Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы



бет1/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Жұбаева монография


Жұбаева О.


ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ КОГНИТИВТІ ГРАММАТИКАСЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Ғылым комитеті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Ғылыми кеңесі ұсынған
Жауапты редактор:

Филология ғылымдарының докторы, профессор З.Қ.Ахметжанова


Пікір жазғандар:

филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Жанұзақ


филология ғылымдарының докторы, доцент Б.Сүйерқұл
О.Жұбаева Қазақ тілі когнитивті грамматикасы. – Алматы, 2014. ***бет.


Сөз басы


Бүгінгі таңда тіл біліміндегі антропоөзектік бағытқа сәйкес адам факторына ерекше мән беріліп отыр. Зерттеу парадигмасының антропоөзектік ұстанымы тілдің диалектикалық бірліктегі ең маңызды екі қызметін, атап айтқанда, танымдық (когнитивтік) және коммуникативтік қызметін терең ашуға бағытталады. Сол себепті ұлттық сананың тілдегі көрінісі, тілдің адамның ойлау жүйесі мен іс-әрекетіне ықпалы, адамның тілге әсері, тілдегі адам факторына ерекше мән берілуде.
Тілден тыс болмыс сөйлеушілердің тілінде бейнеленумен қатар, бір тілде сөйлесушілердің ойлау жүйесі де ортақ болады. Грамматикалық жүйедегі тілдік репрезентацияны антропоөзектік тұрғыдан сипаттау қазақ тілін үйренушілер үшін де ерекше маңызды. Себебі белгілі бір ұлттық ұжымда қалыптасқан тіл тұтынушының тілдік санасындағы грамматикалық құрылымнан әр тілдің өзіндік ерекшелігі, ұлттық дүниетанымы көрінеді.
Ғаламның тілдік бейнесін түзуде грамматикалық категориялардың өзіндік орны бар. Грамматикалық категориялардың қалыптасуында адам болмысы, көзқарасы, коммуникативті актіге қатысушылардың т.б. антропоөзекті сипатының объективті жағдаятқа қатысы байқалады. Соның нәтижесі ретінде грамматикалық категориялар түрлі формада тілдік бірліктер арқылы тұрпатталады. Оған негіз болатын грамматикалық қатынастар санада мазмұндалады, сол себепті морфологиялық категорияларды таным әрекетімен, концептуалдау және категориялау үдерістерімен тығыз байланыста қарастыру қажет. Тілді антропоөзектік тұрғыдан зерттеуде адам екі түрлі бағытта сипатталады: 1) адамның тілдегі көрінісі; 2) адамның тілді тұтынуы. Бірінші бағытқа сәйкес адамның дүниетанымы байқалады. Адамның соматикалық бейнесін концептуалдау нәтижесінде адамның физикалық қабілеті, зияткерлік (интеллектуалдық) қабілеті, эмоциясы, әлеуметтік «мен»-і көрінеді, адам сөйлеу-ойлау әрекетіне қатысушы тұлға ретінде көрінеді. Адамның тілдегі көрінісі негізінен лексика мен фразеологияда айқын көрініс тапқан, сондай-ақ грамматикалық категориялардан да оның өзіндік ерекшеліктерін байқауға болады. Ол үшін грамматикалық категорияларды жеке-дара, оқшау қарастырмай, коммуникация мен когниция талаптарын ескере отырып, тілді когнитивті жүйе ретінде тұтас қарастыру қажет. Екіншіден, тіл мен адамды өзара байланыста қарастыру нәтижесінде адам грамматикалық категорияларды танушы және атаушы субъект ретінде көрінеді, концептуалдаушы, коммуникативті діттеміне байланысты коммуникация әрекетіне енгізуші, тілді тұтынушы тұлға ретіндегі қызметі айқындалады. Бұл орайда тіл – қарым-қатынас құралы, әлемді тану құралы, білімнің шоғырлану құралы, білімді жеткізуші құрал ретінде көрінеді. Еңбекте қазақ тіліндегі морфологиялық категориялар концептуалды мазмұнды жеткізетін (репрезентациялайтын) құрал ретінде қарастырылған.
Сонымен қатар қазақ тіл білімінің қалыптасып, дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар элитарлық тұлға ретінде танылып, тіл білімінің қалыптасқан кезеңінен бүгінгі таңдағы еңбектер хронологиялық тұрғыдан сипатталды. Еңбекте жекелеген категориялардың танылу үрдісін, ұлттық тіл білімінің қалыптасу, даму ерекшелігін көрсетумен қатар әр кезеңде тіл білімі саласында еңбек еткен ғалымдардың бүгінгі таңдағы ғылым жетістіктерімен, жаңа бағыттармен сабақтастығын сипаттай келіп, қазақ тіл білімінің дамуындағы түрлі бағыттарды анықтау мақсаты да көзделген. Қазақ тілі грамматикалық категорияларын бұлайша сипаттау қалыптасқан тұжырымдарды жаңа қырынан қарастыруға жол ашады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет