«бекітемін» «кмк мұнай» АҚ Президентті Ван Цзиньбао 2014 жыл



бет1/3
Дата02.07.2016
өлшемі1.16 Mb.
#172975
  1   2   3
«БЕКІТЕМІН»

«КМК Мұнай» АҚ Президентті

___________ Ван Цзиньбао

«____» __________2014 жыл

электронды сатып алулар жүйесі арқылы ТЖҚ сатып алу бойынша конкурстық баға ұсыныстарының бағаларын төмендетумен ашық конкурсқа қатысу және конкурстық өтінімдерді дайындау үшін әлеуетті жеткізушілерге ұсынылатын



КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА:

Лот №1 «Техникалық тапсырмаға сәйкес, PSM жүйесін қолданумен жер асты 
құбырларының техникалық жағдайын тексеру бойынша қызметтер».

Лот №2 «Техникалық тапсырмаға сәйкес, 2014 ж. қабат сулары және газ, 
мұнайды дайындаудың статистикалық құрал-жабдықтарын жөндеу-қалпына 
келтіру жұмыстары».

Ақтөбе қ.

2014 жыл

1.Тармақ. Конкурс мән-мағынасы

    1. Осы конкурстық құжаттама әлеуетті жеткізушілердің электрондық сатып алу жүйесінде ТЖҚ сатып алуда қатысуымен байланысты қойылатын талаптар мен шарттары туралы әлеуетті жеткізушілерді ақпараттандыруға арналған.

    2. Конкурстық құжаттама «Жер қойнаулары және жер қойнауларын пайдалану туралы» 24.06.2010 жылғы №291-V Қазақстан Республикасы заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) және 14 ақпан 2013 жылғы «Е-PROC электронды сатып алулар жүйесі» (бұдан әрі - жүйе) ақпараттық жүйе арқылы «Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу Ережелерін бекіту туралы» №134 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен»» сәйкес әзірленген және бекітілген.

    3. Электронды сатып алулар жүйесі арқылы ашық конкурс бойынша (бұдан әрі – Ашық конкурс) конкурстық баға ұсыныстарының бағаларын төмендетумен аталған қызметтерді сатып алуға Тапсырыс беруші «КМК Мұнай» АҚ болып табылады (заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Г.А.; Ақтөбе қ.; Әбілқайыр хан даңғылы, 42а.

    4. Сатып алу мән-мағынасы:

Лот №1 «Техникалық тапсырмаға сәйкес, PSM жүйесін қолданумен жер асты құбырларының техникалық жағдайын тексеру бойынша қызметтер».
Лот №2 «Техникалық тапсырмаға сәйкес, 2014 ж. қабат сулары және газ, мұнайды дайындаудың статистикалық құрал-жабдықтарын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары».

1.5.ӨСТ коды:

Код СКП: Лот №1 = 70.22.12.600 A

Код СКП: Лот №2 = 65.12.90.200 A

1.6. ТҚЖ көлемі мен өлшем бірлігі:

1 лот = Бір қызмет

2 лот = Бір жұмыс

1.7. Сатып алуға бөлінген сома:

Лот №1= 6 000 000,00 (Алты миллион) теңге 00 тиын ҚҚС есебінсіз

Лот №2= 4 000 000,00 (Төрт миллион) теңге 00 тиын ҚҚС есебінсіз

1.8. Әлеуетті жеткізуші сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер бағаларынан өзге конкурстық баға ұсынысына оларды тасымалдау мен сақтандыру шығындарын, кеден баж салықтары, салықтар және жинақтар төлемдерін, сондай-ақ тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, ҚҚС есебінсіз жағдайлармен көзделген өзге шығындарды енгізуге міндетті.

1.9. ТҚЖ көрсетілетін орны:

Лот №1: Ақтөбе облысы, Темір ауданы, "КМК Мұнай" АҚ өндірістік базасы.

Лот №2: Ақтөбе облысы, Темір ауданы, "КМК Мұнай" АҚ өндірістік базасы.

1.10. Қызметтер көрсетілетін мерзімі:



Лот №1: келісім-шартқа қол қойылған күннен бастап 31.12.2014 жылға дейін.

Лот №2: келісім-шартқа қол қойылған күннен бастап 31.12.2014 жылға дейін.

1.11. Саудаға қатысуға өтінімдер қабылдау мерзімі аяқталуына дейін бес жұмыс күнінен кеш емес мерзімде сатып алу бойынша конкурстық бағалық ұсыныстардың бағасын түсірумен ашық конкурс жүргізуден Тапсырыс беруші тарапынан бас тартуына жол беріледі.

1.12. Тапсырыс беруші сатып алып жатқан ТЖҚ қатысты Әлеуетті өнім берушілердің жергілікті құрам бойынша міндеттері құрайды:

Лот №1: - 100%;

Лот №2: - 75%;


  1. Тарау Төлемақының негізгі шарттары

2.1. Төлемдер аталған сатуп алу шарттары бойынша келесі тәртіпте жүзеге асырылатын болады:



Лот №1,2: Төлем көрсетілген қызмет бойынша орындалған жұмыс актісіне қол қойылғаннан бастап 45 (қырық бес) күнтізбелік күн ішінде Мердігердің ағымдағы шотына аударылу арқылы 100 % төленеді және есеп - фактурасына растаушы штамп қойылып, Екі жақтың орындалған жұмыс актісіне өкілетті өкілдерінің қол қойылуы арқылы Тапсырыс берушінің бухгалтериясына төленеді. Әр есеп - фактура мен орындалған жұмыс актісі орындалуға арналған геологиялық структура атауымен (кен орнындағы) аталуы керек.Көрсетілген ақпараты жоқ төлем құжаттары төлемге қабылданбайды.
3. Тармақ Конкурстық өтінімнің мазмұны және ұсынылуы


    1. Конкурстық өтінім ашық конкурсқа қатысуға үміттенген әлеуетті жеткізушінің ашық конкурста жеңімпаз ретінде танылған жағдайында, конкурс құжаттамасының талаптары және шарттарына сәйкес тауар жеткізуге келісімін білдіретінін көрсетеді.

    2. Ашық конкурсқа қатысуға келісімін білдірген әлеуетті жеткізуші тапсырушыға электронды сандық қол қойылған конкурстық өтінімді электрондық жүйеде конкурстық құжаттамада анықталған мерзімде тапсырыс берушіге ұсынады.

    3. Конкурс құжаттамасында көрсетілген әлеуетті жеткізушімен конкурс өтінімдерін немесе құжаттарын және (немесе) конкурс өтінімінің құрамды бөлігі болатын материалдарды, ұсынудың конкурс өтінімдерін қабыладу басталуына дейін және/немесе соңғы мерзімі аяқталуынан кейін ұсынуға жол берілмейді.

    4. Конкурс өтініміне қосымша берілетін құжаттардың сканерленген көшірмелері бар әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтіміні электрондық сандық қолмен қойылады және жүйеде орналастырылады.

    5. Жүргізілетін сатып алуда әлеуетті жеткізушінің қатысуына мына жағдайларда жол берілмейді:

  1. Жақын туыстары, жұбайы немесе осы әлеуетті өнім жеткізушінің басшылар иелері және/немесе осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілі өнім берушіні сайлау туралы шешім қабылдауға құқығына ие болып келеді немесе тапсырыс берушінің жұмыскері болып табылады;

  2. әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның жұмыскері жүргізілетін сатып алу дайындау бойынша кеңес беру және (немесе) өзге қызметтерді тапсырыс берушіге көрсетсе, жүргізілетін сатып алу мәні болып табылатын нысан құрылысына техникалық-экономикалық негіздемесін және (немесе) жобалық (жобалық-сметалық) құжатты әзірлеуде бас жобалаушы немесе қосалқы жобалаушы ретінде қатысса, жобалық (жобалық сметалық) құжаттаманы әзірлеу бойынша сатып алуда техникалық-экономикалық негіздеменің өңдеушісінің қатысуынан өзге;

  3. әлеуетті жеткізуші және (немесе) онымен тартылатын мердігердің (бірге орындаушының) қаржылық шаруашылық қызметі банкроттық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының әлеуетті өнім беруші – резидент емес мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрады.

3.6. Әлеуетті жеткізуші мен онымен байланысты тұлғаның бір ашық конкурсқа (лотта) қатысуна жол берілмейді, ондай тұлғалардың өткізіліп жатырған сатып алуда қатысуы тек қана заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі ретінде мүмкін.

3.7. Әлеуетті жеткізушіге келесі біліктілік талаптары қойылады:



  1. құқықтық қабілеттілігіне (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекеттілігіне (жеке тұлғалар үшін) ие болу;

  2. төлеуге қабілетті болып табылуы (конкурс құжаттамасында тиісті талап болуы кезінде);

  3. жойылу немесе банкроттық процедурасына жатпау (әлеуетті өнім берушіге кепіл хат ұсынылады).

3.8. Әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімі келесіні қамтиды:

  1. бірінші басшы немесе әлеуетті өнім берушінің уәкілетті тұлғасының әрекет ету мерзімін көрсетумен ашық конкурсқа қатысуға қол қойылған электронды сандық қолы;

  2. құқықтық қабілеттілігіне (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекеттілігіне (жеке тұлғалар үшін) растайтын сканерленген құжаттар көшірмелері.

2.1. Жеке тұлғамен жеке немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі –БСН)көрсетуімен жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде құжат көшірмесінің түпнұсқадан сканерленгенқұжат көшірмесі, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетуімен жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың сканерленген көшірмесі (бұдан әрі – ЖСН) ұсынылады. Қазақстан Республикасының резиденті еместерден тұлғасын куәландыратын құжаттың сканерленген көшірмесі ұсынылады;

2.2. Заңды тұлғаммен келесі құжаттар ұсынылады:

2.2.1) сканерленген жарғы көшірмесі;

2.2.2) БСН көрсетумен заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркелуі) туралы сканерленген куәлік көшірмесі, егер заңды тұлға Қазақстан Республикасының анықталған азаматтық заңнамасымен тәртіпте бекітілген Типтік жарғы негізінде қызметін жүргізетін жағдайда, онда мемлекеттік тіркеу туралы арыздың сканерленген көшірмесі ұсынылады;

2.2.3) Құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер бар құрылтайшы құжаттардан үзінділердің сканерленген көшірмесі не болмаса конкурс өтінімдерін ашу күні алдынан бір ай ерте емес берілген акциялар ұстаушылар реестріне үзіндінің сканерленген көшірмесі;

2.2.4) сканерленген құжаттар көшірмелері (лицензия, патент, куәлік) немесе сатып алынатын тауарлардың өндірісі, қайта өңдеуі, жеткізілуі және асырылуына, жұмыстар орындалуы және қызметтер көрсетілуіне әлеуетті өнім беруші құқығын растайтын құжаттар көшірмелері;

2.2.5.) сканерленген сертификат көшірмелері, егер сатып алу мәні адамдар өмірі, денсаулығы үшін қауіпсіздікті, сертификаттау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес азаматтар мүлкі және қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарт немесе өзге нормативтік құжат талаптарға сәйкестігіне міндетті сертификаттауға жататын жағдайда;

2.2.6. заңды тұлғаның орындаушы органын тағайындау туралы Қатысушының скандалған Шешімі, Орындаушы органды тағайындау туралы Бұйрық.

3) төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар:

3.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасымен бекітілген екінші деңгейдегі банктерде және ипотекалық ұйымдарда бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарына сәйкес банк немесе банк филиалы алдында анықтама берілу күні алдындағы үш айдан артық ұзартылған әлеуетті өнім берушінің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімінен өткен қарыз болмау туралы әлеуетті өнім беруші қызмет етілетін, қолы және мөрі бар банк немесе банк филиалының анықтама сканерленген көшірмесі (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі немесе

филиалдардың бірнеше банктердің, сондай-ақ шетел банкісінің клиенті болып табылатын жағдайда осы анықтама осындай банктердің әрқайсысына беріледі).

Анықтама конкурс өтінімдерін ашу күні өткен күннің бір айынан ерте емес берілуі тиіс.

3.2. Бірінші басшымен немесе оны ауыстыратын тұлғамен қол қойылған және заңды тұлға мөрімен бекітілген соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік баланс сканерленген көшірмесі .

Егер конкурс өтінімдерін ашу ағымды жылдың 30 сәуіріне дейін мерзімінде болған жағдайында бірінші басшымен немесе оны ауыстыратын тұлғамен қол қойылған және заңды тұлға мөрімен бекітілген соңғы қаржылық жыл алдындағы қаржылық жылы үшін бухгалтерлік баланстың сканерленген көшірмесін әлеуетті өнім берушімен ұсынуына жол беріледі.

3.3. Үш айдан артық міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша қарызы және салық қарызы болмауы туралы (бюджетке салық және басқа міндетті төлемақылар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес төлемақы мерзімі кейінге шегерілген кездегі жағдайлардан өзгесі) немесе салық қарызы болуы туралы және конкурстық өтінімдермен конвертті ашу күні алдындағы бір айдан ерте емес берілген бір теңгеден кем емес міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша қарыздар болуы туралы тиісті салық органының белгілерген формасындағы анықтаманың сканерленген көшірмесі


    1. ҚҚС бойынша төлеушіні есепке қою туралы куәліктің түпнұсқасынан сканерленген көшірмесі (болған жағдайда).

  1. қызметтік, техникалық, сапалы және пайдалану сипаттамалары суреттелген техникалық өзгешелік, сондай-ақ осы талаптарға жұмыстадың сәйкестігін растайтын құжаттар тізімі (№№3,4 қосымшалар);

5) әр лот бойынша бөлек конкурс өтінімін қамтамасыз етудің енгізілуін растайтын құжат сканерленген көшірмесі;

6) әлеуетті өнім беруші мүддесін ұсынатын тұлғаға (тұлғаларға) сенімхат, әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысынан өзгесі;

7) Әр лотқа қатысты жергілікті құрам бойынша міндеттемелер

8) №2 лот боыйнша: Мердігердің жер қойнауын пайдалану операцияларымен байланысты бөлек жұмыстарды Шарт бойынша орындау барысында Ережелерді сақтау міндеттемелері;

9) осы конкурс құжаттамасында «Конкурс өтінімінің мазмұны және ұсынылуы» 3 бабының 3.7 тармағында көзделген біліктілік талаптарына әлеуетті өнім берушінің мердігерлер (бірге орындаушылар) сәйкестігін растайтын құжаттар;

10) осы конкурс құжаттамасында «Конкурс өтінімінің мазмұны және ұсынылуы» 3 бабының 3.7. тармағында көрсетілген өткізілетін ашық конкурста қатысуға тыйым салатын негіздемелер болмау туралы әлеуетті жеткізушіні кепілхаты;

3.9. Егер әлеуетті өнім беруші – Қазақстан Республикасының резиденті емес болса, оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасы резиденттері сияқты құжаттар ұсынылады немесе конкурс құжаттамасының тіліне аударуымен нотариустың куәландырылуымен әлеуетті өнім беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес туралы ұқсас мәліметтері бар құжаттары ұсынылады.

3.10. Сатып алуларда заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері (консорциум) қатысса, оған қатысушылар өздерінің біліктілікке қойылатын талаптарға сай келетінін растайтын құжаттардан басқа келесіні береді:

- Бірлестікке (консорциумға), кіретін заңды тұлғалардың уәкілетті өкілдері қол қойған және осы заңды тұлғалар ұйымдарының мөрлерімен бекітілген ортақ шаруашылық әрекет туралы Шарттың скандалған көшірмесі;

- Егер Қазақстан Республикасы қолданудағы заңнамасына сай әлеуетті жеткізушінің бұндай әрекеті лицензиялауға жататын болса, ортақ шаруашылық әрекет туралы Шарттымен қарастырылған тауарды сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету құқығын беретін консорциумның бір немесе бірнеше қатысушылардың тиісті лицензияларының скандалған көшірмесі.

3.11. Шартты бағаны есептеу үшін Әлеуетті өнім берушілер осы конкурс құжаттамасымен көзделген құжаттардан басқа келесіні ұсынады:

- егер әлеуетті өнім беруші ашық конкурс сатып алу мәні ретінде болып табылатын тауарлардың қазақстандық өндірушісі ретінде болып табылған жағдайда, Қазақстан Республикасы аумағында шығуын растайтын ішкі айналым үшін тауар шығуы туралы сертификаттың сканерленген көшірмесі;;

3.12. Конкурс өтінімдердің әрекет ету мерзімі аяқталуына дейін уақыттың қосымша кезеңіне мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілерге тапсырыс берушімен сұранысты жолдауға жол беріледі. Әлеуетті өнім берушінің сұранысты қабылдамау жағдайында, соңғысы оның конкс өтінімі әрекетінің ұзартылмаған мерзім ішінде өткізілетін ашық конкурсқа қатысуға құқығын жоғалтпайды.

3.13. Конкурстық өтінім жүйеде әлеуетті өнім берушімен конкурс құжаттамасында көрсетілген ұсыныстың соңғы мерзімі аяқталуына дейін ұсынылады.

3.14. Конкурс өтінімін әлеуетті жеткізушімен ұсыну дерегі автоматты түрде жүйеде тіркеледі..

3.15. Конкурс өтінімдерін ұсыну мерзімі аяқталуынан кеш емес әлеуетті жеткізуші тарапынан жол берілетіні:



  1. конкурс өтінімін өзгертуге және (немесе) толықтыруға;

  2. конкурс өтінімін онымен енгізілген қамтамасыз етілуін қайтаруға құқығын жоғалтпай өз конкурс өтінім қайтарып алуға.

3.16. Енгізуге жол берілмейді:

1) әлеуетті жеткізушімен бір лотқа бір конкурс өтінімінен артық;

2) әлеуетті өнім берушімен конкурс өтінімдерін ұсынудың соңғы мерзімі аяқталуынан кейін конкурс өтінімдерін өзгертуі және (немесе) толықтыруы және қайтарып алуы.

3.17. Конкурстық баға ұсыныстарының бағалар төмендеуімен ашық конкурс әдісімен сатып алудың бірнеше лоттарында әлеуетті өнім берушінің қатысу жағдайында, осы конкурс құжаттамасында «Конкурс өтінімінің мазмұны және ұсынылуы» бабының 5 тармағы 1), 4), 5), 6), 7), 8) тармақтарымен көзделген құжаттар – сатып алудың әр лоты үшін бөлек ұсынылады.

3.18. Әлеуетті өнім беруші ашық конкурс әдісімен сатып алуға қатысуымен байланысты барлық шығындарға жауап береді. Тапсырыс беруші сатып алу қорытындыларына қарамастан осы шығындарды өтеу бойынша міндеттемелерге жауап бермейді, ашық конкурс әдісімен қандай да бір тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алуларды жүргізуден тапсырыс берушімен бас тарту жағдайынан өзге.

3.19. Байқау өтініштерін ұсынудың басталу уақыты сағат 15:00 (Астана уақытымен) 2014 ж. 27 маусым, және байқау өтініштерін ұсынудың аяқталу уақыты 2014 ж. 28 шілде сағат 15:00-де (Астана уақыты).

3.20. Байқау өтініш әрекетінің мерзімі Конкурстық баға ұсыныстары ашылғаннан соң 45 (қырық бес) күнтізбелік күннен кем болмауы тиіс.

3.21. Байқау өтініштерін ашу күні және уақыты: 28 шілде сағат 15:00-де (Астана уақыты).

3.22. Әлеуетті өнім берушінің тапсырушыға жүйеде оны орналастыру арқылы конкурс құжаттамасының ережелерін түсіндіру туралы сұранысымен жүгінуіне жол беріледі, бірақ конкурс өтінімдерін ұсынудағы соңғы мерзімі аяқталуына дейін 10 (он) күнтізбелік күнінен кеш емес. Тапсырыс беруші сұраныс тіркелу күнінен 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұраныс кімнен түскенін көрсетуінсіз жүйеде оны орналастыру арқылы конкурс құжаттамасын алған барлық әлеуетті өнім берушілерге түсіндірмені жолдайды.

3.23. Тапсырыс берушімен конкурс құжаттамасына сатып алу мәнінен басқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол беріледі. Конкурс құжаттамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге конкурс өтінімдерін ұсынудың соңғы мерзімінің аяқталуына дейін 5 (бес) күнтізбелік күннен кеш емес уақытта жол беріледі. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде конкурс құжаттамасы тапсырыс берушімен қайта бекітуге жатады және конкурс өтінімдерін ұсынудың соңғы мерзімі тапсырыс берушімен конкурс өтінімдерінде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілермен есепке алу үшін 10 (он) күнтізбелік күннен кем емес мерзімге ұзартылады.

3.24. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу күнінен 1 (бір) күнтізбелік күнінен кеш емес енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар есебінен конкурс құжаттамасының көшірмесі тапсырыс берушімен оны жүйеде орналастыру арқылы барлық әлеуетті жеткізушілерге ұсынылады.

3.25. Конкурс өтінімін ұсыну мерзімдерінің ұзартылуы туралы ақпарат жүйеде орналастырылады.

3.26. Конкурс өтінімдерін ұсынудың соңғы мерзімін ұзарту үшін негіздеме ретінде конкурс құжаттамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу болып табылады.

