"Бекітемін" "Келісемін"
Т.Шанов атындағы орта Директордың оқу ісі
мектебінің директоры: жөніндегі орынбасары:
______________ М.М.Купесов _______________ Ж.Б.Омаров
«____» ____________ 2024 ж. «____» ____________ 2024 ж.
5– сынып оқушыларына арналған
таңдау курсының бағдарламасы
2024 жыл
Жылтыр ауылы
Шалқар аудандық білім бөлімінің эксперттік комиссиясында қаралып, мектепішілік
қолдануға ұсынылды.
Хаттама № _____ «____» ______________ 2024 ж.
Аудандық эксперттік Аудандық әдістемелік құрылымдық
комиссия төрайымы: бөлімшесінің меңгерушісі: Құдайбергенов Ж.С
Дайындаған: Еденов Жолмұрат Құлекенұлы
Түсінік хат
Қазіргі ақпараттандыру технологиясының кең дамыған кезінде оқушылар үлкен ауқымды ақпараттарды тез қабылдап, сараптап, логикалық қорытындылар жасай білулері керек. Логикалық және жүйелі ойлауды қалыптастыруда шахматтың алатын орны зор. Ол оқушылардың аз уақытта ойларын шоғырландыруына, болған жағдаятты сараптауға және шешім шығаруға үйретеді және алдына қойған мақсатына жетуге, төзімділікке тәрбиелейді.
«Шахмат ақыл-ой спорты» таңдау курсы 1 – кластар үшін қосымша шахматтық білім беру курсы ретінде енгізіледі. Ол арқылы балалардың жалпы білім деңгейі арттырылады, ойлау қабілеті мен интеллектуалдық әлеуеті дамытылып және еркі тәрбиеленеді.
Таңдау курсы аптасына 2 сағаттан, жылына 66 сағатқа құрылған.
Курс сабағы екі негізгі түрін қамтиды:
1. Теориялық сабақ
2. Практикалық сабақ – ойындар
Шахмат – екі тұлғаның көрнекі түрде сайысу түрі. Ол бізге адамның шығармашылық дәрежесін анықтауға қажет. Шахмат - бір мезгілде оқытатын және ой – өрісін ұштайтын, әрі тәрбиелейтін, ойын. Ойын барысында тек қана ойлау деңгейі ғана емес, сонымен қатар, зейіні, еркі, ынтасы дамиды. Бұл курс теориялық сұрақтармен қатар, үш деңгейдегі логикаға сәйкес, шахмат ойынының практикасын қамтиды. Бастапқы деңгей (екінші топ) шахмат ойынының тарихын, шахмат әліппесін, шахмат тактикасын, психологиясын, этикасын, сонымен қатар жүйелі түрде балалардың жарыс, турнирлерге қатысуын қамтиды. Бірінші топ ойында салыстырмалы талдау әдісін меңгеріп, шахмат тастарын орналастыра білу, позициясын және комбинация негіздерін байланыстыра білу нәтижесінде білім деңгейін меңгеруге қол жеткізеді. Шахмат ойыны нәтижесінде шешімді зерттеуге, әр түрлі жүріс нұсқасын қайта – қайта таңдауға, өз бетімен есеп шығару қабілетін дамытуға, қорытындылауға үйренеді.
Мақсаты:
Жалпы шахмат мәдениеті негіздерін, шахмат ойнау тайталасында базалық техникалық дағдыларды пайдалана білетін жас шахматшыларды даярлау. Шахмат сабағы арқылы шығармашыл, дарынды жеке тұлға жетілдіруге жағдай жасау. Оқушылардың бос уақыттарын босқа өткізбей оларды шағармашылық ізденімпаздыққа, қиялын ояту арқылы ой еңбегіне тәрбиелеу.
Міндеті:
1. Оқушыларға практикалық ойын кезінде шахмат тактикасының элементтерімен және жүріс
түрлерін есептей білуге үйрету.
2. Оқушыларға бір дүркін шахмат ойнау барысында жүрістің жоспарлау әдісін, шахмат ойынының
стратегиялық негіздерін игерту.
3. Оқушыларды шахмат ойынында кездесетін және көбінесе өзінің бастапқы жүрісті құра білу
дағдысын (дебют) көрсете алатын негізгі стратегиялық және тактикалық білімге оқыту.
4. Шахмат ойнау мәдениеті негіздерін қалыптастыру.
5. Тұлғаның логикалық ойлауын, есте сақтауын, орнықтылығын жаңа басқа да жағымды
қасиеттерін жетілдіру;
6. Айналасына ұқыптылықпен қарау, жеке қасиеттерін жетілдіруге ұмтылдыру;
7. Өзін тәртіпке салуға, еріктілік қасиеттерін жетілдіруге және өзін өзі бағалай білуге тәрбиелеу;
Бұл бағдарламаны игеру барысында оқушылардың пәнді игеруімен қатар ұжымда жұмыстана білуі қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |