Бекітемін: Күні



бет1/4
Дата18.05.2022
өлшемі25.6 Kb.
#457097
түріСабақ
  1   2   3   4
ҚАУІПСІЗ ИНТЕРНЕТ


Бекітемін:----------------------
Күні: 11.04.2022жыл
Сыныбы: 7 «Б» сыныбы
Сынып жетекші: Л.Сапаржанова
Тақырыбы: Интернет желісіндегі қауіпсіздік шаралары
Мақсаты: оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру, интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру:
Сабақ түрі: пікірталас
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Бүгінгі сабақ мақсатымен таныстыру,
ІІ. Негізгі бөлім.
Мұғалім сөзі: Жылдың 11 ақпанында 100 ден астам елде Бүкіл әлемдік Қауіпсіз Интернет күнін атап өтеді. Осынау дәстүр 2004 жылдан бастау алды. Қазір Назарбаев Университетінде алғаш рет осы маңызды маселелермен байланысты іс-шаралар өткізілді.
ІІІ. Сұрақ- жауап бөлімі:

  • Әлеуметтік желі зиян ба, пайдалы ма? Бұл желілер не үшін керек болды? Мүмкін шығарушы елдер бөтен мемлекеттердің ішкі-сырты құпияларын ұрламақ болды ма?




  • Негізінде әлеуметтік желіні «әлеуметтік медия» деп те атайды екен. Бұл –адамдардың бір-бірімен ғаламтор арқылы өзара байланысын қамтамсыз ететін интернет сайт. Яғни жалпыға ортақ сөзбен айтар болсақ, әлеуметтік желі бұл – адамдар мен олардың бір-бірімен қарым-қатынасы.

  • Әлеуметтік желі деген не?

  • Әлеуметтік желі – бұл тек адамдарды бір-бірімен байланыстыратын вебсайт қана емес, сонымен қатар өз айналасындағы адамдардың тағыда кімдермен байланыс таныс екенін білудің, сондай-ақ, сол арқылы өз таныс-білістігіңді арттырудың жолы. Демек, әлеуметтік – халық, адамдар, топ болса, желі –байланыс, қарым-қатынас. Енді осы жерде «желі» сөзі – интернеттегі сайт болса, «әлеумет» – бұл сол сайттың тұтынушылары, яғни сіз бен біз.

  • Әлеуметтік желі не үшін керек?

  • Әрине, селбесіп, араласып-құраласып өмір сүру үшін. Адам баласының табиғатында бір қасиет болса керек, біз мысалы, өзгелермен сөйлесуді, бейтаныс адамдармен танысқанды, белгілі бір тақырыпта пікір алмасқанды, үйге қонақ келгенде фото-альбомдарымызды көрсеткенді жақсы көреміз. Ал, шынайы өмірде біз мұндай әрекетті тек реті келгенде ғана жасасақ, қазіргі ақпараттық технология, әсіресе интернеттің қарыштап дамыған заманында бұл оңайлана түсті. Өйткені, біздің ұғымымызда «әлеуметтік желі», яғни «адамдардың бір-бірімен виртуалды байланыс» деген түсінік пайда болды. Демек, сіз өзіңіздің дәл қазіргі көңіл күйіңіз қандай екенін жұртқа айту үшін немесе кешегі түнде болған досыңыздың тойындағы суретті өзгелерге көрсету үшін һәм өзіңіз сүйіп тыңдайтын әншінің шығармашылығы туралы достарыңызбен еркін бөлісе аласыз. Осылайша, сіз әлеуметтік желінің мызғымас бір бөлігіне айналасыз. Тоқетері, әлеуметтік желі адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы үшін керек.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет