Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы. Күні: 10. 02. 16. Оқыту облысы



Дата17.07.2016
өлшемі27.34 Kb.
#205579
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.

Күні:10.02.16.

Оқыту облысы: «Таным».

Бөлім: «Құрастыру».

Тақырып: «Автобус».

Мақсаты: Екі бүктелген қағаз парағынан ойыншықтар құрастыруды, оларды қажет бөлшектермен: терезелер, есіктер, дөңгелектермен толықтыруды үйрету. Парақтарды қабырғалары мен бұрыштарын сәйкестендіре, бүктеу сызығын қадағалай отырып, бүктей білуді бекіту. Жазықтықа бағдарлай білуді, бөлшектерді біртегіс және симметриялы орналастыра білу дағдырларын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дидактикалық материал: көлік суреті. Қызғылт сары түсті картон, көгілдір түсті жолақ (терезе үшін), желім, қайшы, клеенка, жаққыш. Дайын бөлшектер – тысы бар дөңгелектер (картоннан).

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

1. Балалар, мына жұмбақ көліктің қай түрі туралы?

Керемет үй – көк ала,

Ақ терезе айнала.

Резеңке киген аяғы, бензин оның тамағы.

Балалардың жауабы.

Автобус.

Ұйымдастырушы – ізденушілік

2.Жақсы, еңді назарымызды мына суреттерге аударайық.

-Сендер суреттен не көріп тұрсындар?

-Сендер қандай көлікті танисыңдар?

-Қоғамдық көліктің түрлерін атаңдар?

-Автобус – бұл көліктің қоғамдық (жүргіншілерге арналған) түрі. Оның тікбұрыш пішіндес үлкен кең салоны және төрт дөңгелегі бар. Салонда жүргізушінің кәбеңкесі бар.

-Дөңгелектің пішіні қандай?

-Олардың түсі қандай?

3.Тәрбиешінің үлгісін қарап көру.
4.Саусақ гимнастикасы.

5.Орындау тәсілін көрсету.

1.Қағаз парағын жақтары мен бұрыштарын түйістіріп, бүктеу сызығын жасай отырып, екіге бүктейміз.



2.Салонның терезелері мен есіктерін жапсырамыз.

3.Автобустың екі жағынан екі дөңгелектен жапсырамыз.
6.Балалардың өз бетінше жұмыс істеуі.







Машиналарды, көліктерді.

Балалардың жауаптары.

Балалардың жауаптары.

Дөңгелек.

Олардың түсі қара.

Үлгімен танысады

Саусақ гимнастикасын орындайды

Балалар үлгімен танысады, түстерді айырады

Балалар өз бетінше жұмыс істейді.

Рефлексивтік – түзетушілік

7.Балалардың жұмыстарын көрмеге қою және қортындылау.

-Біз бүгін не құрастырдық?



-Бұл көліктің жеке түрі ме, әлде қоғамдық түрі ме?

-Жолаушыларды таситын көлік түрін тағы қалай атауға болады?

-Автобус қандай бөлшектерден тұрады?

-Автобусты кім жүргізеді?

-Сендерге жұмыстарын ұнадыма?







Автобусты құрастырдық.

Ол қоғамдық көлік.

Жолаушылар көлігі.

Салон, терезелер, есік, дөңгелектер.




Тәрбиеші: Мазанова Г.Т.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет