Бекітемін:
Мектеп:
|
№275 орта мектеп
|
Мұғалім
|
Смагулова Г.
|
Күні:
|
23.10.2023
|
Сынып: 4 «Б»
|
Қатысушылар
|
Қатыспағандар саны
|
Сабақ тақырыбы:
|
Қыран елім-Қазақстан
|
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушылардың Қазақстан Республикасының қалыптасу жолы туралы білімдерін байыту.
Қазақстан Республикасының өткені мен бүгіні туралы түсініктерін қалыптастыру.
Ел тарихына деген қызығушылықтарын дамыту.
Азаматтық, отансүйгіштік, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.
|
Сабақтың формасы
|
Тәрбие сағаты, дөңгелек үстел
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Шаттық шеңбері
Шеңберге біз тұрамыз
Керегені құрамыз
Уық болып иіліп
Достық үйін құрамыз
Енді бүгінгі тәрбие сағатымызда бір-бімізге сәттілік тілеп жіберейік!
Бүгінгі сабаққа барынша белсенді қатыс.
Саған бүгінгі күніне сәттілік тілеймін.
Бүгінгі күнің қызықты өтсің.
Саған бүгінгі сабақ түсінікті болсын.
Сабақта жақсы баға ал
Тақырыпты ашу
-Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?
(ҚР)
-Бізге қандай мереке келе жатыр?
(Республика күні)
- Республика күні қай жылы қабылданды?
( 1990 жылы 25 қазанда)
Бейнежазба!
-тәрбие сағатымыз қандай тақырыпта болмақ?
Жарайсыңдар!
Ендеше, бүгінгі «Қазақстан-Республикам менің» атты бастауыштың апталығының аясында өткелі жатқын «Қыран елім-Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатымызға келген ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар қош келдіңіздер!
Тәрбие сағатымыздың мақсаты:
Оқушылардың Қазақстан Республикасының қалыптасу жолы туралы білімдерін байыту.
Қазақстан Республикасының өткені мен бүгіні туралы түсініктерін қалыптастыру.
Ел тарихына деген қызығушылықтарын дамыту.
Азаматтық, отансүйгіштік, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.
|
Шаттық шеңберін құрады.
Бір-біріне сәттілік тілейді.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Тақырыпты ашады.
Тәрбие сағаттың мақсаттарымен танысады
|
ҚБ
Мадақтау, қолдау
ҚБ
Мадақтау, қолдау
ҚБ
Мадақтау, қолдау
|
Слайд
Бейнежаз
ба
Слайд
|
Сабақтың ортасы
20 минут
|
Отанымыз жайлы білімізді шыңдау үшін бір ойын ойнап жіберейік.
Ойынды «Додэкаэдр» әдісі арқылы ойнаймыз. Шарды ұстап алған оқушы шардағы сұрақты оқып жауап беруі керек.
1.Қазақстанның Тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет?
-Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады.
2.ҚР-да ұлттық валюта-теңге қашан айналымға енген енді?
-1993 жылы 12 қарашада «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығы шықты.
3. «Тәуелсіздік» дегенде ойыңызғы алғаш не келеді?
-Бостандық, егемендік, бақыт, еркіндік, азаттық, достық
4.ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі қашан жарияланды?
-1991 жылы 16 желтоқсан күні
5.Қазақстан қашан БҰҰ-на мүше болып қабылданды?
- 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ-ның мүшесі болып қабылданды.
6.ҚР-ның туының авторы кім?
-ҚР мемлекеттік туының авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.
7.ҚР-ның мемлекеттік әнұраны қашан қабылданды?
-Қазақстанның гимні 2006 жылы 6 қаңтарда бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда орындалды. Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
8.Елтаңбадағы шаңырақ нені білдіреді?
-Шаңырақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының негізі болып табылады. Ол - елтаңбаның жүрегі. Ол ошақ, әлемнің бүтіндігін сипаттайды. Шаңырақ – отбасыны, жанұяны білдіреді.
9.Мемлекеттік рәміздерді ата?
-Мемлекеттік рәміздер- ту, елтаңба, әнұран
10. Астанамыз Астанаға қай жылы көшірілді?
-Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты.
11.ҚР-ның жер көлемі қанша?
-Қазақстанның жер көлемі 2.725.000 шаршы шақырым. Қазақстан әлемде жер көлемі бойынша 9-орын алады.
Жарайсыңдар!
|
Достарыңызбен бөлісу: |