I.Бөлім. Логикалық есептер
1 -сыныпқа арналған логикалық есептер
1.1. Зообақтағы пони 3 ересек адамды немесе 6 баланы тарта алады. Пони әкесі мен анасы және ұлы мен қызы бар отбасыны тарта ала ма?
Жауабы: Болады. Ұлы мен қызы бір ересекті алмастырады.
2. Бақа-ана мен бақа-қыз кезектесіп шыбын аулап отыр: анасы бір шыбын, қызы бір шыбын, ансы бір шыбын, қызы бір шыбын т.с.с. Анасы мен қызының қайсысы көп шыбын аулайды?
Жауабы: Егер шыбындар 3,5,7,9,..., болса, онда анасы көп аулайды (1шыбын артық), Егер шыбындар саны 2,4,6,8,..., болса, онда екеуі бірдей шыбын аулайды.
3. Жарты қаздың салмағы 3 кг, ал тұтас қаздың салмағы қанша?
Жауабы: Жартысы 3 кг, онда тұтасы 6 кг болады.
4. Қағаз бетіндегі шаршылар мен дөңгелектердің саны 4-ке тең. Егер біріншісі екіншісінен 2-уі артық болса, онда қағаз бетінде неше шаршы, неше дөңгелек бар?
Жауабы: 3 шаршы және 1 дөңгелек.
5. Үстел үстінде үш түсті шарлар жатыр. Егер қызыл мен көк шарларды санасақ – 3 шар болады, егер қызыл мен жасыл шарларды санасақ – 4 шар болады, егер көк және жасыл шарларды санасақ – 5 шар болады. Үстел үстінде әр түсті шардан қанша жатыр?
Жауабы: 1 қызыл, 2 көк, 3 жасыл шарлар бар. Қызыл мен көк шарлар үшеу болса, онда 2 қызыл, 1 көк не 2 көк, 1 қызыл.Қызыл мен жасыл шарлар көк пен жасыл шарлардан кем(1), онда қызыл (1), жасыл (2). Бұдан кейін көк шарлар санын анықтаймыз.
6. Футбол ойнағанда бөтен қақпаға Еркебұлан 7 доп соқты. Ойын 10:6 есебімен аяқталса, онда Еркебұлан ойнаған команда жеңді ме, жеңілді ме?
Жауабы: Жалғыз Еркебұлан өзі 7 доп соқса, онда команда 6 доп соғуы мүмкін емес. Сондықтан Еркебұлан командасы жеңді.
7. 1 Дәу тоғыз қабатты үйдің екінші қабатында тұрды. Бір күні ол жоғарғы қабатта тұрғысы келді де, үйді аударып қойды. Енді дәудің пәтері қай қабатта?
Достарыңызбен бөлісу: |