3.27. Осы тармақпен сәйкес сатып алу мәніне өзгерістер енгізумен, осы тауарлар, жұмыстар және қызметтердің сатып алуларын жүзеге асырудан тапсырыс берушінің бас тартуымен байланысты ашық конкурс әдісімен сатып алу мәні ретінде болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтерде кейбір оттардың алынып тасталуы танылмайды.

3.28. Әлеуетті жеткізушілердің хабарласуына арналған электрон поштасы мен телефон нөмірлері

3.29. Ашық конкурс дайындау және өткізуге жауапты тұлға

Максакова И.Р. 8(7132)955-760, (kmkmunay@mail.ru).


  1. Тарау Конкурс өтінімін қамтамасыз ету




    1. Әлеуетті жеткізушілер әр лот бойынша бөлек жұмыстардың осы түрін сатып алу үшін конкурс құжаттамасымен көзделген сомадан бір пайыз көлемінде конкурс өтінімін қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.

    1. Әлеуетті өнім берушімен конкурс өтінімін қамтамасыз етуді келесі түрлерімен беруіне болады:

  1. Тапсырыс берушінің банк шотына енгізілетін кепіл ақшалай жарнасы;

  2. Осы конкурстық құжаттаманың №1 Қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі бір немесе бірнеше банктердің банктік кепілдігі

    1. Банк реквизиттері:

«КМК Мунай» АҚ

СТН 060100210027

Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан даңғылы, 42а

е/ш KZ139130600292210KZT

«Қазақстандағы Қытай банкі» ЕБ АҚ-да,Ақтөбе қ.

БСК BKCHKZKA

«КМК Мунай» АҚ соңғы мемлекеттік тіркеу (қайта тіркелу) күні және нөмірі: №2242-1904-01-АО, 29.03.2010 жылғы.

БСН 040440000209



    1. Егер енгізілетін қамтамасыз ету түрі ретінде кепіл ақшалай жарна болып табылса, шарт бойынша міндеттемелерді толық орындауға дейін жеткізуші тарапынан Үшінші тұлғалардың тұтасымен немесе енгізілген кепіл ақшалай жарнасының бөлігін талап ету құқығы туындауына келтіретін әрекеттерді жасауына жол берілмейді.

    2. Тапсырыс берушімен шарт бойынша міндеттемелерді толық орындауға дейін өнім берушімен енгізілген кепіл ақшалай жарнаны пайдалануға жол берілмейді.

    3. Конкурс өтінімін қамтамасыз етуді енгізу туралы талап мүгедектердің қоғамдық ұйымдарына таралмайды.

    4. Конкурс өтінімін қамтамасыз ету тапсырыс берушімен келесі жағдайларының бірі басталуы кезінде қайтарылмайды:

  1. «әлеуетті өнім беруші конкурс өтінімін конкурс өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі аяқталуынан кейін қайтарып алса;

  2. ашық конкурс жеңімпазы ретінде анықталған әлеуетті өнім беруші сатып алулар туралы шарт жасалудан жалтарса;

  3. ашық конкурс жеңіпазы сатып алулар туралы шартты жасап, сатып алулар туралы шарт орындалуы қамтамасыз етуін енгізу туралы конкурс құжаттамасымен қабылданған талаптарды орындамаса, егер оның енгізілуі конкурс құжаттамасымен көзделген жағдайда.

    1. Конкурс құжаттамасының осы Тармақтың 4.7 тармақшасымен көзделген жағдайлардан біреуі басталған кезде конкурс өтінімін қамтамасыз ету сомасы тапсырыс беруші кірісіне есептеледі.

    2. Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіге онымен конкурс өтінімі қамтамасыз етілуін келесі жағдайлар басталу күнінен 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарады:

  1. Конкурс өтінімдерін ұсынудағы соңғы мерзімі аяқталуына дейін осы әлеуетті жеткізушімен өз конкурс өтінімін қайтаруы;

  2. Ашық конкурсқа қатысуға тапсырыс берушімен жіберілу хаттамасына қол қоюы. Осы тармақша ашық конкурс қатысушылары ретінде танылған әлеуетті жеткізушілерге таралмайды.

  3. Ашық конкурс әдісімен сатып алу қорытындыларын жүргізу хаттамасына тапсырыс берушімен қол қоюы. Осы тармақша ашық конкурс жеңімпазымен анықталған ашық конкурс қатысушысына таралмайды.

  4. Сатып алулар туралы шарт орындалу қамтамасыз етудегі ашық конкурс жеңімпазымен сатып алулар және енгізу туралы шарттың өз күшіне енуі, егер оны енгізу конкурс құжаттамасында көзделген жағдайда;

  5. әлеуетті жеткізушінің конкурс өтінімінің әрекет ету мерзімі аяқталуы.


5. Тарау Конкурс өтінімдерін ашу

5.1. Автоматты түзімде конкурс өтінімін ұсыну дерегі келесі мәліметтерді көрсетумен жүйеде тіркеледі:



  1. ашық конкурс мәні (лоттар атауы және нөмірлері, егер ашық конкурс мәніне бірнеше лоттар кіретін жағдайда);

  2. әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан мекен жайы (заңды тұлғалар үшін) немесе аты-жөні және орналасқан жері(жеке тұлғалар үшін);

  3. әлеуетті өнім берушінің конкурс өтінімін ұсыну күні және уақыты;

  4. әлеуетті өнім берушімен конкурс өтінімін қайтарып алу күні және уақыты.

5.2. Жүйеде конкурстық құжаттамасында көрсетілген ұсынудың соңғы мерзімі аяқталуынан кейін берілген әлеуетті жеткізушілердің конкурс өтінімдері орналастырылмайды.

5.3. Электронды сандық қолмен қойылған әлеуетті жеткізушілердің конкурс өтінімдерін ашу конкурс құжаттамасымен анықталған мерзімде автоматты түрде жүйеде жүргізіледі.

5.4. Конкурс өтінімдерін ашу хаттамасы жүйеде қалыптасады, тапсырыс берушінің электронды сандық қолымен қойылады, конкурс өтінімдерін ашу күнінен келесі 2(екі) жұмыс күнінен кеш емес жүйеде ақпаратты қалыптастыруда және орналастыруға уәкілетті тапсырыс беруші тұлғамен жүйеде орналастырылады.

5.5. Жүйемен қалыптасқан конкурс өтінімдерін ашу хаттамасының қағаз данасы төрағасы және (немесе) төраға орынбасарымен, хатшысы және конкурс комиссиясы мүшелерімен конкурс өтінімдерін ашу күніне барлық қатысушыларымен қол қойылады.

5.6. Әлеуетті өнім берушінің тиісті жазбаша сұранысы бойынша 3 (үш) жұмыс күн ішінде конкурс өтінімдерін ашу хаттамасының көшірмесі жіберіледі.

5.7. жүйеде қалыптасатын конкурс өтінімдерін ашу хаттамасында келесі мәліметтер көрсетіледі:



  1. әкімшілік-аумақтық нысандар жіктеуішіне сәйкес тапсырыс берушінің атауы және орналасқан жері;

  2. конкурс өтінімдерін ашу күні, уақыты;

  3. конкурс комиссиясының құрамы;

  4. ашық конкурс мәні (лоттар атауы және нөмірлері, егер ашық конкурс мәніне бірнеше лоттар кірген жағдайда);

  5. конкурс құжаттамасын алған әлеуетті өнім берушілердің атауы және орналасқан мекен жайы (заңды тұлғалар үшін) немесе аты жөні және орналасқан жері (жеке тұлғалар үшін);

  6. өлшем бірлігі және шоттың мемлекет аралық жіктеуішіне сәйкес өлшем бірлігі, суреттемесі, сатып алынатын тауарлар мөлшері немесе әрбір лот бойынша орындалатын жұмыс немесе көрсетілетін қызмет көлемі;

  7. конкурс құжаттамасының өзгерістерін және (немесе) түсіндірмелерінің қысқаша суреттемесі (егер ондай болған жағдайда);

  8. конкурс өтінімдерін ұсыну күні және уақытын көрсетуімен конкурс өтінімдерін берген әлеуетті өнім берушілердің атауы (заңды тұлғалар үшін) немесе аты жөні (жеке тұлғалар үшін);

  9. өз конкурс өтінімін қайтарып алған әлеуетті өнім берушілердің атауы (заңды тұлғалар үшін) немесе аты жөні (жеке тұлғалар үшін);

  10. әлеуетті өнім берушідің конкурс өтінімдерін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы мәліметтер

  11. әрбір лот бойынша бөлек әлеуетті өнім берушілердің ашылған конкурс өтінімдерінің мазмұны туралы ақпарат;

  12. сатып алу жүргізілетін шеңберіндегі жер қойнауын пайдалану туралы келісім шарттың нөмірі (нөмірлері).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет