік әдебиеттанудың мәселелері

  18. Қазақ әдебиетіндегі натурализм

  19. Тақырып поэтикасы, эпиграф және сыртқы композицияның басқа элементтері, олардың көркемдік тұтастықты ұйымдастырудағы рөлі

  20. Қазақ әдебиетіндегі неоромантизм

  21. Әдебиеттанудағы мектептер мен бағыттар

  22. Көркем өнер түрлеріндегі шарттылықтың (сурет, мүсін, кино, театр т.б.) мәселесі

  23. Қазіргі әдебиеттанудағы постмодернизм бағыты

  24. Қазіргі қазақ поэзиясындағы түр мен мазмұн

  25. Шығармадағы автор, кейіпкер және оқырман мәселесі


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет